Конспект урока на тему Қазақ вальсі

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 50 орта мектеп

Музыка пәні мұғалімі

Мектепова Жайнагул Ермековна

Г. Актобе

Казахстан

Пәні: Музыка Класы: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы вальс жанрының қалыптасуы жайлы әңгімелеу.

Білімділік: Композитор Л.Хамидидің шығармашылығы туралы мағлумат толықтырып, «Қазақ вальсі» әнін үйрену.

Дамытушылығы: Вальс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық-іс әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.

Тәрбиелілігі: Әнді тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО технологиясының «Алты телпек», топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейнетаспа, стикерлер.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих, математика, хореография

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту.

Класқа оқушылар вальс әуенімен кіреді.

1. әндетіп амандасу.

2.Психологиялық тренинг.

- Мен мықтымын,

- Мен әдемімін,

- Мен өнерлімін,

- Мен білімдімін,

- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!

3.Интерактивті тақтадан вальтің бірнеше түрлерінен үзінді көрсетіледі.

- Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады?

ІІ. Мағынаны тану.

- Ия , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ вальсі» деп аталады.(Дәптермен жұмыс)

- Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, яғни сабағымызды «Алты телпек» әдісі арқылы өткіземіз. (№ 1 слайд)

1. Бейнетаспаға назар аударайық. Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Қазақ вальсі» әні тыңдалады.

«Ақ телпек» Статистикалық .( Вальс қалай пайда болған?, әннің өмірге келген тарихы, тағдыры туралы не білесіңдер? )

«Сары телпек» - Сәттілік («Қазақ вальсі» әні несімен сәтті шықты. Немесе алғашқы орындаушысы кім? т.б.)

«Қара телпек» - Сәтсіздік (әннің сәтсіз тұстарын айтасыздар. Қазаргі таңда бұл әннің ырғағына жастар билей ма?, т.б.).

«Көк телпек» - Аналитикалық (Не үшін?, Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» - Шығармашылық (Әннің ырғағына вальс билеп көрсетуге болады, немесе өлең шығару.)

«Қызыл телпек» - Сезімтал (Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар.Билеген бимен әннің ырғағы үйлесе алды ма?)

-Балалар, вальсті қай кезде, қай жерлерде биленеді?

- Вальс ырғағында біз қандай әндермен таныспыз?

- Ендеше «Ана туралы жыр» әнін орындайық.

2. Дауыс жаттығуларын жасау.

3. Ән орындау. Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр»

4.Ән үйрету. Л.Хамиди «Қазақ вальсі» әні

Бұл биді нақышына келтіре орындаған Шара Жиенқұлова

Шара Жиенқұлова - қазақ би өнерінің ханшайымы

1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі - Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған.

Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған.

1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды.

Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш бейнесі - оның театрдағы алғашқы сомдаған рөлі. Кейін ол Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» қойылымдарында басты рөлдерді сомдады.

1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті.

- Балалар қазір Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін тыңдап үйренеміз.

- Латиф Хамиди кім, ол туралы не білеміз?

- Оқушыларға әннің авторлары Латиф Хамиди туралы мағлумат беріледі.

Қазақ музыкасының тарихында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық әртісі, композитор Латиф Абдулхайұлы есімі ерекше орын алады.

Композитор, дирижер, ұстаз өзінің жан-жақты жемісті еңбегімен, өзіндік

сипаты бар, көркемділігі биік шығармашылығымен өшпес мұра қалдырды.

Л.Хамиди (1906-1983) алғашқы шығармашылық жолын көптеген қаламдастары сияқты ән

жанрынан бастады. Бұл халыққа ең түсінікті және тартымды өнер саласында Латекең

жүзге жуық туындылар жазды. Заман сұраныстарына сәйкес хорлар, өз кезінде тәрбиелік-

рухтық, патриоттық сезімге толы бұл ән-романстар халық арасында кең тарап, қоғами-

әлеуметтік міндетін жоғары атқарды. Бұл тұрғыдан Л.Хамидидің 1940 жылы шыққан

әйгілі «Қазақ вальсін» (сөзі Сәбит Мұқановтікі) айтуға болады. Қуаныш пен шаттық сезім,

жастық үн мен еркіндікті паш ететін бұл вальс, осы күнге дейін өзінің құндылығын, мәні

мен сәнін сақтап, тыңдаушыны өмір сүйгіштікке бөлеп, қазақ музыкасының классикалық

үлгісі ретінде бағаланады. «Қазақ вальсін» тұңғыш орындаушы есімі аңызға айналған

өнер жұлдызы КСРО-ның халық әртісі Күләш Байсейітова еді. «Қазақ бұлбұлы» атанған

Күләш бұл әнді орындауымен халқымыздың, Латекеңнің атын бүкіл әлемге мақтан етуге

үлесін қосты. Ал, Күләштан кейін «Қазақ вальсіндей» керемет туындыны жаңа

орындаушылық деңгейде атақты әншіміз Бибігүл Төлегенова шырқады.

- Ән қай екпінде орындалады?
- Вальс екпінінде.
- Бұл ән - жастардың әдемі көктем шағы, махаббат, табиғат, бақытты, қуанышты кезең-шағын жырлайды. Вальс екпінімен, асқақтата орындалады.

- Әнді орындау барасында мәтіндегі сөздерді анық, таза айтуға талап етіледі.

5.Бейнетаспадан қазақ вальсі биі көрсетіледі. Әннің ырғағына оқушылар қосылып орындайды.

6. Би элементтерін әннің ырғағына билеп көрсету.

ІІІ. Ой толғаныс.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

1.Маған сабақта.....

2.Вальс дегеніміз....

3. «Қазақ вальсі» әнін ......

4.Әннің авторлары.....

5.Вальс өлшемде....

ІҮ. Бағалау. Әр топ бір-бірін бағалайды.

Ү. Үйге тапсырма. «Қазақ вальсі» әнін нақышына келтіріп орындау

© 2010-2022