Тәрбие жұмысын жаңаша басқару заман талабы

  Дөңгелек үстел тақырыбы:                                Тәрбие жұмысын жаңаша басқару заман талабы     Жеке тұлғаға тәрбие беруде мектептің орны аса маңызды.Өйткені, мектеп өскелең ұрпаққа білім берумен қатар әрбір жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу, оларды қоғамымызда ізгілікті –адамгершілікті тұрғыдан жаңартылған азаматтар бағытында даярлауды қамтамасыз етеді. Оларға бағыт бағдар беру үшін заман талабына сай басқару жұмысын жүргізу қажет.Қазіргі таңда тәрбие жұмысы  жүйеленген бе? Көңіл...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дөңгелек үстел тақырыбы:

Тәрбие жұмысын жаңаша басқару заман талабы

Жеке тұлғаға тәрбие беруде мектептің орны аса маңызды.Өйткені, мектеп өскелең ұрпаққа білім берумен қатар әрбір жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу, оларды қоғамымызда ізгілікті -адамгершілікті тұрғыдан жаңартылған азаматтар бағытында даярлауды қамтамасыз етеді. Оларға бағыт бағдар беру үшін заман талабына сай басқару жұмысын жүргізу қажет.Қазіргі таңда тәрбие жұмысы жүйеленген бе? Көңілімізге қонама? Ол үшін бұрынғы Кеңестік дәуірге оралсақ...

Америкада мынадай бір тәжірибе өткізіліпті.Бір күнде, бір сағатта туылған 3 немістің баласын, 3 орыстың баласын,3 ағылшынның баласынкіндігін кесе салысымен барлығын оңаша жерге жатқызып қойып,алдымен неміс тілінде «өмірге қош келдіңдер, жолдарың сәтті болсын!»-деп жақсы - жақсы сөздер айтқан.Ағылшын мен орыс балалары қимылсыз жатып,ал неміс сәбилері қозғалып үн шығарыпты. Ағылшын және орыс тілінде айтқан кезде де осындай жағжай болыпты. Мұндағы себеп неде?Олар өз тілдерін қалай білген?Әрине мұның барлығы оның қанынан ана құрсағындағы күнделікті алған тәрбиесінен.

Ал біздің бүгінгі тәрбие қандай? Көбінің еститін сөзі орысша болса, ұлттық қаны бар, ұлттық намысы бар қазақ ұрпағын қалай өсіреміз?Ертеңгі күні ұрпағың туа сала орысша бейімделіп кетпесіне кім кепіл. Қазіргі медицина құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әсері барын дәлелдеген.Атамыз қазақ аттың жалында , атанның қомында жүріп, сары бала қара қазан қамын ойлап,ән айтқан,күмбірлете күй тартқан.Адуын мінез бәйбішелердің өзі келін - кепшікті алқақотан жинап алып, ән айтқызған бой жаздырған.Мұның ар жағында ұрпақ қамы тәрбие мәйегі жатқан жоқпа?Ән шырқаған көңілден ауру қашарын, шадыман көңіл жас анадан шабыт кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сенген.Ән әуенді айтуда бар, тыңдауда бар. Қазақ айта да білген, тыңдай да білген.Таңды таңға ұрып шырқаған сал-серілер,ақ тер, көк тер болып таңға жырлаған жырауларды ұйып тыңдаған ел едік.Сонанда болар негізіміз әнші, күйші халықпыз.Қазір қайда сол әндер мен тыңдаған күйлеріміз? Ұйып тыңдайтын тыңдаушы құлақтар барма? Жоқ.Қоянды жәрмеңкесінде 3 күн айтысқанда Біржан мен Сараның қайсысы жеңер екен деген деп тағатсыздана күткен, төбелерінен өткен күннің ыстығын елемей ақындар өнеріне ықыласпен қол соққан көрермен қайда екен?Оның ауылы алысқа кеткен. Жас ананың тыңдайтыны бүгінде жарықшақ қатқыл музыка, жұлқынған ырғақ, тұрмыстағы ата-ананың ұрыс-керісі, сырттағы тарсыл іштегі нәрестеге осылай әсер етіп жатыр. Содан болар қазіргі ұрпақ психологиялық дағдарыспен дұниеге келіп жатыр.Мінезі кең бала аз. «Жаңашылмыз »деп баланы бесіктен айырдық.Қазіргі баланың туа сала еститіні акушерлердің «мальчик немесе девочка», «Богатырь немесе красавица»деген анықтамасы, көретіні пышақ (Кесарево сечение)пен жалғыздық болды.Ол ертең жалғыздыққа ,қатігездікке үйрене бастайды.Дана қазақ 9 ай 9 күн жас ананы түйенің үстінде ырғалтып, ол ырғақты бірден жаңылдырмай 9 ай 9 күннен соң шілдеханамен қарсы алып,тербелген тал бесікке салған. Сөйтіп ырғақты тербелісті бұзбай құрсақтағы көмескі үнді ананың бесік жырына ұластырған. Қандай зеректік?

Ал баламыздың бүгінгі тәрбиесі қандай? Өмірге келгеннен даңғаза у-шу.2 жастан бастап сега, денди, ұялы телефон, планшет компютерлер құлағында ойнау біз үшін бүгінгі ұрпақ үшін өте қауіпті емеспе? Баламыздың есте сақтау қабілеті төмендеп бара жатқан жоқпа?

Ал ертеңіне не айтамыз?Ұялы телефонның құлаққа жағымсыз әсерінен жастай есту қабілеттері төмендеген, салт- дәстүрін сақтамаған, өзінің кім екендігін дәл тауып айта алмайтын меңіреу,мәңгүрт, қорқақ, үркек, өзіне-өзі сенімсіз дүбара ұрпақ тәрбиелеп жүрмеймізбе?

Ол үшін тәрбие тұжырымдамасын қолға алып, тәрбиенің басқару жолдарын заман талабына сай қайта қарау қажет. Бұл кезек күттірмейтін тамыры терең мәселе. Сондықтанда бүгінгі ұстаздар қауымына артылар жүк өте ауыр. Ұрпақты осы жолдан аман алып қалу үшін бүгіннен бастап жұмыстану қажет. Қандай жолы бар? Қандай күрмеуі шешілмеген істер бар? Оны өздеріңіз таразылаңыздар!


Нұрмағанбетова Заря Шодымқызы

№ 4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


© 2010-2022