Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Музыка

Сабақтың тақырыбы

Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі

Сабақтың жалпы мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ұлттық музыка аспаптарының құрылысымен таныстыру. Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.

Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, біледі, аспаптардың туыстастығын ажырыта аладыу.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік

Көрнекіліктер

суретті үлгілер, плакаттар, буклеттер, оқулы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Кел, балалар күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Білім сырын білейік.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Жыл мезгіліне байланысты өсімдіктердің өзгерістері қандай болады?

(үйден орындап келген тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын айтады)

Қызығушылықты ояту

Суретпен жұмыс

Домбыра мен қобыз аспабының түрленуіДомбыра мен қобыз аспабының түрленуі

Жаңа материалмен жұмыс.

. Халық аспаптары қалай құрылды?

Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді. Ұрмалы музыкалық аспаптар - дабыл, дауылпаз.

Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3-4 ойығы бар.

Қазақ халқының ішекті музыкалық аспаптары домбыра, шертер, жетіген.

Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.

Бүгінгі танысытын аспаптарымыз- қобыз бен домбыраның түрлері. Домбыра аспабының сыртқы түріне қарап екі түрге бөлінеді.Шанағы домалақ және шанағ кішілеу. Шанағы кішілеу домбыра- Жамбыл атамыздың домбырасы болған. Ал, біздің пайдаланып жүрген домбырамыз -Абай атамыздың домбырасы.

Домбыраның құрылысы : басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі болады.

Қобыздың екі түрі болады. Қылқобыз- ысқышпен ойналатын екі ішекті , көне музыкалық аспап.

Қобыздың екінші түрі - төрт ішекті, жаңа түрі.

Ой толғаныс

Музыка сауаттылығы: Нота ұзақтығы.

Ән орындайық! «Қошақаным»әні.

Қорытындылау :

* Домбыраның неше түрі бар ?

* Қобыздың түрлерін ата.

Үйге тапсырма беру.

* Домбыра мен қобыз аспабы

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



© 2010-2022