«Жарқыраған жас нұрлы Жаса, Наурыз дәстүрлі!»

«Наурыз мейрамы» Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.Оқушылар сахнаға музыка  ырғағымен  шығып  отырады Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық» Келді Наурыз сағынтып. Наурыз келсе құт келгені, халайық. Есік ашып, шашу шашып,  Ұлысты қарсы алайық! Наурыз жаңа жылымыздың ең жауапты кезені. Ол мұсылман ұғымы бойынша Наурыздың 21-күні түн...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз дәстүрлі!»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың
салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Оқушылар сахнаға музыка ырғағымен шығып отырады

Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық»
Келді Наурыз сағынтып.
Наурыз келсе құт келгені, халайық.
Есік ашып, шашу шашып,
Ұлысты қарсы алайық!
Наурыз жаңа жылымыздың ең жауапты кезені. Ол мұсылман ұғымы бойынша Наурыздың 21-күні түнге үште аспаннан түсетін Қыдыр атаны бабаларымыз күткен.
Осы түнде адам қандай ой-арман ойласа, ол қабыл болады.
Оқушылар сахнаға музыка ырғағымен шығып отырады
Тақпақтар:

Алихан:

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз дәстүрлі

Бақытыма шалқыдым

Ашылады нұрымыз

Шолпан: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы

Ата ­ бабам тойлаған

Әз Наурызым армысың!

Алдияр: Ұлы күнде халайық

Қалай қарап қалайық

Сәйгүліктей ағайық

Жасын болып жанайық

Дәмелі: Келіңдер наурыз күнін қарсы алайық

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді

Арқаңды кеңге созшы уа халайық

Әлішер: Қылышын қыс та салды қынабына

Теректер сырға тақты құлағына

Көктем келіп, қар еріпа бұл маусымда

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар»

Ясмин: Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық

Уа, халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Сахнаға Қыдыр ата шығып, отырған қауымға бата береді

Қыдыр ата:
Ассалаум уағалейкүм, халқым менің!
Ұлыстың ұлы күні шаттан елім!
Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын
Қабыл ал жаратқаным батамды менің!
Ниеттерің ақ болсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Тыныш болсын еліміз!
Гүл жайнасын жеріміз!
Әумин!

Ән: Наурыз жыл басы

Ойын: Білектесу

Салт ­ дәстүрлер

  1. Бесікке салу

  2. Қырқынан шығару

  3. Тұсау кесу

  4. Жеке ән Қарашаш

Тәрбиеші: Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау - жаңа, рыз - күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден наурыз айы, үшіншіден - ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні - ұлыс күні» деп атаған

Би: Гүлдер
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу - маржан шашайық!
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден шашу шашайық!
Ақындарымызға кезек берейік

Айтыс:

Әсел мен Аяулымның орындауында ән
1 - жүргізуші: Наурыз - жаңа жылды қарсы алудың қазағымның ең бірінші салты, таң сәулесі қылаң бере шырақ жағып, үй ішін аластаудан басталады.
Ұлыстың ұлы Күн - Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырыста болады деп есетеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған екен Ақ жаулықты аналарымыз, ендеше ағайын әжелерді ортаға шақырайық
Тақпақтар:

Еларыс:

Молшылық пен тыныштық боп жерімізде

Бейбітшілік нық болсын елімізде

Достықпенен жайнай берсін отанымыз

Желбіресін қазақ туы елімізде

Жанел:

Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем бөленді

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Жәңгір:

Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Кең дастархан, даламның, сахынамыз

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз

Айдын:

Берекемен ішіліп бір біріне бақ тілеп

Молшылық пен ақ тілек, ақтарылар күні бұл

Халқымызға жарасып бақ пен дәулет зор болсын

Ұлы қазақ ұлтына құт келетін күні бұл

Жанар:

Наурыз тойын тойлайық міне ағайын

Амандықпен туа берсін күн сайын

Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға

Мерекені бүгінгімен жабайын
Ән: Күн мен түн теңелді

Би: Тостақан

Ойын: Арқан тартыс

Аяулымның орындауында ән

Жиналған құрметті қауым! Келесі наурызда да төрт көзіміз түгел, уайым - қайғысыз амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын!

Начало формы

Конец формы


© 2010-2022