Табиғатпен үндескен сыбызғы 2 сынып

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндескен сыбызғы.

Сабақтың мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.

Білімділік мәні : Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы:Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра

Актуалдау:

Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра аспаптарымен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- сыбызғымен танысамыз.

Жаңа сабақ: Табиғатпен үндескен сыбызғы.

Табиғатқа үнсіздікпен құлақ түрсең, түрлі дыбысты, әуен сазды ести аласың.Ертеде бір адам көл жағалауымен келе жатса, бір дыбысты естиді. Көл жағалауында қамыстан желдің тербеуімен шығып тұрады. Қамысты үрлеп көрсе, әдемі дыбыс шығады. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атайды. Қамыс тез сынғыш болып келгендіктен оның сыртын қойдың ішегімен қаптап қоятын болған.

Сыбызғы тәріздес музыкалық аспаптар көптеген халықтарда бар. Қырғыздар да шоор, башқұрттарда қурай деп атайды.

Тастауық - қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Бұл аспап саздан құс-аң бейнесінде жасалады. 1-3 саңылау тесігі болады. Саздан жасалған аспап балалар үшін ермек,ойыншық ретінде пайдаланылған. Бұл аспап боран мен желдің,аң-құстардың даусын жақсы салады.

Мүйізсырнай - үрмелі музыкалық аспап. Ол кәдімгі малдың мүйізінен жасалады. Үш тесігі болады. Сырнайды үрлегенде сыңсымалы музыкалық дыбыс шығарады. Бұл аспапты жолаушылар бір-біріне хабар беруге пайдаланған.

Зурна - әзірбайжан мен армиян халықтарының үрмелі музыкалық аспабы. Бұл аспапты ел билеушілер бұрынғы кезде жарлығын жеткізуге халықты жинау үшін пайдаланған.

Месқобыз - қазақтың көне музыкалық үрмелі аспабы. Аспап иленген мал терісінен жасалған. Сырт көрінісі қымыз құятын меске ұқсайды. Аузын бекітетін тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі бар. Мойынға алып жүріп ойнайды. Салмағы өте жеңіл.

Волынка - Еуропа және Азия құрылымында мекендейтін көптеген ұлттардың музыкалық аспабы. Көбіне діни әуендер ойналады.

Чопо чоор - қырғыз халқының үрмелі аспабы. Сопақша келген үлкендігі қаздың жұмыртқасындай. Сапалы саз балшықтан жасалған. Орындалуы тастауықтың дыбысындай.

Сыбызғы - қазақ халқының ең сүйікті музыкалық үрмелі аспабы. Оны қуыс талдан жасап,оған үш саңылау ойған. Оны жасау оңай болғанмен,ойнау жеңіл болмаған. Қой бағушылар уақыттарын сыбызғы тартумен өткізген. Сыбызғышы барлық той мен мерекелерде құрметті қонақ болған.

Свирель - орыс халқының үрмелі музыкалық аспабы. Түрі сыбызғыға ұқсайды. Жоғары жағында үрлеуге арналған түтікшесі бар. Ал төменгі жағында үш түрлі көлемдегі дыбыс шығаратын ойықтары бар.

Ән тыңдау: халық әні «Қараторғай»

Жаттығу:домбырада перне басып,жаттығуларды қосып орындау.

Қорытынды:Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1.Аспаптардың қайсысы бір-біріне ұқсас келеді екен?

2.Саздан жасалған үрмелі аспаптарды ата?

3.Халық әні «Қараторғайды» тыңдағанда көз алдыңа қандай сурет елестеттің?

Үйге тапсырма: Табиғатпен үндескен сыбызғы тақырыбын оқып келу.

Бағалау.





© 2010-2022