Концерт залына саяхат. Кармен

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Пән: Музыка

Сынып: 2

Күні: 12.01.15

Сағат саны: 1

Сабақтың тақырыбы: Концерт залына саяхат

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Концерт залымен танысу және концерт залы жайлы оқып білу

Дамытушылық:Ойлау,ақыл ойын арттырып,музыкаға деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Музыка арқылы сыпайы,онерлі болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: сурет,домбыра

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

г)Үй тапсырмасын сұрау

2. Жаңа тақырыпты меңгеру: Театр және концерт залына барып көрдіңбе?

Театр мен концерт залдары - қаладағы ең сәулетті ғимараттардың бірі.Егер сен театрға барар болсаң,оған мұхият дайындалуың қажет болады.

Театрдың өзіне тән бірнеше ережесі бар.

Бірінші ереже: Кешікпей келу керек.Гардеробқа сырт киіміңді шешіп қоясың.Өйткені театрда сырт киммен жүруге қатаң тыйым салынған.

Екінші ереже: Өте сыпайы болу керек.Егер театрға уақытынан кешігіп қалсаң,орныңды іздеп,көрерменді мазаламағаның дұрыс болады.Ең дұрысы,бос орындардың біріне немесе балконға жайғасып отырғаның жөн.

Үшінші ереже: Шулауға болмайды.Театрға кіргенде ұялы телефонды сөндіріп қою қажет.

Спектакль немесе концерт өтіп жатқанда сусын ішіп,балмұздақ жеуге болмайды.Бұл үлкен әдепсіздік болып саналады.

Төртінші ереже: Әртістер мен музыканттар сахынадан кеткенше күту керек.Көрермендер қол шапалақтап,алғыстарын білдіреді.Сонан соң залдан шыққан жөн.

Театрға алғаш барған күнің сен үшін ұмытылмастай үлкен мерекеге айналсын!

Музыка тыңдайық: Ж.Бизенің «Кармен»операсынан үзінді.

Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап

-Театр мен концерт залдарына барғанда өзіңді қалай қстауың керек?

-Теартға барудың қандай ережелерін білесің?

-Театрға барып көрдіңбе?

-Қандай театрлар білесің?

Үй тапсырмасы:Концерт залына саяхат тақырыбын оқу мазмұнын айту.Қазақстанда қандай театрлар бар ізденіп біліп келу.



© 2010-2022