Нотаны бірден оұып уйрету

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТРЕМОЛО ҚАҒЫС ТЕХНИКАСЫН ДАМЫТУ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі,

домбыра сыныбының мұғалімі

Кубегенова Жанар Инирбаевна

Пән аты: Домбыра

Сабақтың мақсаты: Тремоло қағыс түрлерін дамыту.

1.Білімділігі: Домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеруге,оқушының өнерге деген ынта ықыласын өсіру.

2.Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын арттыруға музыканы дұрыс таңдап, тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Есту, есте сақтау қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Дара сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңадан өтілетін шығарманы аспапта ойнап көрсету, түсіндіру, тыңдау, сұрақ-жауап алу. Оқушының қабылдау қабілетін қадағалау.

Пән аралық байланыс : Теория, музыка әдебиеті.

Сабаққа қажетті құралдар мен кқрнекіліктер: Домбыра аспабы, пульт, буклет, оқулықтар, плакаттар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) теориялық

б) практикалық

IV. Қорытындылау.

V. Бағалау

Сабақтың жүрісі :

I.Ұйымдастыру

Оқушыны ашық сабаққа дайындау.

а) Сабаққа керекті оқу құралдарын тексеру.

б) Домбыра аспабының бұрауын түсіріп,сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. А dur //Fis moll гаммалары

2.А.Жайымов «Этюд» жаттау

3. Бел.халық.әні «Янка» жатқа ойнап келу.

4. Тәттімбет «Сылқылдақ» белгіленген жерге дейін ойнап келу.

III.Жаңа сабақ : «Тремоло қағыс түрлерін дамыту»

а) Теориялық:

Бүгінгі жаңа сабақта тремоло қағыс түрлерін дамыту. Тремоло - (ит.tremolo-дірілдеу) - бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу ушін қолданылады. Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанмен негізінен оның екі түрі қолданылады.

1.Жеке сұқ саусақпен орындау :

Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қауысыра ұстап, алақаны төмен қаратып орындау керек.

Нотаны бірден оұып уйрету

2.Сұқ саусақпен бармақ арқылы орындау:

Ойналатын тремололар қолдың әртүрлі қимыл қозғалысымен орындалады.

Нотаны бірден оұып уйрету

Мысалы : Тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншіден буынға беріледі.

Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.

Тремоло штрихына соль ішегінде жаттығу.

б) Практикалық:

Нотаны бірден оұып уйрету

IV.Қорытынды:

Жаңа сабақтан оқушының алған әсерін байқау есебінде сұрақтар қою арқылы тексеремін.

а) Жаңа сабақтың тақырыбы қандай және не түсіндің?

б)Тремоло штрихында неше түрі қолданылады ?

Оқушының сабақ қатынасына байланысты ескертпелерді айтамын.

V.Үйге тапсырма:

Өткен шығармаларды қайталап келу .Жаңа сабаққа байланысты берілген Халық әні «Харарау» уйден санап ойнап келу.

VI.Бағалау:

Оқушының сабаққа қатысу белсенділігін ескере отырып шынайы білімділігін бағалаймын.








Нотаны бірден оқып ойнауға қалыптастыру

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі,

домбыра сыныбының мұғалімі

Кубегенова Жанар Инирбаевна


Оқушыны өнер мектебінің алғашқы сыныптарына қабылданғаннан кейін, оларға алғашқы нотаның түрлері, сипаты, оның ұзақтығы жазылу ережелерімен таныстырылады. Оқушының жалпы мектептегі сабақ үлгерімдері мен оқуы, есте сақтау қабілеттері дамыған жағдайда, олардың осы өнер мектебіндегі сабақ оқуымен оны игеру үрдістері бір-бірімен сәйкес келеді. Кейбір оқушылардың жалпы мектептегі сабақ үлгерімдері орташа немесе нашар болған жағдайда, оның өнер мектебіндегі сабақ алысыда онша қашыққа бармайтындығы көптен белгілі. Мектептегі сабағына қалай қарайтын болса онда, өнер мектебіндегі сабағына да солай қарайтындығы байқалады. Көріп жүргендей өнер мектебіне қабылданған оқушылардың басым көпшілігі сабаққа үлгерімі жақсы деген оқушылар болып келеді, олардың сөйлеуі, қабылдауы және білмеген тұстарын сұрауы, сонымен қатар жүріс-тұрысы, сабаққа қатысы осының бәрі оқушы бойынан байқалып тұрады. Сыныпта нота түрлерінің жазылуын, айтылуын оның ұзақтық созылуын дұрыс біле білмеген оқушының әрі қарай оқу сауаты да онша қарқынды болмайды. Ондай оқушылар бірінші сыныпты емес тіпті бесінші сынып оқушыларында да кездесіп отырады. Мұғалімнің салғырттығынан, кезінде оқушының нотаға қарап ойнауынан, қолға қаратып ойнауын жеңіл көргендігінен, ондай болған жағдайда, оқушы үй тапсырмасына-да салғырт қарап тек мұғаліммен ғана дайындалуды әдетке айналдырады. Оқушылардың нотаға қарап ойнауы әсіресе оркестр, ансамбль сабақтарын ерекше талап етеді, олай болмаған жағдайда жетекшілерге үлкен қиындық тудырады.

Бірінші сыныптан бастап әр берілетін шығарманың тактілерін оқушымен отырып талдау, оның қай нота, қай сызықта екендігі, оның ұзақтығы және шығарма аяғына дейін неше такт бар екендігі әр сабақ сайын, әр өтілетін оқушыдан үнемі сұрап соны талап етіп отырса, ол оқушының нота оқу танымы жақсара береді. Домбыра аспабында соль-ре ішегі бойындағы ноталардың орналасу схемалары жасақталып сол арқылы оқушыларға жаттатып барып, алғашқы соль-ля-си-до ноталарына дейін саусақ қағыс түрлерін қою арқылы жаттығулар жасау және сол жаттығуларды позициялар арқылы әрі қарай дамыта отырып оқушының көз танымын яғни ноталардың октавалық орналасуын жақсы ажырата оқытып отырса, ол оқушының нота танымы мен оқу сауаты жақсы қалыптасқаны сөзсіз.

Мысалы: : Нотаны бірден оұып уйрету

Бірінші тактіде соль төрттік, ля төрттік нота 1-ге санаймыз. Кілт белгісінде 2/4 олай болса 1-ге,2-ге саналады. Екінші тактіде си-до жалғасып сегіздік ноталар да, ре төрттік нота ол 1-ге,2-ге саналып ойналады. Саусақ қойылымдары, қағыстары бәрі де талапқа сай, әр сабақ кезінде үнемі осылай қайталап сұрап отырса, оқушының есте сақтау қабілеті нота танымын, оның орналасу, айтылу және ойналуын жақсы меңгеріп кететіндігі мұғалімнің үнемі соны талап етуінен танылады-да болашақта әрі қарай жұмыс жасауына жол ашылады.

Оқушының нота танымын, оның жақсы меңгеруін және аспап мұғалімі емес оған тікелей жауапты теория пәнінің мұғалімдері де кіреді. Себебі оқушыға нота оқуға оның теориялық талдауына осы мұғалімдердің әр сабақты өткізу негіз бола алады. Ол үшін әр аспап мұғалімдері әр тоқсанда бір немесе екі рет теория сабақтарға қатысып пән мұғалімінен пікір алмасып отырса, нашар деген оқушы болмаған болар еді. Болашақта әр оқушының нота танымын, нотаға қарап ойнау шеберлігін жақсы жолға қоямыз десек, әр оқушымен жеке жұмыс жасап, соның музыкалық шеберлігін дамыту жолында ерінбей жұмыстануы бүгінгі маман талабы.



© 2010-2022