Бақытты балалық шақ ән-би байқауы

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ» ән-би байқауы. 2015 -2016 оқу жылы

Мақсаты: 1)Талантты оқушыларды таңдау;


2) Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау;


3) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;

Байқаудың барысы:

1-жүргізуші:
- Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.

2-жүргізуші:
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әл.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.


1-жүргізуші:
Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар! Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша көрермендерге жалынды сәлем!!!
Бұл әні мен сәні, күйі мен биі үйлескен «Бақытты балалық шақ» атты концертімізге қош келдіңіздер !
Ендеше біз бастаймыз !

2-жүргізуші:
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдіупен бағаларын берейік.

Ортаға әділ-қазыларды шақырып,таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді - деп алғашқы ән кезегіне жол берейік.


2-жүргізуші:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.


Ән: «Қазақ елі осындай»
Орындайтын: Шынболатова Жанель.


1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,
Әншіміз Бекзатты қарсы алайық.


Ән: «Желкілдек»
Орындайтын: Қайратов Бекзат.


1-жүргізуші:
Мектебіміздің жұлдыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,
Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.


Би: «Қара жорға»
Орын: Бақтығалиев Мейрамбек.


Ән: «Қос бәйтерегім»
Орын:Рашиденова Аяулым.

2-жүргізуші:
- Жез таңдай, күміс көмей, дана уыз,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың бал дәуренін өткізіп,
Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз.


Ән: «Махамбеттің термесі»
Орындайтын:Нигметуллина Сымбат.


1-жүргізуші:

- Ал, оқушы ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.

Ажар шығып келеді
Қол соғып қарсы алыңдар

Ән: «Домбыра туралы баллада»
Орындайтын: Рашиденова Ажар.


2-жүргізуші:


О, туған жер, қадіріңді кім білген.
Мен қырыңды теруші едім бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір күнім,


Ән: «Туған жер»
Орындайтын: Хасенқызы Айдана.


1-жүргізуші:
- Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талап пен анықтадың .
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаным.

Би: «Үнді биі»

Орындайтындар:Мендуллина Альбина,Бисекенова Айдана.


Халық әні: «Гүлдерайым»
Орындайтын: Үмбетова Аружан.


2-жүргізуші:

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім - менде бірге өсемін,
Өшсе тілім - менде бірге өшемін.

1-жүргізуші:

Ән айтып, би билейміз біздер әлі,
«Домбыра» қазағымның тамаша әні.
Көрермен қол соғыңыз қошеметтеп,
Ақерке айтса әнді жарасады.

Ән: «Тәуелсіз елім жасасын»
Орындайтын:Дауетова Ақерке


Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымды,

Жалындатып шарықтағын әр дайым.


Би: «Орыс биі»
Орын: бір топ оқушылар.


2-жүргізуші:
Кім өнерлі, бұл кеште үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ қазы алқасы атыңды ақта
Жұлдыздарға арман мен бақыт жолда.

1-жүргізуші:


Күнде жиын бола бермес дәл осындай
Күн сайын өркендейміз өзгереміз
Ұл-қызың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділ-қазы қонаққа сөз береміз.

Марапаттау:


Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектер мен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осы мен аяқталды байқауымыз.

2-жүргізуші:
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!



© 2010-2022