Конус - айналу денесі

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Конус - айналу денесі.

Мақсаты:

  1. Конус және конустың қималары туралы ұғыммен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру таныстыру

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ

Әдісі: Баяндау ,түсіндіру ,сұрақ жауап

Көрнекілігі: Сызбалар,формулалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Цилиндрге іштей сызылған призма деп қандай призманы атайды?

Цилиндрге жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?

Цилиндрге сырттай сызылған призма деп қандай призманы атайды

3.Жаңа тақырып

Конус деп -Конус - айналу денесі

тікбұрышты ұшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигураны айтады .

Конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын кесінділер конустың жасаушылары деп аталады.






Конустың бүйір беті конустық бет деп аталады

Егер конустың төбесін табанының центрімен қосатын түзу табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда оны тік конус деп атайды.

Конустың биіктігі деп оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды.

Конустың төбесі арқылы өтетін жазықтықпен қиғанда қимада бүйір қабырғалары конустың жасаушылары болып табылатын, тең бүйірлі үшбұрыш шығады.

Конустың табан жазықтығына параллель жазықтық конусты дөңгелек бойымен, ал бүйір бетін центрі конустың осінде жататын шеңбер бойымен қиып өтеді.

4.Білімді дамыту : Есептер шығару

№8есеп :

Конус табанының радиусы 4см.Осьтік қимасы -теңқабырғалы үшбұрыш.Осьтік қиманың ауданын табыңдар

Жауабы :16√3см2

№9 есеп

Конустың биіктігі 8м,табанының радиусы 6м.Конустың жасаушысын табыңдар

Жауабы :10м

ҰБТ есептерін шығару

5.Сабақты қорытындылау сұрақтары :

Дөңгелек конус, конустың төбесі, конустың жасаушысы, конустың табаны, конус бүйір беті деген не?

Конустың биіктігі, конустың осі, конус осьтік қимасы деген не?

Тік конус деп қандай конусты айтады?

6.Үйге тапсырма §6.1 оқу

© 2010-2022