Музыка пәнінен сыныптан тыс іс-шара Дыбыстар сөйлейді тақырыбы (5-сынып)

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақ вальсімен таныстыру
Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.
Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу. : Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену
Сабақтың көрнекті құралдары:оқулық, композиторлардың портреті, музыкалық орталық, үнтаспа
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Қазақ Вальсі - қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған, Ш.Жиенқұлова. Музыкасы Л.Хамидидікі. Музыкалық өлшемі 3/4. Ырғағы жеңіл әрі екпінді. Би қазақ қыздарының талшыбықтай бітімін, кәусардай тазалығы мен биязылығын бейнелейді. Бидің 2 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтық және шет ел сахналарында билейді. Бір топ қыздардың билеуіне лайықталған екінші нұсқасы 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Үлкен театрда көрсетілді.
Әйгілі «Қазақ вальсінің» авторы, композитор Латиф Хамиди еді. Ұлты татар Латиф Абдулхаұлы 1906 жылы 17 шілдеде Қазан губерниясында туған. Бірақ барлық оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен бірге өтті. Ол 1933 жылы Ташкенттегі Татар институты мен Мәскеу бірінші музыкалық техникумын бітірген соң Қазақстанға келеді..
Музыкадағы алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында жетекшілік қызметімен бастаған Латиф қазақ халық музыкасын тануға көп күш салады. Сол жылдары ол Қазақ радиосының хорына тұңғыш рет көп дауысты халық әндерін дайындайды. Кейін Латиф Хамиди Семейдегі музыка-драма театрына ауысқан соң көптеген ел-жерді аралап, жол бойында қазақ халық музыкасын тануға мүмкіндік алады. Сол гастрольдік сапарларында ол көптеген халық әндерін нотаға түсіреді, оның ішінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын да зерттей түседі. Бұл материалдары оның бірінші операсының құрамына енеді.


Музыка тыңдау: Н. Тілендиев «Кел еркем, Алатауыма»

Кейін Латиф Хамиди Қазақ мемлекеттік капелласының жетекшісі әрі дирижері болады. Композитор көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұл» оны танымал етті.


Ән тыңдау: Л. Хамиди «Қазақ вальсі» Қазақ вальсі

Ән үйрену: Ағаларым

Әні: Ә. Бейсеуов

Өлеңі: Т.Молдағалиев

Құшағы оттай ыстық Сахарадай
Көңілі алып ұшқан шағаладай
Алдымнан көкем ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой
Сендерді сағындым ғой Ағаларым!

қайырмасы
Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол Ағаларым 2 р

2 Аңқылдақ айналайын ағаларым
Сағынсам іздеп барар паналарым
Ініңе ізіңдегі қарап жур деп
Қалдырған өздеріңді
Қалдырған өздеріңді бабаларым
қайырмасы

Білесің бе?
Жиенқұлова Шара (1912 - 1991) - алғашқы қазақ халық билерін жасап, сахнаға шығарған қазаққа әйгілі биші. Қазақстанның халық әртісі. Өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын Қазақ драма театрының актерлігінен бастайды. Ол М. Әуезовтің «Еңлік Кебек» және «Қарагөз» спектакльдерінде Еңлік пен Қарагөздің рөлін сомдаған. 1934 жылы Қазақтың опера және балет театрында жұмысын жалғастырады. Ол М. Әуезовтің «Айман Шолпан» және Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» сынды операларына би қояды. Шара Жиенқұлова 1938 жылы алғашқы «Қалқаман Мамыр» атты қазақ ұлттық балетінде Мамырдың биінің партиясын орындайды. Сонымен қатар, «Амангелді» кинофильмінде Балымның рөлінде ойнаған.

Бейнелеу өнерімен байланыстыру. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылованың туындысымен таныстыру.
Шараның бұл биі халықтың ыстық ықыласына бөленіп, айдында қалқып жүзген аққудай әсер қалдырған еді. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылова Шараның өнеріне тәнті болып, оған арнап «Қазақ вальсі» деген суретін арнайды. Күннің сәулесімен шағылысқан, алтын түспен көмкерген суретте Шара мың бұрала билейді. Суретші бір сәтке биді тоқтатқандай. Бірақ, бишінің қолы, үстіндегі жарасымды көйлегі би қимылын жалғастырып жатқандай әсер қалдырады. Сөйтіп Л. Хамидидің әні «Қазақ вальсіне» айналып, ал сурет өнерінде ғажайып қайталанбас жаңа туынды дүниеге келген екен.

Муыкалық сауат: Вальс


ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, қосымша мәлімет әкелу, әнді жаттау





© 2010-2022