Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қордай ауданы

№28 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі








Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығы

мен шығармашылығын дамыту мақсатындағы тапсырмалар


(Арифметикалық прогрессия)






Дайындаған: Жарманов Есберген Ермекович

математика пәнінің мұғалімі

















Беріктас ауылы1-тапсырма

Қайық

Қайық көл жағасынан алғашқы секундта 0,5 метрге қозғалды да, ары қарай әр бір секундта 0,7 метр қашықтыққа жылжып отырды.

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

__________________________________________________________

Сұрақ 1: Қайық

Қайық 30 секундтан кейін жағадан қанша қашықтықта болады?

Жауабы:.......................м

Сұрақ 2: Қайық

Қайық 1,5 минуттан кейін жағадан қанша қашықтықта болады?

Жауабы:.......................м


2-тапсырма

Болаттың қорасында

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

Болаттың қорасында жылқы, сиыр, ешкі, қой, қаз, тауықтар бар. Олардың саны арифметикалық прогрессия құрайды.

Сұрақ 1: Болаттың қорасында

Келесі гистограммалардың қайсысы Болаттың қорасындағы малдар мен құстардың санын көрсетуі мүмкін? А, В, С немесе D қоршаңыз.

А

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

В

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

C

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы) D

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

Сұрақ 2: Болаттың қорасында

Келесілердің қайсысы Болаттың малдары болуы мүмкін емес? А, В, С немесе D қоршаңыз.

  1. 20 қой, 7 жылқы

  2. 7 сиыр, 11 қой

  3. 50 қаз, 10 жылқы

  4. 12 сиыр, 10 ешкі

3-тапсырма

Ағаш көшеттерін отырғызу

Арифметикалық прогрессия (тапсырмалар жиынтығы)

Мектеп оқушылары көктемде алма, өрік, қараөрік, шынар, шырша, қарағай, қайың, қарағаш, терек ағаштарының көшеттерін отырғызды. Олардың саны өспелі арифметикалық прогрессия құрайды. Қараөрік көшеттерінің саны 14, ал қайың көшеттерінің саны 26.

Сұрақ 1: Ағаш көшеттерін отырғызу

Оқушылар қанша жеміс ағаштарының көшетін отырғызды?

Жауабы:......................

Сұрақ 2: Ағаш көшеттерін отырғызу

Оқушылар қанша қылқан жапырақты ағаштардың көшетін отырғызды?

Жауабы:.....................

Сұрақ 3: Ағаш көшеттерін отырғызу

Отырғызылған ағаш көшеттерінің жерсініп өсіп-өнгені 95%, барлығы неше ағаш көшеті өніп-өсті?

Жауабы:.....................




© 2010-2022