Открытый урок «Күмбірлесін қазақтың домбырасы!»

"Описание материала: «Күмбірлесін қазақтың домбырасы!» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сабағы Бұл ашық тәрбие сабағы топ тәлімгері Г. А. Баймұратованың “Жыл тәлімгері-2003” байқауына қатысуына байланысты ЗҚТ-015 тобында өткізілді. Тәлімгердің тәрбие жұмыстар жүргізу жобасы және осы ашық сабақ өткізілу қорытындысымен байқаудың арнайы комиссия мүшелері тарапынан тәлімгер жұмысы оңды бағаланып, топ тәлімгері Г.А Баймұратова “Жаңашыл  тәлімгер – 2003” атағына ие болды.            Ұстаздар міндет... Өз Отанымызға деген патриоттық сезімімізді білдіру; қазақ ұлтының болашағы үшін жанашырлық таныту; салт-дәстүрімізбен ұлттық өнерімізді сақтау тұрғысында осы тақырып тәрбие сабағына арқау етіп алынды.                   «Күмбірлесін қазақтың домбырасы!» Қос қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі адам соқса. Сөзге ұста, әнге шебер болғанымен Ашпайды жұмған аузын адам жоқта   Екі ішек-екі желі, тоғыз перне Теңселіп  тербеледі соқсаң сен де Қос қазық-қос құлағы, ол-домбыра Тыңдатар ән мен күйін тамам елге   Серігі әншілердің домбыра ма Домбыра тарта білсең болдыра ма Баппенен домбыраны қолға алып Әнге сал қос құлағын оң бұрада   Домбырам екі ішекті, тоғыз перне, Жарасар әшекейлеп айтсаң терме Көзіңмен көрген іске көңіл тоқтат, Әркімнің іріткі салған сөзіне ерме.   Түрі бар домбыраның бүктемелі Кім оны жол жүргенде жүк көреді Жанынан тастамайды түзде күйші Төріне үйде іліп күткен елі.  бақтың  маңызы: Атадан мирас болып талай ғасыр орнын жоғалтпай сақталып келген халық мұрасының аманатын бүгінге мақтаныш ету және болашақ ұрпаққа насихаттап отыру; Қазақтың қасиетті үкілі қара домбырасын құрметтеу; домбыра арқылы халықшығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңдіру. Сабақтың мақсаты: Қазақ ұлттық аспабының ішінде ерекше өзіндік орын алатын домбыра үнінің сиқырлығын таныту; күйге жан бітіретін қара домбыраның құдіретін таныта отырып, оның әуенді ырғаққа толы сазды үнін тыңдай білуге үйрету; студенттердің рухани тазалығы мен рухани мәдениетін дамытуға үлес қосу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ескі домбырасы, жаңа үлгідегі домбыралар (қабырғадағы кілемге ілінген), домбыраның құрылысы жазылған арнайы салынған плакат, домбыра үнін тыңдау үшін үн таспа, бейне таспа.   Сабақтың әдістері: Домбыра тартуға әуесқойлық (топ ішінде домбыраға әуесі бар студенттерді тыңдау); -домбыра үнін үн таспадан тыңдау (домбыраны шерту және қағу әдістерін ұғыну); -домбырамен күй айтысын тыңдау; -домбыра – айтыскер ақынның демеушісі; -домбыра – ән мен жыр, термелерді сүйемелдеуш... Сабақтың барысы: Домбыраның қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Топ студенті С.Ибрагимованың зерттеуі. Домбыраға әуесқойлық. Топ студенті Қ.Аязбаев «Ару ана» әні. Домбыраның құрылысын таныстыру. Топ студенті Е.Шаймерден. Ақындар айтысынан үзінді. Топ студенті Е.Қуандықов. Домбыра күйлері туралы. Топ студенті А.Мұратов. Күй айтысы. Сабақ қонақтары  Бекишов Д, Елеуов Е. Домбырамен терме. Нұрым жыраудың термесі «Айтулы жүйрік мен едім». Топ тәлімгері Баймұратова Г. «Домбыра туралы т...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Күмбірлесін қазақтың домбырасы!»
тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сабағы

Бұл ашық тәрбие сабағы топ тәлімгері Г. А. Баймұратованың "Жыл тәлімгері-2003" байқауына қатысуына байланысты ЗҚТ-015 тобында өткізілді. Тәлімгердің тәрбие жұмыстар жүргізу жобасы және осы ашық сабақ өткізілу қорытындысымен байқаудың арнайы комиссия мүшелері тарапынан тәлімгер жұмысы оңды бағаланып, топ тәлімгері Г.А Баймұратова "Жаңашыл тәлімгер - 2003" атағына ие болды.

Ұстаздар міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу. Қазіргі жастар тек білікті маман ғана емес, өз Отанын жанындай сүйетін, өз ұлтының тарихы мен мәдениетін қастерлей білетін, рухани кемелденген азамат болып өсуі қажет.

Өз Отанымызға деген патриоттық сезімімізді білдіру; қазақ ұлтының болашағы үшін жанашырлық таныту; салт-дәстүрімізбен ұлттық өнерімізді сақтау тұрғысында осы тақырып тәрбие сабағына арқау етіп алынды.

«Күмбірлесін қазақтың домбырасы!»

Қос қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса.

Сөзге ұста, әнге шебер болғанымен

Ашпайды жұмған аузын адам жоқта

Екі ішек-екі желі, тоғыз перне

Теңселіп тербеледі соқсаң сен де

Қос қазық-қос құлағы, ол-домбыра

Тыңдатар ән мен күйін тамам елге

Серігі әншілердің домбыра ма

Домбыра тарта білсең болдыра ма

Баппенен домбыраны қолға алып

Әнге сал қос құлағын оң бұрада

Домбырам екі ішекті, тоғыз перне,

Жарасар әшекейлеп айтсаң терме

Көзіңмен көрген іске көңіл тоқтат,

Әркімнің іріткі салған сөзіне ерме.

Түрі бар домбыраның бүктемелі

Кім оны жол жүргенде жүк көреді

Жанынан тастамайды түзде күйші

Төріне үйде іліп күткен елі.

Сабақтың маңызы: Атадан мирас болып талай ғасыр орнын жоғалтпай сақталып келген халық мұрасының аманатын бүгінге мақтаныш ету және болашақ ұрпаққа насихаттап отыру; Қазақтың қасиетті үкілі қара домбырасын құрметтеу; домбыра арқылы халықшығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңдіру.

Сабақтың мақсаты: Қазақ ұлттық аспабының ішінде ерекше өзіндік орын алатын домбыра үнінің сиқырлығын таныту; күйге жан бітіретін қара домбыраның құдіретін таныта отырып, оның әуенді ырғаққа толы сазды үнін тыңдай білуге үйрету; студенттердің рухани тазалығы мен рухани мәдениетін дамытуға үлес қосу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ескі домбырасы, жаңа үлгідегі домбыралар (қабырғадағы кілемге ілінген), домбыраның құрылысы жазылған арнайы салынған плакат, домбыра үнін тыңдау үшін үн таспа, бейне таспа.

Сабақтың әдістері: Домбыра тартуға әуесқойлық (топ ішінде домбыраға әуесі бар студенттерді тыңдау);

-домбыра үнін үн таспадан тыңдау (домбыраны шерту және қағу әдістерін ұғыну);

-домбырамен күй айтысын тыңдау;

-домбыра - айтыскер ақынның демеушісі;

-домбыра - ән мен жыр, термелерді сүйемелдеуші аспап;

-домбыраның шежіреге толы тарихи маңызын, оның сыры мен қадір-қасиетін бейнефильм арқылы көрсету.

Сабақтың барысы:

  1. Домбыраның қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Топ студенті С.Ибрагимованың зерттеуі.

  2. Домбыраға әуесқойлық. Топ студенті Қ.Аязбаев «Ару ана» әні.

  3. Домбыраның құрылысын таныстыру. Топ студенті Е.Шаймерден.

  4. Ақындар айтысынан үзінді. Топ студенті Е.Қуандықов.

  5. Домбыра күйлері туралы. Топ студенті А.Мұратов.

  6. Күй айтысы. Сабақ қонақтары Бекишов Д, Елеуов Е.

  7. Домбырамен терме. Нұрым жыраудың термесі «Айтулы жүйрік мен едім». Топ тәлімгері Баймұратова Г.

  8. «Домбыра туралы толғау» бейнефильмін көрсету.

  9. Үйге тапсырма.

  10. Қонақтарға жылы лебіздер білдіру.

Үйге тапсырма:

  • Сабақтан шаршап бір сәт тыныққанда және бос уақытты тиімді пайдалануда домбыраның сүйемелдеуімен орындалған әндерді, күйлерді тыңдау;

  • Университеттегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, түрлі мәдени шараларға белсене атсалысу;

  • Мәдениет сарайында өткізіліп отыратын концерттерге барып, домбыра үнімен тынысталып, рухани демалуды қалыптастырып отыру.



© 2010-2022