Сценарий на темуЖарқырайды жұлдыздар

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жарқырайды жұлдыздар» атты мерекелік концерттің сценариі

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Елек орта мектебінің оқушыларының 2014-2015 оқу жылындағы республика, облыс, қала көлемінде білім, ғылым мен өнер додаларында жеткен жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Жарқырайды жұлдыздар» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер.

Міне, тағы бір оқу жылы артта қалды. Биылғы жыл тарихи даталарға толы жыл болды. Атап айтар болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Осындай тарихи жылы жылы мектебіміздің де жеткен жетістігі мен алған асуы мол. Біздің оқушылар республика, облыс, қала көлеміндегі білім, ғылым, өнер, спорт додаларында ғана үздік көрініп қоймай, тарихи даталарды тойлау ісіне де белсене атсалысты. Соның бірі - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. «Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі» атты ауыл әкімдігінде өткен митингіге 354 оқушы қатысса, 100-ден астам оқушы ардагер ата-әжелеріне өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би билеп, жыр шумақтарын арнады. Келесі әніміз осы оқушыларымыздың құрметіне арналады.

Хор : «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген», орындайтын вокал үйірмесінің оқушылары.

Дарынды, жас талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі - шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Біздің мектебіміздің білім додаларында үздіктер қатарынан көрініп жүрген оқушыларымыздың жетістігін атап өтер болсақ, «Жарқын болашақ» VII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпидасында «Жазушылар» номинациясында 3 орын иегері Асқар Толғанай, осы олимпиадада «жас ғалымдар» номинациясы бойынша 3 орын иегері Бердіғали Бибатпа, осы олимпиаданың «Тілші -әдебиетшілер» номинациясы бойынша Құттымұратова Гүлсара, республикалық «Абай оқулары» қалалық кезеңінің «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша орын иегері Құдайбергенов Арыстан, халықаралық «Руский медвежонок - языкознание для всех» атты конкурстың 1 орын иегері Қарағулов Бекзат сынды оқушыларымыздың құрметіне кезекті әнімізді жолдаймыз.

Хор «Рахмет, саған Отаным» орындайтын вокал үйірмесінің оқушылары.

Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 19-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына математика секциясында өз баяндамасын ұсынып, белсенділік көрсеткен Бақытқалиев Арсен, Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданы қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша үздік білім көрсеткен Болат Арна, орыс тілі бойынша үздік білім көрсеткен Ешимбетова Жанар, физика пәні бойынша үздік білім көрсеткен Жұматаева Айгерім, облыстық «Кішкентай зияткерлер» атты интеллектуалдық ойын байқауында 3 орынды иеленген Құттығұл Іңкәр, Бегеев Рамазан сынды оқушыларымызға келесі әнді тарту етеміз.

Ән «Астана» Орындайтын «Жастолқын-2014» байқауының І-орын игері, «Бірлігіміз жарасқан-2015» ән байқауының иегері Хабдрахманов Алтынбек.

Спорт саласында да жеткен жетістігіміз көп. Атап айтар болсақ, облыс көлемінде жеңіл атлетикадан Жұмабай Қанағат 1 орын иегері, Абаш Нұрбол 3 орын иегері, шағын футбол бойынша 1 орын иегері Нарғыз Алдоңғарова, қалалық жарыстарда жеңіл атлетика бойынша Елек орта мектебі 3 орынды иемденсе, 800 метрге жүгіруден Жұмабай Қанағат 2 орынды, Ауданбай Миржан 3 орын, қалалық «Үміт старты» жарысында Елек ОМ 2 орынды иемденіп, волейболдан елек ом ұлдар құрамасы 2 орын иегері, баскетболдан 1 орын иегері , шағын футболдан 3 орын иегері, үстел теннисі бойынша 3 орын иегері. Айта берсек бір концертіміз тіпті жетпей қалады. Тек тілеріміз, жеңістен жеңіске жете берейік. Келесі ән сіздердің құрметтеріңізге жолданады.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» орындайтын Мәншүк пен Арайлым

Жыршың бүгін жырлайды,

Әзілдейді шындайды.

Бесіктегі балада,

Әнді салсаң тыңдайды.

Ән «Ақбұлақ» орындайтын Әбдіханова Диана

Анашым айналайын ардақтымай,

Көрмесем бір күн сені сағынамай

Әлпештеп дүниеде аяладың,

Ақ сүтіңді ақтау парызымай.

Ән: «Апатайым», орындайтын: Баймұратов Мадияр

Бәріненде сен бийксің,

Бийікке сен самғай бер.

Ал мен сенің қанатың боп,

Қорғайыншы, Туған жер!

Ән «Егемен ел» орындайтын: «Жастолқын-2015» бйқауының «Дипломанты» Сәрсембаева Аружан.

Қазақстан елім менің,

Қазақстан жерім менің.

Саған арнап айтылады,

Туған жерім әнім менің.

Ән: «Қазақ елі» орындайтын: Бердіғали Бибатпа

Қойнауы мол кенге тұнған,

Кең жайлауы мал толған.

Жерұйықтай жері дархан

Жаны жомарт елі дархан.

Ән «Өз елім» орындайтын: Нұрлан Асылжан Айбек Шынар

Төрінде жерімнің байрағын желбіреп,

Тұп-түнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтын тілері ата жол салтымен

Достасу әр елдің халқымен.

Ән «Алға, Қазақстан» орындайтын: Ауданбай Миржан Жанқабылов Жанасыл

Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімізді гүлдендіру жас ұрпақтың, яғни Сендердің басты парыздарың, құрметті оқушылар. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін асқақтата берейік деген тілекпен кешімізді Әлберген Аружан, Әлібекова Индира мен Жазираның орындауындағы «Қазақ елі осындай» әнімен жабамыз. Қош сау болыңыздар.













Елек орта мектебі





«Жұлдыздар жарқырайды»

(концерттік бағдарлама)



Орындаған аға тәлімгер: Наурызова Г.

Музыка пәні мұғалімі: Аманов С.



2015 оқу жылы.

© 2010-2022