Арнау әндер мен күйлер тақырыбы бойынша музыка пәнінен сабақ жоспары

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Арнау әндер мен күйлер.3

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Ақ әжем» әнін үйрену, күйші Құрманғазы туралы мәлімет беру, Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол» күйін тыңдау, «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін орындау.
2. Дамытушылық: Тыңдау, есте сақтау, ырғақты сезу, орындаушылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Музықаға сүйіспеншілікпен қарауға, үлкен адамдарды құрметтеуге, дыбысты таза айтуға, ұжымдық бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тірек карточкалар, тест тапсырмалары,

Құрал - жабдықтар: музыкалық орталық, үнтаспа, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ал, қанеки, балалар,

Сәлемдесіп алайық,

Сабағымызға керекті

Кітап, дәптер алайық.

Тыныштықты сақтайық,

Тазалықтан қашпайық

Дауысымызды жаттықтырып

Ән сабағын бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Дауыс жаттығуынан кейін сұрақтарға жауап беру.( «До гаммасы қол белгілерімен жоғары, төмен).

  • Күй дегеніміз не? ( Аспапта орындалатын музыка)

  • Күйді кім орындайды? ( Күйші)

  • Қандай тақырыпта күйлер тыңдадық? ( Табиғат туралы Тәттімбетің «Саржайлау» күйі, құстар туралы Н. Тілендиевтің күйі «Аққу»,Төрт түлік мал туралы күй Дина Нұрпеисованың «Қарақасқа ат» күйі.

  • Музыкада ән немесе күйді біртіндеп қатты біртіндеп жай орындауды корсететін белгілерді атаңдаршы ( Крещендо - біртіндеп қатты, диминуендо - біртіндеп ақырын).

  • Суырыпсалма деген не? ( Тез арада өз жанынан өлең немесе күй шығару).

  • Өткен сабақта біз «Қоштасу әндер мен күйлермен» таныстық.

  • Қоштасу әндер мен күйлер қай кезде айтылатын болған? ( Қайғылы, мұңды жағдайларда қазақ халқы жақын адамымен жылап қоштасатын болған, мұндай әндер мен күйлерді қоштасу әндер мен күйлер деп атаған).

  • Қандай әнін біз орындадық?( «Елім - ай» әні)

  • «Елім - ай» әні қандай кезде шыққан ән? Бұл әнді кім жазған? (Халық)

  • Суретін көрсету.

«Елім- ай» әнін орындау. ( хормен бүкіл сыныппен).

Мына сурет қай күйдің мазмұнына келеді ( Ұшардың ұлуы)

- «Ұшардың ұлуы» күйінің мазмұнын айтып беріңдерші?

- Бұл күйді кім жазған ? ( Қорқыт ата)

- Қорқыт қай аспапта күйлер орындаған? ( қобыз)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді арнау күйлер деп атайды. Соның бірі - Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол шешем, аман бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға жиналған Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, анасымен қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай - ақ білді. Ойткені бұл күйдің басындағы бірінші бастамасының өзі «Аман бол шешем, аман бол» деп тұр екен. Бұл күйде баласын қимай тұрған ананың тұлғасын елестетесіңдер.

Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» күйін тыңдау.

2. Қазақстан композиторларының жақын адамдарына арнаған көптеген әндері де бар.
Мысалы: Шәмші Қалдаяқовтың әні «Ана туралы жыр», Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр»

3. Сендерде әжелерін бар.Бүгін біз әжелерімізге арнап «Ақ әжем» әнін үйренейік. Қазыр мен сендерге сөзін оқып берейін. «Ақ әжем» әнінде көз алдыңа немересімен бірге жүрген әжені елестетесіңдер.

Байқадыңдарма ана, әже бейнелері ән мен күйде музыкалық дыбыстар арқылы жасалған. Осындай түрлі бейнелердің музыкалық дыбыстар арқылы жасалуы музыка тілінде музыкалық бейне деп аталады.

«Ақ әжем» әнін үйрену.

А) Әнді орындап беру.

Ә) Сөзін жаттату.

Б) Әуеніне қосылып орындау, үйрену.

В) Хормен, бүкіл сыныппен орындау.

V. 1. Үйде дайындап келген арнау тақпақтарын айтқызу.

2. Ал қазір , балалар, біз осындай мемлекетте бақытты өмір сүріп жатқанымызды мақтан етіп, біздің ауданымыздың 85 жылдығына арнап «Жас дәүірдің түлегіміз» әнін орындайық.

VІ. Ойын ойнату.

1) «Жоғары - төмен» ойыны

Суреттерде берілген құстар мен жануарларды дайыстарына қарай «Музыкалық баспалдаққа орналастыр»

2) Кімнің дауысы жуан, орташа, жіңішке?

3) «Әнші бала» ойыны

Балалар кезек - кезек ән орындайды. Бір бала теріс қарап тұрып, әнді тыңдайды. Ол ән айтқан баланың дауысын танып тауып алуы қажет.

VІІ. 1. Сабақты бекіту:

Тест тапсырмаларға жауап беру.
2. Бағалау.
3. Үй тапсырмасы: 30 - 32 бет оқу, әнді жаттау, өздерінің әжелері

туралы әңгіме құрастырып келу.



Ақ әжем.



  1. Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, ай, дана әжем?



  1. Шай қайнатып келейін,

Шекер салып жан әжем.

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем



















© 2010-2022