Музыка пәнінен Оркестр тақырыбында ашық сабақ (4-сынып)

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оркестр

Сабақтың мақсаты: (2 слайд)

Білімділік: Оркестр туралы ұғымдарын кеңейту. Дыбыс биіктігі туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Музыкалық дыбыстарды ажырата білугеүйрету;

Тәрбиелілік: Өнерге деген ынтасын ашу, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: (3 - слайд)

І. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу;

  • Назарларын сабаққа аудару;

  • Сабақтың мақсатын анықтау.

ІІ. Үйге берілген тапсырмаға шолу

  1. Аспаптық музыка дегеніміз не?

  2. Қазақ күйлерін аспаптық музыкаға жатқызуғ бола ма?

  3. Симфония дегеніміз не?Соната дегеніміз не?

  4. Кестені толтыру



Белгісі

Италия тілінде айтылуы

Қазақ тіліндегі мағынасы

f

Форте

Қатты

p

Пиано

Ақырын

ff

Фортиссимо

Өте қатты

pp

рианиссимо

Өте ақырын

ІІІ. Жаңа сабақ (4-5 - слайдтар)

  1. Оқулықпен жұмыс

Дыбыс бояуы алуан түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын музыканттар тобын оркестр дейміз. Ал оркестрді басқаратын адамды - дирижер дейміз.

Қазақстанда алғаш ұлт-аспаптар оркестрі 1934 жылы Ахмет Қуанұлы Жұбановтың жетекшілігімен ашылды.

Оркестрлеу - музыкалық шығарманы оркестрге лайықтап жасау



  1. Музыкалық сауат (6-8 - слайдтар)

Симфониялық оркестр - классикалық көлемді музыкалық шығармаларды ішекті, үрмелі, ұрмалы т.б. Аспаптарда орындайтын ұжым.

Халық аспаптар оркестрі - халық музыкасы мен классикалық шығармаларды орындайтынұжым.

Үрмелі оркестр - тек үрмелі аспаптардан құралған ұжымҮрмелі оркестр музыкасы көбіне салтанатты шараларда, мерекелерде орындалады.

  1. Үлестірмелермен жұмыс (9 - слайд)



Оркестр түрі

Оркестр құрамындағы аспаптар

Халық аспаптар оркестрі

......

Симфониялық оркестр

......

Үрмелі аспаптар оркестрі

......

ІV. Музыка тыңдау (10 - слайд)

«Айлы түнім» әнінің оркестрге лайықталған түрі

Авторы: Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қостанай қаласының құрметті азаматы, композитор - Қалибек Дербісалдин

V. Музыкаға анализ

1. Музыка қандай екпінде орындалды?

2. Музыкада қандай аспаптардың дыбыстары басым естілді?

3. Ырғағы қандай?

V. Қорытынды (11 - слайд)

Әр оркестрдің орындауында музыкалық шығармалардан үзінді тыңдап, қай оркестр екенін ажырату керек.

  1. Халық аспаптар оркестрі

  2. Симфониялық оркестр

  3. Үрмелі оркестр

VІ. Үй тапсырмасы

Оркестр тақырыбын оқу

VІІ. Бағалау



© 2010-2022