Сабақ жоспары 2 сынып Сиқырлы музыка аспаптары (шаңқобыз)

Әуен ырғағымен оқушылар сабаққа кіреді. Оқушылармен амандасамын,             Қобыз,домбыра,шертер,дабыл аспаптар суретін таңдатамын Оқушылар қимылмен амандасады. Армысың алтын күн. Армысың жер ана. Армысың достарым. Жылуыңа жылу қос Міне менің қолым бос.   Оқушылар топпен бөлініп отырады.   «Балбырауын» күйін тыңдатамын.   Балалар біз қандай әуен тыңдадық?   Қазақ аспаптарымен орыс аспаптарының қандай түрлерін білеміз?     Үнтаспа арқылы қазақ,орыс аспаптарының суреттері көрсетіліп, дауыстарын салыстырып тыңдатамын.           Тақтаға домбыры-балалайка.               сазсырнай,сыбызғы-дудочка,рожок,              даңғыра-бубен,              жетіген-гусли аспаптар суреттерін көрсетемін,  
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Музыка

Сыныбы:

2 «а»

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Сиқырлы музыка аспаптары. (шаңқобыз)

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың

мақсат-міндеттері:

а) ақпарттаық құзіреттілік:

Халық аспаптық музыкасымен терең таеыстыру. Аспаптың дыбыс тембрын ажыратуға үйрету.Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға баулу.

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

Логикалық ой өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту.


б) проблеманы шешу құзіреттілігі:

Тақырыптың мазмұнын оқып, тани білу,

Сабақтың типі:

Көрнекілік. Сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың әдісі:

Кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс:

Музыка тарихы.

Оқыту құралдары:


Үнтаспалар, музыка аспаптар суреті. Абай, Жамбыл,Тәттімбет суреттері.

Музыка Сауаты:

Аспаптың дыбыс бояуы.

Сабақтан тыс оқу.

Аспап тарихы.

Сабақтың бөлімі:

Оқытушының қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже:

Ұйымдастыру бөлімі:

Әуен ырғағымен оқушылар сабаққа кіреді.

Оқушылармен амандасамын,


Қобыз,домбыра,шертер,дабыл аспаптар суретін таңдатамын.

Оқушылар қимылмен амандасады.

Армысың алтын күн.

Армысың жер ана.

Армысың достарым.

Жылуыңа жылу қос

Міне менің қолым бос.

Оқушылар топпен бөлініп отырады.

Оқушымен мұғалімнің арасында қарым қатынас орнайды.

1.Қызығушылығын ояту.

«Балбырауын» күйін тыңдатамын.

Балалар біз қандай әуен тыңдадық?

Қазақ аспаптарымен орыс аспаптарының қандай түрлерін білеміз?

Үнтаспа арқылы қазақ,орыс аспаптарының суреттері көрсетіліп, дауыстарын салыстырып тыңдатамын.


Тақтаға домбыры-балалайка.

сазсырнай,сыбызғы-дудочка,рожок,

даңғыра-бубен,

жетіген-гусли аспаптар суреттерін көрсетемін,

Құрманғазы Сағырбайұлының күйі балбырауын.

Домбыра,сазсырнай,асатаяқ.барабан,

флейта. Топпен отырып қазақ және орыс аспаптарын салыстырып жұмыс жасайды.

Зейін қойып тыңдайды, дыбыстарын ажыратады,


Балалар шеңбер сызу арқылы салыстырады.

Домбыра Балалайка

2 шекті шекті 3 шекті

Сабы ұзын саңылауы сабы қысқа

Дөңгелек үш бұрыш

Қазақ тиекті орыс

Оқушылардың сабаққа деген,дайындалған деңгейлері тексеріліп бағаланады.

Өткен тақырып арқылы,жаңа тақырыпты қабылдау.

Дауыс жаттықтырамын, до,ре,ми,фа,соль,ля,си,до.

До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до-деп ән айтамыз-айтамыз.(әуен арқылы)

Өткен «Жас дәуірдің түлегідміз» әнінің авторын сұраймын.

Ақын, композитор,орындаушы,автор деген кім?

қайталатамын.


Әнді қимыл арқылы орындап көрсетемін

-Дауыс жаттықтырады, гамманы әуен арқылы 3-4рет қайталайды.

Авторлары: Әні:И.Нүсіпбаев

Сөзі:Е.Өтетілеуұлы

Ақын-әннің сөзін жазатын адам.

Композитор-әннң әуенін жазатын адам.

Орындаушы-шығарылған әнді нақышына келтіріп орындайтын адам.

Автор-өзі шығарып,өзі орындайтын адам.

мәтіндерін еске түсіріп мазмұнын анықтайды.

Қимыл арқылы орындарынан тұрып 3-4рет орындайды.


Анықтамаларын естеріне сақтайды.

2.Мағынаны тану:

Шаңқобыз дегеніміз қандай аспап?

Дыбысы қандай,қалай ойналады?деген сұрақтар қойылады.

Шаңқобызбен қамыс сырнайдың суреттерін көрсетемін. дыбысын тыңдатамын.

Шаңқобыздың 1968 жылы О.Бейсенбаев дайындаған.Бұл көне музыкалық аспап.Оның ортасында сүйір тілше болады.Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады.Шаңқобызға жіп байланып,сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келтіріледі де,дыбыс шығады.Бұл аспапта көбіне әйкл адамдар ойнайтын болған.Аспапты күйге келтіру,тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.

Шаңқобызға ұқсас Қамыс сырнай деген аспапта бар.Ол,қамыстан жасалған,үрлеп ойналатын музыка аспабы.Қамыс қуысының ішінде тілше бар Соны үрлеу арқылы дыбыс шығады.Аспапатың әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесігі бар.Төменгі үні қуыстың ұзындығымен тілшеге байланысты белгіленеді.

Өз ойын айтады.

Оқушы зейін салып тыңдайды.

Топпен отырып Шаңқобыздың дыбысын мазмұнын анықтайды.

Оқушылар зейін салып тыңдайды.

Мұғалімнің тұсіндіруі бойынша тыңдап материялды қабылдайды.


Қажеттілігін түсіне біледі.

Ән үйрету сәті:

Дауыс жаттықтырамын. Ля-ля-ля-ля-ля.

Ән: «Домбырасыз сән қайда»

Әні: И.Нүсіпбаев.

Сөзі:Х.Талғаров.

Домбыра-ертеден келе жатқан көне аспап,ата-бабаларымыз оны серік етіп,сал серілер ел аралап күй тартып ән айтқан.

Әнді тыңдатамын қимыл арқылы орындап көрсетемін.

1.Елдің жырын жырлаған, 2.Құрманғазы,Тәттімбет,

Қайғысында толғаған. Домбырамен сайраған

Домбырасыз ешқашан Жүрекке от жақсын деп,

Жүрекке ам қонбаған. Елге күйін арнаған.

Қ-сы:

Домбырасыз сән қайда. 3. Абай,Жамбыл, сал Біржан

Домбырасыз ән қайда Таңғалдырып ән салған.

Әнмен күй бар өмірде Жүрегіңді жандырған.

Отта лаулап жанбайма Естіген жан тамсанған.

Дыбысты жоғары төмен көтеріп орындайды.


Балалар жаңа үйретілетін әнді тыңдайды. Мазмұнын талдайды. Әнді бірнеше рет қайталап жатқа орындайды


Әнді орындай алады.

Толғаныс:

Балалар бүгін қандай тақырыпты өттік,

Сабақ басталған уақытты елестету,еске түсіру сұрақ жауап арқылы қорыту.

Балалар қойылған сұраққа қол көтеру арқылы жауап береді.

Үйге тапсырма беру және қорытынды:

Үйге тапсырма музыка аспаптарын қайталап, әнді жақсы орындап келу.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны мадақтаймын.

Бағалаймын.

Күнделіктеріне жазып алады.

Келесі сабаққа әзірленеді.








© 2010-2022