Мамандығым-мақтанышым тәрбие сағаты

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Құрманғазы атындағы саз колледжі»




«Мамандығым мақтанышым»

(сыр - сұхбат)



Өткізген: Халық аспаптар бөлімінің

оқытушысы С.К. Жумабаева




03. 10 2012 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Мамандығым мақтанышым»

Мақсаты:

білімділік - оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу;

Дамытушылық - жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік - оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Сыр - сұқбат

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі біздің өтейін деп отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамаңдығым мақтанышым». Бұл тәрбие сағатымыздың мақсаты - сендердің білім шыңына талпынудағы болашақ таңдаған мамандықтарың туралы ойларыңды білу, ой бөлісу.

Оқытушы: Ж. Аймауытов «Мамандықтын жаман жоқ, бірақ мұнын кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудын ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».

Мамандық таңдау - бұл өте маңызды іс. Өткені із өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, емші, қаржыгер, архитектор, миханик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңыздымәселе. Түркі тілдес халқының «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауылық керек.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарын келеді. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалды, отбасы дәстүрін жолдастық, немесе біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?».

Мамандық түрі көп.Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет, және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінең қуаныш таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыт арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс - табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «неге арналсан, соңы істе» деп қашанда адам өмірден орның өз таңдайымен тапқан жөн.

Оқушылармен сыр - сұқбат.

Сұрақтар:

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?

- Бұл мамандықты тандауынызға не себеп болды?

- Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет?

- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

- Осы мамандыққа жүрек қалауынызбен бардыныз ба?

Сергіту сәті:

«Психогеометрия» өзін - өзі тану: Өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды таңданыз.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап, ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілеттін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзінің кәсіптік мамандығынды менеджмент пен байланыстырмауға ұсыныс айтады.

Зикзак. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан. Сондай шығармашылық қабілетін ой өрісін дамыған.Сенде табиғи өткір ойлылық, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды.Басталған істі аяқталмауда төзімділіктін жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді таңдай аласын және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқанын ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кекілжіндер тән емес, өзінді олардан аулақ ұстайсын және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолок шығу мүмкін.

Ұшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігінді жасайсын. Өзіне сенімдісін женіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесін. Айтқанынан шықпасын, абыройлысын. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерше қол жеткізесін, жұмысында жоғары көтерілуге бейімділігін бар.

Қорытынды:

Еңбек етсен, ертенгі бақытыма сенемін.

Максатыма жеткізер - уақытыма сенемін.

Достық іспен қастыда - женеріме сенемін.

Ақыл, сана, білім мен өңеріме сенемін.

Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін дегендей ел сеніміне кіретін құрметті маман иесі болуларымызға тілектеспін.


© 2010-2022