Бастауышым-балбұлағым. Бастауышпен қоштасуға арналған мерекелік кеш

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» класының «Бастауышым - бастамам, Білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!


Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Вальс « Балалық шақ»

І-ж.Салтанат: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

ІІ-ж.Ақылжан: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Ә.Аяулым: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Ерасыл:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

ІІ-ж.Ақылжан : Дұрыс айтасыңдар достар! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

І-ж.Салтанат: Олай болса Ақылжан алтын ұя мектебімізге арнап

Әсемхан Аяулымның орындауында «Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: Мектебім.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

ІІ-ж.Ақылжан : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Акбота: Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Қ.Аяулым: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Нұрдаулет:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Мерей:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Айдана: Мектеп - үйім , ұстазым менің - ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Санжар: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен - бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Ажар: Мектеп - кеме , білім - теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

Ән : «Ұстаз ана» хор

І-ж.Салтанат: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ақылжан?

ІІ-ж.Ақылжан :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

І-ж.Сатанат:Дұрыс айтасың Ақылжан,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

ІІ-ж.Ақылжан: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі биімізді алғашқы ұстазымыз Назгүл апайға арналады.

Би «Шашу»

Сабина:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Балжан:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Жансая:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

Альтаир: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Сағыныш: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Султан:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

Ақниет:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғысмына отты жүректерден!

Ән: «Бала махаббаты»

Салтанат: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Ақылжан: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Салтанат: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Ақылжан: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Ә.Аяулым:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Сабина:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Нұрдаулет: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Балжан :Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

І-ж.Салтанат:Ендігі тамаша биімізді осы гимназияның барлық ұлағатты ұлы ұстаздарына арнаймыз.

ІІ-ж.Ақылжан:Қабыл алыңыздар.

Би «Небеса»

І-ж.Салтанат: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Мерей:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Айдана:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

ІІ-ж.Ақылжан:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

І-ж.Салтанат: Иә, дұрыс айтасың Ақылжан. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

"Ана" - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Сағыныш:Ана-сарқылмайтын күш иесі Әлемдегі ең кешірімді,ең мейірімді жан-ана.Ана баласы қандай қателік жасаса да ол кешіреді.Оның мейірімділігінде шек жоқ.Ана-үнемі баласы қайда жүрсе де уайымдап жүреді.Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ана туралы қаншама өлең жолдары,жырлар жазылған.

Ақниет:
Ананың балаға,баланың анаға деген сүйіспеншілігі-адам жүрегін елжіретеді.Әр ана өз баласы үшін не істемейді?!Сондықтан біздің анамызға деген махаббатымыз,сүйіспеншілігіміз бітпеуі,сарқылмауы тиіс.

К.Аяулым:
Ана…Ана-деген жүрегімізге сүйіспеншілік пен жылу сыйлайтын,құдіретті күш иесі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

Балжан:Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Сабина:Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны баии, нәрлене түседі.

Ә.Аяулым:-Ана, ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған


Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

Жансая:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Ән:« Анашым»

І-ж.Салтанат:Енді келесі кезекті сыныбымыздағы ұлдарға берейік.Олардың сиқырлы өнерлерін тамашалайық.

«Сиқыр өнері» ұлдар тобы (сиқыр көрсетеді)

ІІ-ж.Ақылжан:Біздің сыныптың қыздары да шетінен өнерлі. Ендеше қыздарымыздың әдемі үнді биін тамашалайық.

«Үнді би» қыздар тобы

Ән «Жас ұлан» ұлдар тобы

І-ж.Салтанат: -Ақылжан, ендігі кезекте бізге дәріс берген, өзінің қамқорлығын аямаған ұстаздарды марапаттасақ қайтеді ?

ІІ-ж.Ақылжан: - Дұрыс айтасың, Салтанат. Олай болса,Құрметті ұстаздарға арналған өлеңдерімізді айтайық. Қабыл алыңыздар !

(мұғалімге тақпақ айтады)

1.: (Директор: Қ.Қусаиноваға )

Оқушы мен мұғалімге жасап жағдай,

Жүреді қысы-жазы бір дем алмай.

Шын жүректен айтамыз сізге алғыс,

Гимназия директоры -Қорлан апай.

2.:( Айгүл апайға) Білімге мына бізді құштар қыла,

Тексеретін бізді де,ұстазды да.

Айгүл апай, біз сізге ризамыз,

Көзден таса етпеген бізді мына.

3.: (М.Ұлбосын апайға) Қоштасуда біздің сынып ерлесін,

Мақтан тұтам балалардың өңгесін.

Әр ұстазға көмек берген қашанда,

Ұлбосын апай жұмысыңыз өрлесін !

4.: (Сандуғаш апайға) Жақсы көріп, қадірлейміз сіздерді,

Сандуғаш апай да бақылады біздерді.

Бастауыштың қамын жеген ұстазға,

Көп алғысты жаудырамыз біз де енді.

5.:(Айжан апайға) Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді

Ақ ниетті,кең пейіл,

Айжан апай осындай.

6.: (Балжан апайға) Жақсылыққа үйрететін,

Жамандықтан жирентетін.

Тәрбие меңгерушісі Балжан апай,

Ұмытармыз сізді қалай ?

7.:(Б.Лиза апайға) Кітапхана - дүниедегі ілімнің,

Қайнар көзі - бойға жияр білімнің.

Шын жүректен Лиза апайға гүл беріп,

Артық болмас алғыс айтсақ бүгін мың.

8.:(Ө.Айгүл мен Меруерт апайға)

Ұстаздарым көмек берер шын досым,

Жарасады оларменен ірге шын

Жүре берсін мектебімде шапқылап,

Психолог Айгүл апай мен Меруерт апай.

9.:(Д.Назгүл апайға) «Жеті жұрттың тілін біл де,

Жеті жұрттың қамын жегін»

Назгүл апай шет тілінде

Сіңдіріп жүр бойға сенім.

10.: (Ратай апайға) Оқысын деп, «5»-ке сен,

Жан-жақты бәрін ескерген.

Ратай апайға көп алғыс,

Орыс тілін үйреткен

Алдыға бізді сүйреткен.

11.: :(Қ.Нұрбағыш апайға) Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

Жүректерге әсемдікті сепкен кім ?

Нұрбағыш апай, бас иеміз сізге де,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

12.:(Қ.Советхан ағайға) Келеді қазір жырлағым,

Суреттің әрбір қырларын

Советхан ағай үйретті,

Оның құпия сырларын

Мың алғыс , сізге ағатай,

Арнады осы жырларым.

13.: (Смет ағайға) Бұл күндері құрыспайды арқамыз

Сыныптасқа талай үміт артамыз

Денсаулығым мықты болса егер де

Смет ағай мына сіздің арқаңыз.

14.:(Жадыра апай) Өзін-өзі тану пәнін қызыға біз оқимыз,

Адамгершіліктің не екенін санамызға тоқимыз.

Шаттық шеңберінде көп нәрсені үйреткен

Жадыра апай сізге алғыс мына біздей түлектен.

15. :(Лиза апайға) Танытыңдар қандай болсын сынақта еп

Біздерде мына жауап берер сұрақ көп

Мықты деген информатик мектепте,

Мына Лиза апайыма шын рахмет!

Келесі биіміз сіздерге арналады ұстаздар.

Би «Ырғақты» 6жұп

1-ж.Салтанат:- Мен бәріне адалмын

Маған жақын бар адам

Барлығынан солардың

Жақынырақ жан Анам,

Ол мықты адам табанды

Басымды мен иемін

Сүйгеннен соң анамды

Тілін де оның сүйемін - дей келе Аяулы аналарымызды алғыс хаттармен марапаттауға рұқсат етіңіздер !

ІІ-ж.Ақылжан:- Алғыс хаттарды өз қолымен ұсыну үшін және бастауыш сатыны аяқтағалы отырған түлектерге өз тілегін білдіру үшін сөз кезегін мектеп директоры Кусайнова Корлан Тұрсымбекқызына береміз.

(18 ата-анаға алғыс хаттарды ұсынады.)

Ән «Астана»

(Балалар түгел қол бұлғап қоштасады)

І-ж.Салтанат: - Бастауышта оқылық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай

Аман-есен болыңдар,-деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

ІІ-ж.Ақылжан:Қош, сау болыңыздар!

Мұғалім:- Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы - сара жол,

Ізденіңдер, талмаңдар !

Хормен: -Қош бол, балғын балалық,

- Қош бол, сүйікті бастауышым










© 2010-2022