Әліппе Г дыбысы мен әрпі 1 д

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі:Оқушыларға Гг дыбысы мен әрпін таныту. Сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту. Г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру.

2. Дамытушылығы:Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу.

дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілігі:Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Типі: Жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба жер ана!

Амансың ба достарым!

Сендерді көріп шаттанам. II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қандай тапсырма берілді?

  • Кім кінәлі? өлеңін жатқа сұрау III. Үй тапсырмасын бекіту.

  • Қандай әріппен таныстық ?

  • Ү қандай дыбыс?

  • Дауысты, жіңішке

  • Үкі, үйрек суреттерін іліп дыбыстап талдау жасату

  • Жалпы дыбыс нешеге бөлінеді?

  • 2- ге: дауысты, дауыссыз

  • Дыбысты не істейміз?

  • Естиміз, айтамыз

  • Әріпті не істейміз?

  • Көреміз, жазамыз

  • Әріптен не құралады? - Сөз

  • Сөзден не құралады? - Сөйлем

IV. Жаңа сабақ:

Жақсы жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Аналарға сыйлайтын

Аралап бал жинайтын

Бұл немене балалар

Үзуге адам қимайтын (гүл)

- Гүл дегенде сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

2. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі

Г дыбысы туралы түсінік

Г дауыссыз, ұяң дыбыс

Г дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі

Г дыбысы тіл арқылы жасалады,жуан айтылады

  1. Гүл туралы айту. Ой қозғау.

Гүл- әсемдік символы. Гүлді тойда,мерекеде,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйламыз.

  1. Бағандағы сөздермен жұмыс:

Егін-егіс алқабы

Егеу-үй шаруасында қолданылатын құрал

Егіз-бірге туған екі адам.

Сегіз-жетіден кейін келетін сан

Кереге-киіз үйдің бөлігі

Бетеге-шөптесін өсімдік

Шеге-үй шаруасында кездесетін құрал

Шеңгел-тікенді өсімдік

Мезгіл-уақыт

3. Оқулықпен жұмыс: Ақ көгершін әнімен танысу

4. Бағандағы сөздерді тізбектеп оқыту

5. Сергіту сәті

6. Дәптермен жұмыс: Бас әрпін және кіші әрпін жазу

V. Жаңа сабақты бекіту:

Жоғалған әріптер:

Кө...ершін, ше...е, шең...ел, еге..., гү...іл, ше...іртке, ег...н, бе...еге.

VI. Қорытынды

- Бүгін қай дыбыспен таныстық?

- Г дыбысы қандай дыбыс?

- Ол қай жерлерде кездеседі?

- Г дыбысына мысал келтір?

VII Үйге тапсырма беру

Бағандағы сөздерді оқу. Ақ көгершін әнін жаттау

Мадақтау. Ақ көгершін әнін тыңдау


© 2010-2022