Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері семинар

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сәлеметсіздер ме құрметті Мира Абсалыкқызы және әріптестер! Бүгінгі мектебімізде өтіп жатқан «Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері» атты семинарымызға қош келдіңіздер!


(музыка)


Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ және Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде деп Елбасы Н.Ә Назарбаевтың « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауын құптай отырып бүгінгі семинарымды бастауға рұқсат етіңіздер.

(музыка)


Құрметті әріптестер бүгінгі семинар тақырыбына байланысты аппарат түрлері және оларды пайдаланатын мекемелер мен мәдени орындары мен ғимарат залдарымен экраннан таныса отырайық

(музыка әуенімен экран арқылы танысады)

Жаңа өздеріңіз көргендей бұл ғимараттардағы аппаратуралар еліміздің кіші үлкен қалалардағы концерт залдарында және мәдени сауық орталықтарында пайдалануда. Енді бірінші апараттың жүрегі пульт жайлы түсінік беріп өтейін. Пульт - байланыс құралымен, дабыл аппаратурасымен жабдықталған үстел немесе тақта іспетті қондырғы.

Пульттің түрлері:

1.Микшерный

2.Активный

3.Цифравой

4.Диджейлік пульт

Бүгінгі күндері жиі қолданылатын микшерный және активный пульт. Пультке ноутбук, ұялы телефон, планшет, музыкалық центр, флешка, дисководтар жалғау арқықылы музықалық әуендер қойылады. Оны мини джек және төменгі бөлігі үлкен екі джек арқылы іске қосады. Джек стерио екі сызығы болады джекмоно бір сызықты болады.

Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері семинар

(микшер пульттің жоғары, ортаңғы төменгі бөліктері жайлы түсінік беру)

Микшерный пультке жалғанатын шнурлар:

  1. Дыбыс бағанасын іске қосатын шнуры - спекун

  2. Күшейткіш құралға жалғанатын шнур - ХLR (мама, папа)

  3. Микрофон жалғайтын шнур - ХLR (мама, папа) және джек-джек

Күшейткіш - қосымша энергияны пайдалану арқылы механизмнің басқаруын жеңілдететін құрал; ол энергия көзінен,бөліп таратқыш тетіктен және атқару механизмінен тұрады. (түсінік беру)

Дыбыс бағанасы - бір тұрпатты және өзара синфазалы түрде қосылған және бір қорапқа орналастырылған бірнеше қатты сөйлегіштерден тұратын топтық акустикалық дыбыс шығарғыш. Қуаты 2 Вт-тан 100 Вт-қа дейін жетеді. Жабық өнер ғимараттары мен ашық аландарды дыбыстандыру үшін қолданылады.

Дыбыс бағанасы екі түрге бөлінеді. 1.Дыбыс бағанасы. 2.Белсенді дыбыс бағанасы.

Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері семинар

(Белсенді дыбыс бағанасы жайлы түсінік беру)



Микрофон - дыбысты жазуға және дыбыс бағанасы арқылы күшейте шығару құрылғысы. Микрофон түрлері: 1.шнур микрофоны.

2.радио микрофон

3.конференция залына арналған микрофон

4. дыбыс басуға арналған микрофон

5. құлаққа орнатылған микрофон

(микрофондар жайлы түсінік беру)

Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері семинарМузыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері семинар

(Активный пульт жайлы түсінік беру)



Ойын түрінде семинарды қорытындылау.

Ойын: «Топтық жарыс»

1-топ - Активный пульт

2-топ - Микшерный пульт

Ойынның ережесі:

  1. «Қай топ жылдам» - араласқан шнурлардың арасынан керекті шнурды тауып жалғап іске қосу.

  2. «Дыбыс бағаналарын жөнге келтіру»- Әуенді ойната отырып жоғары, ортанғы және төменгі дыбыс бағаналарын тауып қою.

  3. «Микрафонды жүйеге келтіру» - Өлең айтып тұрған әншінің дауысына қарай жіңішке, ортаңғы төменгі қалыпқа келтіру.

Ұлы даналарымыз айтқандай « Өнер ағып жатқан бұлақ, білім жанып тұрған шырақ» демекші бүгінгі «Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері» атты семинарым өз мәресіне жетті. Осындай ірі техникалық құалдарды сабақта қолданудың өзі үлкен еңбек және өнер және музыкалық сауаттылықтың көрінісі. Бұл семинардың сіздерге алдағы уақытта сабақ барысында пайдасы тиеді деп сенемін.





Сәтбаев қаласы әкімдігінің

« Абай атындағы №4 мектеп - лицейі» КММ











«Музыкалық аппаратураны жүйелі түрде пайдалану тәсілдері»

(семинар)









Құрастырған: М.А.Қаратаев













2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022