Песни Шамши Калдаякова (6 класс)

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласыПесни Шамши Калдаякова (6 класс)

Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп- лицей

Музыка пәнінің мұғалімі

Ермаханова Майра Ақылбайқызы

Сабақтың тақырыбы: 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні. Ш.

Қалдаяқовтың өмірі. «Ана туралы жыр»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Музыкалық білімін, сауатын жетілдіру. Ырғақты сезіну, музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

ә) Тәрбиелілік мәні: Ырғақты сезіну ,есту, есте сақтау қабылеттерін дамыту. Дыбыс үндестігін сезінуге дағдыландыру.

б)Дамытушшылық: Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Сабақтың сапалығын арттыру. Оқушының эстетикалық көзқарасын кеңейту. Сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік

Сабақтың түрі: Аралдас сабақ

Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, баян аспабы, мини колонка, слайд, интерактивті тақтада бейнетаспа көрсету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлату, тексеру;

б) сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- Біз қандай орыс компазиторларымен таныстық?

- Орыс халқының классикалық музыкасының негізін қалаған кім?

Үй тапсырмасын қорытындылау

«Тұлғаны таны» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ:

8 наурыз - халықаралық әйелдер күні. Ш. Қалдаяқовтың өмірі.

Ана туралы жыр.

Көктемнің алғашқы күні 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, яғни бүкіл дүниежүзі аналардың мерекесі болып тойланып келеді. Осы мерекенің өзіндік тарихы бар, тәрбиелік мәні өте зор. Орыстың қоғам қайраткері, қызы, революционерка жер бетіндегі әйел аналардың жанашыры, қамқоршысы Клара Цеткиннің есімімен тығыз байланысты.

Тарих парағына үңілетін болсақ, Данияның астанасы Капенгагенде 1910 жылы ІІ Халықаралық социалистер конференциясында дүниежүзі әйел аналардың ауыр тұрмыс - тіршілігі, көрген қорлықтарын өз көзімен көрген Клара Цеткина айта келе, оларды қорғауға, қолдауға шақырды және 8 наурыз күнін бүкіл дүниежүзінде халықаралық әйелдер күні болсын деп ұсыныс айтты, қабылдатты. Сордан бері 8 наурыз бүкіл дүниежүзі аналар мерекесі болып тойланып келеді.

.Ал Қазақстанда былтырдан бастап, яғни 2013 жылдың 6 қыркүйегінде қабылданған қаулыға елбасы қол қойды. Міне осы «Аналар күні» Қазақстан өңірінде де тойланып келеді. Міне, балалар, бұл ұрпақтар сабақтастығы. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, ізімізден өсіп келе жатқан өскелең ұорпақтар сендер үшін тәрбиелік мәні өте зор дүние, құндылық.

Музыка тыңдау: «Ана туралы жыр» Ш. Қалдаяқов.

Ш. Қалдаяқов - Оңтүстік Қазақстан Облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келгшен.

Қазақстанның халық артисі, Комсомол сыйлығының лауреаты.

1950 жылы Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын бітірген. 1955 жылы Ташкент музыка училищесінің музыка теориясы бөліміне қабылданған. 1956 - 1962 жылдары Алматы концерваториясының компазиция бөлімінде оқиды.

1950 жылдан бастап шығармашылықпен айналысты. Қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жэанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер.

Шәмшіні «ән патшасы, ән падишасы, вальс королі» дейміз. Себебі ол тек ән жанрына қалам тартқан сазгер.

Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең таралған. Шәмшінің «Ақмаңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең», «Қайықта», «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Қайдасың», «Сыр сұлуы» және т.б. көптеген әндері әсем саздылығымен халық жүрегіне етене жақын Шәмшінің 300 - ге жуық әндері бар. Әр әннің өз тарихы бар. Соның бірі «Менің Қазақстаным». Қазіргі кезеңде еліміздің әнұранына айналып отыр.

Ана теңдесі жоқ таусылмайтын жыр.

Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол ана!

Сол ана, Шәмшінің анасына арнап жазған «Ана туралы жыр» әнін тыңдап көрелік.Сөзін жазған белгілі ақын Ғ Қайрбеков.

«Ана туралы жыр»- «Муз Арт» тобының орындауында тыңдау

Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұхарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.

Балам - жалғыз тілегім сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.

Ана алдындағы қарыздар, борышын өтеу Шәмші арманы тек 1961 жылы орындалады. Сөйтін анасына арналған «Ана туралы жыр» әні осылай жазылады.

1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау - фестивальі дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Шымкент олблысында, филормония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, компазитордың туған өлкесінде Шәуілдір ауылында музыка мектебі Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдында Қалдаяқовтың ескерткіш - бюсті орнатылған.

1991 жыыл «Жылдарым менің, жырларым менің» деген деректі фильм түсірілді.

Дауыс жаттығуын жасау

Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр»-орындау

IV. Қорытынды:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

8 наурыз мекрекесінің тарихын. Клара Цеткина туралы. Шәімшіні, онгыең әгндерін. Туған жерін.

Шәмшінің жарыққа шықпай қалған әндері.

«Ана туралы жыр»\әнін

Әннің ырғағын,өлшемін үйрендім.

V. Үйге тапсырма.

1. Ш. Қалдаяқов өмірі. Реферат.

2. «Ана туралы жыр» әнінің сөзін жаттау.

3. «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» өз аналарың туралы эссе жазу.

4. Ана туралы мақал - мәтелдер жаттау


© 2010-2022