Мейірім шуағы қайырымдылық концерті

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мейірім шуағы» (қайырымдылық концерт)


Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар және қадірменді қонақтар! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт бүлдіршіндер! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?.... Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші. Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса «Мейірім шуағы» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Сөз мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапарова Әсел Махмудқызына беріледі.
Жүргізуші: Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
Алдарыңызда Нұрбол «Алға, Қазақстан» әнімен. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы ата - ана.
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның.
Балнұрдың орындауында «Айгөлек» әні.

Жүргізуші: Өмір - сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір - сенің сарқылмайтын дастаның.
Қиыншылық түскен кезде басыңа,
Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.
«Туған жер» әні орындайтын Камила. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасасың, ортаға «Шығыс биімен» биші қыздарыңызды шақырамыз.

Жүргізуші:

Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен, - деп ортаға «Ертегілер» әнімен Гүлназды шақырамыз.

Жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей ортаға Алданыш пен Азатты «Бол жанымда» әнімен шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Өмірде Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Назымның орындауында «Мама» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.
Жүргізуші: Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман - үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
Камиланың орындауында «Армансыз күнім болмайды» әні. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.

Алдарыңызда «Өзбек» биі қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: «Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз». Ал, біз - Қазақстан елінде, жерінде тұрамыз. Бірінші мақтанышымыз бала болса, екінші мақтанышымыз еліміз, туған жеріміз Қазақстан!

Ортаға Айсұлуды «Жан жылуы» әнімен шақырамыз. Қошеметтеп отырыңыздар!

Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Біз өмірді сүйеміз пәк жүрекпен,
Күресуге үйренеміз шаршасақ да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймыз әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Біз өмірді сүйеміз әрқашан да.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі «Мейірім шуағы» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды. Отбасыларыңызға береке, бірлік, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бірлік, татулық тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көңіл - қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Сараптамалық анықтама

«Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама болды. Бағдарлама басында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапарова Әсел Махмудқызы сөз сөйлеп, өзінің жылы лебізін білдірді.Оған барлық сынып оқушылары қатысты. Атап айтатын болсақ, «Алға, Қазақстан» әнімен Разахов Нұрбол, «Айгөлек» әнімен Мырзалы Балнұр, «Туған жер» әнімен Насирила Камила , «Ертегілер» әнімен Сулейменова Гүлназ және «Бол жанымда» әнімен Алданыш пен Азат, «Мама» әнімен Алтынбаева Назым, «Армансыз күнім болмайды» әнімен Насирила Камила және «Жан жылуы» әнімен Айсұлу шықты. Сонымен қатар, 8 сыныптың оқушылары «Шығыс» биін, 4 сынып оқушысы Балғабек Айдана «Өзбек» биін биледі. Осылайша бағдарлама өз соңына жетті. Концерт өз деңгейінде өтті.









Сараптамалық анықтама

«ЖасSTAR.kzt» атты қаламыздың Әнуар Боранбаев атындағы кинотеатр ғимаратында 2015 жылдың 28 қазан күні сағат 14.00 де Қостанай облысының Жастар орталығы және Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ - нің ұйымдастыруымен талантты жастар арасында шоу сайыс бағдарламасы өткізілді. Жобаның мақсаты талантты жастардың өнерлерін шыңдап, қолдау көрсету. Аталмыш сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Әрбір қатысушы өзінің қабілетіне байланысты шығармашылық өнер көрсетті. «ЖасSTAR.kzt» шоу сайысы 3 кезеңнен тұрды. Бірінші алдын - ала іріктеу кезеңі. Екінші іріктеу кезеңі, ал үшіншісі финал. Біздің мектебімізден шоу сайысқа 8 «А» сыныбының оқушылары қатысты. «Туған жер» әнімен Жәңкіш Ақмарал, «Шығыс» биімен Сабит Наргиз бен Қоныс Жаңагүл және «Фокус» көрсету өнерімен Рахан Қуаныш өздерін сынға салды. Рахан Қуаныш әділқазылардан кеңес алды. Әр жақтан келген оқушылар, студенттер бір - бірімен жарыса сыңға түсті. Осылайша шоу сайыс өз соңына жетті.





© 2010-2022