Сабақтың тақырыбы: Жатқа меңгеру, пауза (музыкалық тыныстау)

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Жатқа меңгеру,пауза (музыкалық тыныстау)

Сабақтың мақсаты: Домбыра үйрену

Сабақтың көрнекілігі:Домбыра,ноутбук,нота

Сабақтың барысы:

Домбыра сыныбы

1

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгендеп жоқ оқушыны журналға белгі қою

2

Үй тапсырмасын сұрау.

3

Жаңа сабақ

Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.

Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені -195 мм, ұзындығы -344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3-2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі -2,2-2,7 мм, онық ені -6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі -2,2-2,7 мм, оның ені - 4 мм.

Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы -2,0-2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы-2.0-1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені- 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы-4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны - қайыңнан, қақпағы - шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.

Бейне оқуды тамашалау

Бекітуге арналған тапсырмалар:

4

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырмасы



© 2010-2022