Рабочая программа по гармонии

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсіндірме жазба

«Гармония» пәнінің оқу жұмысының бағдарламасы, мамандық бойынша 0405000-аспапта орындаушылық; 0407000-ән салу; 0405000-хор дирижеры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 30.12.2010ж.(Астана 2010ж.) № 587 бұйрығымен бекітілген үлгілі оқу бағдарламасына сүйене отырып құрылған. Пәннің жалпы сағат саны: 238.

«Гармония» пәні - оқушылардың ілгері дамуына бағыт беретін музыка өнерінің ереже заңдарын бекітетін негізгі пәндердің біреуі

«Гармония» пәнінің мақсаты - музыканың айқын тәсілдерін оқыту, оқушылардың музыкалық ойларын дамыту, шығармашылыққа қызықтыру. «Гармония» пәнінің міндеті - жазбаша жұмыстарды орындау, музыкалық шығармаларды талдау, фортепианода аккорд тізбектерін сөйлем немесе период түрінде ойнау, секвенциялардың түрлерін ойнау - осының барлығы оқушылардың музыкалық біліктігін, ой-өрісінің кеңейтуге шығармашылық қабілетін дамытуға қалыптастыратын пән.

Пән бойынша тәжірибелік жұмыстардың құрылуы:

  1. Теориялық негіздеме

  2. Гармониялық талдау

  3. Жазбаша жұмыстары

  4. Фортепианодағы жаттығулар (аккорд тізбектері, секвенциялар)

  1. Теориялық білім сабақ барысында түсіндірілген мағлұматтарды оқулықтан немесе жазған конспектісінен оқып меңгеру

  2. Фортепианодағы жаттығулар - есту қабілеті арқылы елестетіп клавиатураны сезінумен дамуды қамтиды. Фортепианодағы жаттығулардың негізгі түрлері

  • жеке аккордтарды құру және жалғама жасау, шешу

  • гармониялық тіркестерді ойнау (аккорд тізбектері)

  • диатоникалық және хроматикалық секвенцияларды ойнау

  • модуляцияларды және біртональдік гармониялық тіркестерді ойнау.

  1. Жазбаша жұмыстары, атап айтқанда әуенді гармониялау (бас дауысын гармониялау сирек түрде) - курстың апталық жазба жұмыстарының дәстүрлі формасы болып табылады. Алдымен форманы, әуеннің басты тональдігін, әрі қарай оның бөлімдерін, кадецияларын, тональдік жоспарын, функцияларын анықтау қажет.

  2. Гармониялық талдау - практикалық жаттығулардың негізгі формасы. Талдау жоспары төмендегідей болуы мүмкін шығарманың жанры, оның бейнелік құрылысы, тональдік жоспары, каденциялары, функциялары анықталуы қажет.

Барлық апталық тапсырмаларды оқытушы жүйелі түрде тексеру қажет.

Пәннің тақырыптық жоспары


Бөлімдермен тақырыптардың атаулары

Сағат саны


ІІ курс



Кіріспе

2

1.

Үндестіктердің төрт дауыстағы құрылымы.

8

2.

Негізгі үш үндестіктердің функциялық жүйесі

2

3.

Негізгі үш үндестіктердің жалғануы

8

4.

Негізгі үш үндестіктер. Функция жүйесімен әуенді гармониялау

4

5.

Үш үндестіктердің сиымдылығы.

2

6.

Бас дауысын гармониялау

2

7.

Терциялардын аттаулары

2

8.

Кадансалы квартсекстаккорд К6/4

4


Қайталау

2

9.

Негізгі үш үндестіктердің секстаккордтары

10

10.

Кварта-квинта арақатынасындағы секстаккорпен үш үндестіктің аттаулары

6

11.

Екі секстаккордтың жалғануы

2

12.

Негізгі сатыдан құралған өткінші және жанама квартсекстаккордтар

4

13.

Доминантсептаккорд және оның айналымдары.

10

14.

Доминантсептаккордтың тоникаға шешілуіндегі аттаулар.

2


Бақылау жұмысы

4


Қорытынды:

74


ІІІ курс


1.

Мажор мен гармониялық минордың толық функциялық жүйесі

2

2.

ІІ сатыдағы секстаккордпен үндестік

8

3.

Гармониялық мажор

2

4.

VI-сатыдағы үндестік. Үзу жүйелігі

6

5.

SІІ7 екінші сатыдағы септаккорд

8

6.

DVII7 жетінші сатыдағы септаккорд

8

7.

Доминантнонаккорд. Д9

10

8.

Аз қолданылатын доминанта тобының аккордтары

12

9.

Натуралды минордағы фригиялық жүйеліктер

8

10.

Тональді диатоникалық секвенция

6

11.

Бақылау жұмысы

4


Қорытынды:

74






ІV курс


1.

Қайталау

3

2.

Қос доминанта

9

3.

Қос доминанталардың ішкі құрылыстарда қолданылуы

9

4.

Альтерациялы қос доминанта

9

5.

Ауытқу

21


Бақылау жұмысы

3


Қайталау

2

6.

Хроматикалық секвенциялар

4

7.

Бірінші дәрежелі модуляцияның туындысы

18

8.

Модуляциядағы натуральді минор

6

Емтиханға дайындық

4


Бақылау жұмысы

2


Қорытынды:

90







Пәннің үлгілік бағдарламасының мазмұны


1 бөлім Диатоника


Тақырыбы: Аккорд. Үндестіктердің төрт дауыстағы құрылымы.


Кіріспе. Гармония. Үндесу. Аккорд. Аккордтын түрлерімен атаулары. Аккордтын дыбыстарының атаулары. Кідіріс. Полифония және Гомофония жайлы түсінік. Әуен. Форма. Период. Үндестіктердің тар және кең орналасулары.


Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: Әр-түрлі тональдіктерде үдестіктерді тар және кең орналасуларын құру.

Фортепианода: Әр-түрлі үндестіктерді тар және кең орналасуларында құрып ойнау.

Тақырыбы: Негізгі үш үндестіктердің функциялық жүйесі.

Лад. Ладалық функция. Негізгі үндестіктердің функциялық жүйесі. Гармония тіркестерінің атауы.

Практикалық тапсырма:

Жазбаша: Әр-түрлі тональдіктерде үндестіктердің төрт дауыста құрылымын жасау.

Фортепианода: Әр-түрлі тонанальностерде үндестіктердің төрт дауыста құрылымын жасап ойнау.

Гармониялық талдау №№1,2.

Тақырыбы: Негізгі үш үндестіктердің жалғануы.

Дыбыстын жылжуы. Дауыстардағы біріккен жылжулар. Аккордтар ара қатынасы. Ортақ дыбыс. Негізгі үш үндестіктердің өзара гармониялық және әуенді жалғану тәсілдері.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: Берілген тональдіктерде негізгі үш үндестіктерді гармониялық және әуенді жалғамын құрып

фортепианода ойнау. Секвенция 37 тапсырма №№ 1,2

Тақырыбы: Функция жүйесімен әуенді гармониялау.

Гармониялау. Үш үндестіктердің бір-бірімен жалғану ережесі мен тәсілдері.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 68 тапсырма № 1-127; Алексеев № 1-10.

Фортепианода: 69 тапсырма №1-5; / T S / T D / T S / D T// бір-екі белгісі бар тональдіктерде аккорд тізбектерің ойнау.

Секвенция 37 тапсырма № 3,4.

Тақырыбы: Үш үндестіктердің сыйымдылығы.


Аккордтың сыйымдылығы. Оның рөлі. Сиымдылықтың ережелері мен орналасу түрлері.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 74 тапсырма № 1-8. Алексеев №14-20.

Фортепианода: 75 тапсырма № 1-4. / T- / S- / T S / T D / T//

Гармониялық талдау №№ 3,4. Секвенция 37 тапсырма №5,6.

Тақырыбы: Бас дауысын гармониялау.

Гармониялық жалғамның қолданылуы. Әуенді жалғамның қолданылуы. Сиымдылық қолдану ережелері.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 80 тапсырма № 1-9. Алексеев №21-24.

Фортепианода: 81 тапсырма №1-3.

Гармониялық талдау № 5. Секвенция -37 тапсырма № 7,8.

Тақырыбы: Терциялардын аттаулары.

Сопрано және тенор дауысында терциядан терцияға аттау тәсілі.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 86 тапсырма № 1-6. Алексеев №25-30.

Фортепианода: 87 тапсырма № 1-4.

Гармониялық талдау № 6. Секвенция -37 тапсырма № 9,10.

Тақырыбы: Кадансалы квартсекстаккорд. К6/4

Функциональді өзгешелігі. Период. Каденция түрлері: жартылай және қорытынды.Жартылай және қорытынды каденциядағы дауыс жылжулары. Кадансалы квартсекстаккордтың дайындалуы. К6/4-тың сиымдылығы.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 115 тапсырма № 1-9. Алексеев №31-40.

Фортепианода: Бір-екі белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау; / T- / S- / S S6/ K6/4 D / T D / T S / K6/4 D / T //.

Гармониялық талдау №№ 7-15. Секвенция 75 тапсырма № 1,2.

Тақырыбы: Негізгі үш үндестіктердің секстаккордтары.


Функциялық қызметі. Аккордтардың қосарланатын дыбыстары. Кварта-квинта арақатынасындағы секстаккорд пен үш үндестік, олардың дауыс жүрістерімен жалғануы. Секстаккорд пен үш үндестіктің секунда қатынасындағы жалғануы. Секстаккордтың сиымдылығы.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: 137 тапсырма № 1-10; Б. Алексеев № 41-56.

Фортепианода:/ T T6 / S S6 / T S6 / K6/4 D / T D6 / T S6 / K6/4D / T //-жүйеліктерін 1-2 белгісі бар тональдіктерінде ойнау.

Гармониялық талдау №№16-18.

Секвенциялар: С.Максимов: 55 тапсырма а) №1-3; б) №1-3; в) №2,3; г) №1,2.

Тақырыбы: Секстаккордпен үш үндестіктің аттаулары.

Прималардың және квинталардың аттаулары. Аралас аттаулар. Қос аттаулар. Қатарласқан октава және квинта . Аттаулар жалғамдарының маңызы.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: 152 тапсырма № 1-12; Б. Алексеев № 57-71.

Фортепианода: /T T / S S6/T S6 / K6/4 D / T D6 / T S6 / K6/4 D / T //-жүйеліктерін 1-2 белгісі бар тональдіктерінде ойнау.

Гармониялық талдау №№ 19-21.

Тақырыбы: Екі секстаккордтың жалғануы.

Жалпы түсініктеме. Секстаккордтың кварта-квинта ара қатынасы. Секстаккордтың секунда ара қатынасы. Секстаккордтың минордағы ерекшеліктері.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: 166 тапсырма № 1-7; Б:Алексеев № 72-85.

Фортепианода: алдынғы аккорд жүйеліктерін 1-2 белгісі бар тональдіктеріңде ойнау.

Гармониялық талдау №№ 22,23.

Тақырыбы: Өткінші және жанама квартсекстаккордтар.

Түсініктемесі. Өткінші квартсекстаккордтар. Жанама квартсекстаккордтар. Дауыс жылжулары мен жалғануы. Өткінші квартсекстаккордтардың қолданылуы.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:178 тапсырма № 1-9; Б. Алексеев № 86-96.

Фортепианода: /T D6/4 /T6 T/ S S6 / K6/4 D / S T6/4 / S6 S / K6/4 D / T S6/4 / T // 1-3 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 24-30.

Тақырыбы: Доминантсептаккорд.

Доминантсептаккордтың құрылымы және белгісі. Септаккордтың бифункциональдігі. Доминантсептаккордтың дайындалуы. Доминантсептаккордтың тоникаға шешілуі. Доминантсептаккордтың каденция маңында қолданылуы. Доминантаның септимасына атталуы.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша:197 тапсырма № 1-11Б. Алексеев № 97-101.

Фортепианода: T T6/S D2/T6 S/ K6/4 D /T D4/3/ T6 S/ K6/4 D7/T S6/4/ T// 1-3 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 7-15.

Секвенциялар: С. Максимов. 80 тапсырма а) № 1-8; б) №1-3.

Тақырыбы: Доминантсептаккордтың айналымдары.

Атаулары мен белгілері. Доминантсептаккордтың айналымдарының тоникаға шешілуі. Доминантсептаккордтың айналымдарының қолданылуы. Доминантсептаккордтың айналымдарының сиымдылығы.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:214 тапсырма № 1-10; Б. Алексеев № 102-106.

Фортепианода: T6 D4/3 T / S T6/4 S6 / K6/4 D D / T D6/5 T / S D2 T6 / K6/4 D D7 / T S6/4 T// 1-3 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 31-40.

Тақырыбы: Доминантсептаккордтың тоникаға шешілуіндегі аттаулар: Д2 Т6.

Квинталардың аттаулары. Қос аттаулар. Қорытынды каденциядағы қарама-қарсы және қатарласқан октавалар.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:226 тапсырма №1-10. Алексеев №107-111.

Гармониялық талдау №№ 41-46.

Тақырыбы: Мажор мен гармониялық минордың толық функциялық жуйесі.

Мажор. Тоникалық топтарының негіздері. Гармониялық минор. Аккорд тізбектерінің логикасы. Негізгі септаккордтар.Толық функциялық жүйесінің айналымдары. Диатоникалық жүйе.

Практикалық тапсырма:


Ауызша: Әр-түрлі тональностерде үш үндестіктердің функциялық жүйесің атау.

Тақырыбы: ІІ-сатыдағы секстаккордпен үндестік: SII6 SII.

Жалпы субдоминанта тобы.ІІ негізгі ІІ-сатыдағы үндестіктен басымдылығы. ІІ - даның дайындалуы. ІІ -даның D топтарына жалғануы. ІІ мен D -ның гармониялық әдісте жалғануы. Негізгі ІІ-сатыдағы үндестіктің мажорда қолданылуы.ІІ үндестіктің терция ара қатынасындағы жалғануы. ІІ үндестіктің D тобымен жалғануы. ІІ сатыдағы үндестік пен ІІ аралығындағы өткінші тоника.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:258 тапсырма № 1-9. Алексеев №112-122.

Фортепианода:/ T T6 / S D2/T6 SII6 / K6/4 D / T D4/3 / T6 SII6 / K6/4 D7 / T S6/4 / T // 1-3 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 47-52. Секвенция 105 бет №№ в,б,д.

Тақырыбы: Гармониялық мажор.

Гармониялық мажордағы субдоминанта тобының аккордтары.

Олардың қолданылуы.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:265 тапсырма № 1-7. Алексеев №123-133.

Фортепианода: алдыңғы жүйеліктерін ойнау.

Тақырыбы: VI-сатыдағы үндестік. Үзу жүйелігі.

ІV - саты үндестігінің функциялық қызметі. Үзу жүйелігі. Т мен S ортасында ТSVI өткінші ретінде қолданылуы. D-VІ үндестіктерінің жалғануы. VI - D үндестіктерінің бір бірімен жалғануы. Ұзартылған периодтың кейбір тәсілдері.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:280 тапсырма № 1-7. Алексеев №134-145.

Фортепианода:/ T TSVI/S D2/T6 SII6/K6/4 D/T D4/3/ T6 SII6/K6/4 D7/TSVI S6/ K6/4 D7/T// 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 53-64. Секвенция 114 бет № 186 а,б.

Тақырыбы: SII7 екінші сатыдағы септаккорд.

Оның құрылысы және айналымдары. ІІ7 және оның айналлымдарының дайындалуы. ІІ7-тың доминантаға жалғануы. ІІ7-тың және оның айналымдарының К6/4-қа жалғануы. ІІ7 және оның айналымдарының тоникаға шешілуі. Екінші секундаккорд жәйлі. ІІ7 және оның айналымдарының арасындағы өткінші дыбыстар.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:294 тапсырма № 1-15. Алексеев №146-166.

Фортепианода: /T SII7/ D4/3 T / S SII6/5/K6/4 D/T TSVI/S6 SII4/3 / K6/4 D7 / T SII2/ T// 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 65-75.

Секвенциялар: С. Максимов: 105 тапсырма а) № 1,2; б) № 1; в) № 1,2; г) № 1,2.

Тақырыбы: DVII7 жетінші сатыдағы кіріспе септаккорд.

Жетінші септаккордтың құрылысы. Кіріспе септаккордтың дайындалуы. Кіріспе септаккордтың D7 және оның айналымдарына жалғануы. Кіріспе септаккордтың тоникаға шешілуі. Кіріспе септакордтар аралығындағы өткінші аккордтар. Кіріспе септаккордтың тоникаға шешіліміндегі аттау тәртіптері.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша:313 тапсырма № 1-8. Алексеев №167-180.

Фортепинода: /T SII2/ктVII7 T/ S SII6/5/ K6/4 D / T TSIV/S6 VII2 / K6/4 D7 / T// 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 91-101. Секвенция 141 бет № 222 а,б.

Тақырыбы: Доминантнонаккорд.

Түсініктемесі. Доминантнонаккордтың дайындалуы. Автентикалық жуйеліктерден соң қолданылуы. D9-тың тоникаға шешілуі.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша:336 тапсырмалар № 1-8; Б.Алексеев № 181-190.

Фортепианода: /T SII2/VII7 T/ S SII6/5 / K6/4 D/ T TSVI / S6 SII6/5/ D9 D7/ T // 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 106-108.

Секвенциялар: С. Максимов: 117 тапсырмаа) № 1-3; б) № 1; в) № 1; г) № 2.

Тақырыбы: Аз қолданылатын доминанта тобының аккордтары.

А. VII сатыдағы кішірейтілген үндестіктің секстаккорды.

ДVII6 қолдану ережелері.

Б. ІІІ-саты үндестігі DTIII. Түсініктемесі. Оның қолданылуы.

В. Сексталы доминанта. Сексталы доминантаны қолдану: бірден қолданылуы және кешігіп қолданылуы жәйлі.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 354 тапсырма № 1-10; Б.Алексеев № 191-206.

Фортепианода: /T DTIII / S D2/ T6 SII6/5/ K6/4 D / T TSVI/ S SII4/3/ K6/4 D7 / T SII2/ T// / 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 109-111; 102-105.

Тақырыбы: Натуралды минордағы фригиялық жүйеліктер.

Натуральді минор. Фригиялық тетрахорд. Фригиялық айналым.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 366 тапсырма № 1-11; Б.Алексеев № 207-225.

Фортепинода: t dtIII/ S D2/ t6 SII6/5/ K6/4 D / t dVII/S6 D/ t D7/ t SII2/ t // минор 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№ 122-133.

Тақырыбы: Тональді диатоникалық секвенция.

Мелодиялық секвенция. Гармониялық секвенция.

Секвенциядағы үндестіктер, септаккордтар. Секвенция қолдану тәсілдері. Олардың түрлері.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 382 тапсырма № 1-5; Б.Алексеев № 226-230.

Фортепианода: 1-4 белгісі бар мажор және минор тональдіктеріңде аккорд жүйеліктерін ойнау (периодтарды қайталау).

Гармониялық талдау №№ 112-121.

Секвенциялар: Дубовский 386 тапсырма 1-18

Тақырыбы: Қос доминанта.

Қос доминантаның маңызы. Қос доминантаның дайындалуы. Қос доминантаың К6/4 арқылы доминантаға жалғануы.Қос доминантаның доминанта үндестігіне жалғану.


Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 435 тапсырма № 1-12; Б.Алексеев № 248-258.

Фортепианода:/ T DTIII/ S D2/ T6 DD4/3/ K6/4 D/ T D4/3 / T6 DDVII6/5 / K6/4 D7 / T SII2/ T // 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау №№149-153.

Тақырыбы: Қос доминанталардың ішкі құрылыстарда қолданылуы.

Қос доминатаның доминантаға және Т6/4 (өткінші) шешілуі.

Қос доминанталардың диссонансты Д мен S топтарына өтуі.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: 445 тапсырма № 1-12; Б.Алексеев № 260-270.

Фортепианода: алдыңғы аккорд жүйеліктерін 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде ойнау.

Гармониялық талдау №№154-159. Секвенциялар №№ 13-18 (Дубовский 383 тапсырма.)

2 бөлім Хроматика

Тақырыбы: Альтерациялы қос доминанта.

Түсініктемесі. Альтерациялы қос доминанталардың тобы. Олардың дайындалуы. Мажор мен минордағы альтерациялар, Үлкейтілген сексталы ДД-дың К6/4 немесе Т6/4-қа жалғануы.


Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: 464 тапсырма № 1-10; Б.Алексеев № 276-282.

Фортепианода:/ T DD2/ D6/5 T/ SII6/5/ DD6/5 / K6/4 D/ T D4/3 / T6 DDVII6/5 / K 6/4 D7/ T DD4/3/ T // 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Тақырыбы: Ауытқу.

Түсініктемесі. Ауытқу тәсілдері. Жанама доминанта жәйлі. Кіріспе VII7 арқылы ауытқу. Жанама субдоминанта арқылы ауытқу. Дауыстардың жалғануы. Периодтағы ауытқу таралуы.

Практикалық тапсырмалар:


Жазбаша: 493 тапсырма № 1-10; Б.Алексеев № 295-300.

Рабочая программа по гармонииРабочая программа по гармонииРабочая программа по гармонииФортепианода: /T D4/3 / TSVI D4/3 / S DD6/5/ K6/4 D/ T6 D6/5 / DTIII DD4/3/ K6/4 D7/ T SII2 / T // 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде жүйеліктерін ойнау.

Гармониялық талдау: №№ 161-187. Хроматикалық секвенциялар №№1-4 (Алексеев)


Тақырыбы: Хроматикалық секвенциялар.

Жалпы түсінік.Секвенцияның тізбек буындарының саны. Буындарының құрылысы.

Практикалық тапсырмалар:

Жазбаша: 500 тапсырма №№ 1-10.Алексеев №№ 301-315. Хроматикалық секвенциялар №№ 1-4 (Алексеев)

Тақырыбы: Бірінші дәрежелі модуляцияның туындысы.

Бірінші дәрежелі модуляцияның мажордан таралуы. Бірінші дәрежелі модуляцияның минордан таралуы. Ортақ дыбыс. Ортақ аккордтардың саны. Модуляция жасайтын аккорд. Ортақ аккордтардың қортындысы. Жанама доминанталар тобына қарай модуляция. Субдоминанта тобына қарайғы бейім модуляция. Ортақ және модуляция жасайтын аккордтар. Ортақ аккордқа ауытқу.


  1. Алғашқы тональностегі гармониялық жүйеліктер

  2. Ортақ аккорд

  3. Модуляция жасайтын аккорд

  4. Жаңа тональностегі гармониялық жүйеліктер

  5. Каденция

Практикалық тапсырмалар:



Жазбаша: 525 тапсырма № 1-10; Б.Алексеев № 348-360

Рабочая программа по гармонииРабочая программа по гармонииФортепианода: /T D4/3 / TSVI D4/3 / S DD6/5 / K6/4 D / T D6/5 / T== ? DD4/3 / K6/4 D7 / T (t) // модуляциялық периодты 1-4 белгісі бар тональдіктеріңде ойнау.

Гармониялық талдау №№ 188-198. Хроматикалық секвенциялар №№ 16,17,21,31.(Алексеев). Дубовский 806 тапсырма №№ 1,2.

Тақырыбы: Модуляциядағы натуральді минор.

Жалпы түсінік. Фригиялық айналым тізбектері арқылы минорға модуляция жасау.

Практикалық тапсырма:

530 тапсырма №№ 1-9.Алексеев №№ 361-370. Гармониялық талдау №№ 199,200. Секвенциялар №№ 3,5 (Дубовский 806 тапсырма)

Оқытудың жоспарланған нәтижелерін бақылау


«Гармония» пәні 6 семестр бойы оқытылады және бірнеше бақылау түрі бойынша бағаланады.


  1. Сынақтар-4,7

  2. Емтихандадар-5,8

Сынақ талаптары:

  • Есеп шығару

  • Секвенцияларды ойнау

  • Аккорд тізбектерін ойнау (оқытылған материал көлемінде)


Емтихан талаптары


  1. Әуенді гармониялау. (Дубовский, Алексеев, Можжевелова оқулықтары)

  2. Хроматикалық және диатоникалық секвенцияларды ойнап көрсету.

  3. Аккорд тізбектерін ойнап көрсету біртональді период немесе бірінші дәрежелі модуляциялы период.

  4. Период көлемінде кішкене үзіндіге гармониялық талдау жасау.(Скребков «Хрестоматия по гармоническому анализу»)

  5. Ауызша сұрақтарға жауап беру.





Оқулықтар:


  1. И.Дубовский, И.Соколов, С. Евсеев, В.Способин - «Учебник гармонии»

  2. Б.Алексеев - «Задачи по гармонии»

  3. Можжевелов - «Задачи по гармонии»

  4. С.Скребков, О.Скребкова - «Хрестоматия по гармоническому анализу»

  5. С.Максимов - «Практические упражнения по гармонии на фортепиано»

  6. Қ.Сақи - «Гармония»

© 2010-2022