Сценарий для праздникаТілдер мерекесі

                                        Тілді сүю – тал  бесіктен  1 фанфар.2 жүргізуші ортаға шығады.1 жургізуші:  Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары.2 жүргізуші: Армысыздар өрліде, асқақ рухты тәуелсіз елдің    азаматтары, жас бүлдіршіндері.  1 жүргізуші: Бүгінгі өткізілгелі отырған «Тілді сүю – тал  бесіктен» атты мерекелік іс- шарамыз Қазақ елінің тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. 2 жүргізуші         Қайта туды қазағымның ай- күні,                              К...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарий для праздникаТілдер мерекесі(

Әйтеке би:

Тамыры суда тұрсада,уақыты жеткенде,құрамайтын құрақ жоқ,тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би :

Жасыма!

Уа,халқым!

Көсіме шабар жерің бар!

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

Би: Батырлар

Гүлден қыз шығады.

Ортаға тіл шықты

Қуан халқым

Күшіне енді тіл заңы

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Паш еткенде кескен жаңа кіндігін

Ер елдігі бағаланар тілімен

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Салем саған жас буын жалғастарым,

Балашақта сендермен жалғасамын,

Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,

Ана тілін ауадай ардақтаған.

Балдырған:

Ақыл ойын адамның

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның

Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

(барлығы сахнаға музыка әуенімен кіреді)

1-жүргізуші:

Ерекше бір сән беріп кешке бүгін,

Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім

Ана тілім рухымды көтереді

Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.

Хор: «Мақтаным Қазақстан»

2-жүргізуші:

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс» - деп өз жолдауында елбасымыз айтқандай біздің балабақшамызда үштілділікті ұстанады. Ендеше балаларға сөз берейік.

Нұрсезім:

Родной язык!

Он с детства мне знаком.

На нем впервые я сказала «мама»,

На нем клялась я в верности упрямой

И каждой вздох понятен мне , он мой,

Но, как родной,

Люблю язык я русский ,

Он нужен мне, как небо,

Каждый миг,

На нем живые, трепетные чувства

Открылись мне.

И мир открылся в них.

Песня: «Вместе весело шагать»

Бекдәулет:

I love my homeland

I perfect Kazakh nation

Love my mother torque

I live, I breathe, I run

I want to say my Kazakhstan

Thank you my mother tongue

Song: If you are happy

1-жүргізуші: Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Нұрай:

Ана тілім - тастамайтын әліппем

Болғаным жоқ әріптерін танып мен

Өз тілімді жақсы көру арқылы

Достасамын басқа барлық халықпен

Қымбат:

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің

Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Дарын:

Тілің білген Абылай, Абай да,

Құдырет берген ана тіл талай ұлға

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайында

Ана тілім күмбірле сарайымда

Мадина:

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда -айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Бекжан:

Ана тілі-біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап,бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ,қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл!»-деп қараңыз.

2-жүргізуші:Ән: « Көк тудың желбірегені»

Орындайтын Алихан.

Жас тәрбиешілердің әні : «Ана тілі»

Әннің соңғы жағында барлық балалар ортаға шығады.

1-жүргізуші: Ана тілінің мәртебесі арта берсін!

2-жүргізуші:Ана тілі тек қана биіктерден көрініп,өрлей берсін!

Екеуі:Осымен тіл мерекесіне арналған іс-шарамыз өз мәресіне

жетті.Хош сау болыңыздар!


© 2010-2022