Презентация по казахскому языку на тему Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Жай бөлшектер, оларды оқу және жазу»

Білімділік: туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару

дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын және

жазылуын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын

арттыру. Ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа

тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, компьютер слайды, тірек - сызбалар.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру

А) Сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы

Б) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

ІІ Өтілген тақырыпты пысықтау

«Тест бойынша біліміңді тексер»

І Топқа

1. Ең үлкен ортақ бөлгіш деген не? ЕҮОБ

Ж: а және в сандары бөлінетін ең үлкен натурал сан.

2. ЕҮОБ (6; 12) =

ЕҮОБ (15; 225) =

ЕҮОБ (16; 64) =

ЕҮОБ (4; 44) =

ЕҮОБ (5; 35) =

ІІ Топқа

1. Ең кіші ортақ еселік деген не? ЕКОЕ

Ж: Осы сандарға еселік болатын ең кіші натурал сан.

2. ЕКОЕ (3; 8) =

ЕКОЕ (2, 5) =

ЕКОЕ (8, 11) =

ЕКОЕ (6, 7) =

ЕКОЕ (10, 100) =

ІV Жаңа сабақ

1. Электронды оқулық арқылы түсіндіру

2. Мысалы: Жер телімі 9 бөлікке бөлінген. 4 гүлшіде - көк, 3 гүлшіде - сары,

2 гүлшіде - қызғылт жұлдызгүл тұқымы болады. Әрбір гүлші бір атызға ғана отырғызады. Сұрақ: Жер телімі бірдей қанша атызға бөлінді?

?- қызыл,?- сары,?- қызғылт

1/9; 4/9; 3/9; 2/9 бөлшектің алымы, бөлімі, оқылуын түсіндіру.

Ереже:

Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. 1: 9=1/9

Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.

4/9; 4 - бөлінгіш, 9 - бөлгіш

Бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты түсіндіремін.

1 см қанша дм болатынын табайық:

1дм=10см. Демек, 1 дм - дің 1/10 бөлігі 1 см - ді құрайды.

Жауабы: 1 см=1/10 дм

Жай бөлшектердің оқылуы:

12 - ден сегіз және 12 - ден тоғыз

Есептер шығару: №358 -№359 ауызша

№360 -№362 есептерді сурет бойынша орындап, жай бөлшектерді жаздыру.

№360

Әр шаршының боялған бөлігін жай бөлшекпен жазу керек.

№361

Фигуралар берілген.

Фигуралардың қандай бөлігі боялғандығын анықтап жазу керек.

№362

Фигураның боялған бөліктері жай бөлшекпен дұрыс көрсетілген бе?

1 - дұрыс 2 - дұрыс 3 - дұрыс емес 4 - дұрыс емес

№363

Алтыдан бес 5/6

Он үштен сегіз 8/13

Отыз сегізден үш 3/38

Қырықтан он бір 11/40

Тоқсан жетіден жиырма 20/97

Үш жүзден алпысекі 62/300

№364 есепті орындау

2: 17=2/17 72: 113=72/113

6: 19=6/19 324: 1001=324/1001

31: 100=31/100 500: 501=500/501

22: 25=22/25 721: 999=721/999

Өздігінен жұмыс:

Әрқайсысың 5 жай бөлшек жазыңдар

№365

1) 2/23 = 2: 23 7/400= 7: 400

2) 10/47 = 10: 47 11/3462= 11: 3462

3) 65/73 = 65: 73 400/523= 400: 523

4) 205/333 = 205: 333 1489/5555= 1489: 5555

Шығармашылық тапсырма:

Үш таңбалы сан ойлаңдар. 123

Ойлаған санға осы санның өзін тіркеп жаз. 123123

Екінші оқушыға бер.

Қағазға жазылған санды 13 - ке бөліп, шыққан санды үшінші оқушыға бер.

Ол санды 11 - ге бөліп, 4 - ші оқушыға бер.

4 - ші оқушы 11 - ге бөлінген санды 7 - ге бөліп, шыққан санды оқиды. Бұл сан бірінші ойлаған оқушының саны болады.

№366 есепті шығартамын.

У. Қорытындылау

1. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?

2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?

3. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай?

4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?

УІ. Үйге тапсырма: №367 есеп

УІІ. Бағалау



© 2010-2022