Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару (7класс)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

21.11.2015 алгебра 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Көпмүшедегі ортақ көбейткішті тауып, оны жақша сыртына шығару,таңба ерекшеліктерін ажыратуға үйрету; Теңдеулерді шешуде және есептеулерді жеңілдету үшін көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей білу.

  • Дамытушылық : Оқушылардың математикалық білімдерін байыту; логикалық ойлау , танымдық ізденістерін , шығармашылық қабілет-терін дамыту. Пәннің нақтылығына көз жеткізу.

  • Тәрбиелік : Бір -бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санаса білуге;

өз бетінше еңбек етуге , жауапкершілікті сезінуге ; білім алуда

бәсекелестікке тәрбиелеу.

  • Сабақтың түрі : білім мен дағдыны тиянақтау, жүйелеу сабағы

  • Сабақ әдісі : интерактивті тақтада, практикалық, сұрақ - жауап;

  • Сабақтың көрнекілігі : Слайдтар, семантикалық карта, сәйкестендіру, тапсырмалар.

Сабақ құрамы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)

  3. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» (жаңа материалды меңгеру бөлімі)

  4. Жасырын санды тап! (сандарды толықтыру)

  5. Тез есептей білеміз бе? (жаңа сабақты бекіту)

  6. «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары)

  7. Оқушыларды бағалау.

  8. Үйге тапсырма беру.

  9. Қорытынды.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгелдеу , сабаққа ынтасын аудару; Сабақтың мақсатымен таныстырып, нұсқау беру.

2. «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар) Деңгейлік тапсырма

А-деңгей. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару:

7а+7в

-10-10х

5m-30k

3с+15 d

В-деңгей. Көбейтінді түрінде жазыңдар:

14х+21у

100а-15 в

9ах+9вх

8ac-56 аk

С-деңгей. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару:

х32

-12у4-16у

а5в2+3а3в

Д. Теңдеуді шеш:

х2-2х=0

3ху-12у=0

3-х=0

3. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» (жаңа материалды меңгеру бөлімі)

І. топ Мысал. 6а2в+15в3 көпмүшелігін қарастырамыз. Оның әрбір мүшесін біреуі 3в болатын екі көбейткіштің көбейтіндісі түріне келтіруге болады.

2в+15в2=3в·2а2+3в·5в= шыққан өрнекті көбейтудің үлестірімділік заңын пайдаланып, екі көбейткіштің көбейтіндісі түріне келтіруге болады. Олардың біреуі-ортақ көбейткіш 3в, ал екіншісі 2а2 пен 5в-ның қосындысы.

3в·2а2+3в·5в=3в(2а2+5в)

Сонымен 6а2в+15в2=3в(2а2+5в)

Бұл мысалда көпмүшелікті 3в бірмүшелігі мен (2а2+5в) көпмүшелігінің көбейтіндісі түріне келтіру арқылы көбейткіштерге жіктедік. Көпмүшелікті көбейткіштерге жіктеудің өзіміз қолданған тәсілін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көпмүшелікті көбейткіштерге жіктеудің мысалдарын қарастырамыз.

ІІ.топ Мысал. 3а2(в-2с)+7(в-2с) өрнегінен ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару. Бұл қосындының әрбір қосылғышының құрамында (в-2с) ортақ көбейткіші бар. Осы көбейткішті жақша сыртына шығарамыз.

2(в-2с)+7(в-2с)= (в-2с)(3а2+7)

ІІІ. топ Мысал. 2х2+3х=0 теңдеуін шешелік. 2х2+3х өрнегінен жақша сыртына х көбейткіш шығады.Сонда х(2х+3)=0

Кемінде бір көбейткіш нөлге тең. х=0 немесе 2х+3=0 болғанда және тек сонда ғана х(2х+3)=0 тең болады.

2х+3=0 2х=-3 х=-1,5 Олай болса, х(2х+3) көбейтіндісі х=0 немесе х=-1,5 болғанда нөлге айналады. Теңдеудің екі түбірі бар.

IV.топ Мысал. (в-2с)(3а2+7) көбейтіні көпмүше түрінде жаз. Көбейтіні көпмүше түрінде жазу үшін жақшаны ашамыз. Сонда (в-2с)(3а2+7)=в·3а2+в·7-2с· 3а2-2с·7=3а2в+7в-6а2с-14с.

4. Жасырын өрнекті тап! (сандарды толықтыру)

«Математикалық эстафета ойыны»

р/с

көпмүше

1-ші көбейткіш

2-ші көбейткіш

1

15х5+30х3-45х2

15х2

2

2-2а

3

20ав+12а2в5-24ав2

?

4

45ав

а+8ав-2

5. Тез есептей білеміз бе? (жаңа сабақты бекіту) «Есептеу - білімді еселеу»

Тапсырмалар

Жауаптар

А

В

С

Д

1

Өрнекті ықшамда:

5у-2(8у-1)+4(3у+1)

А)у+6 В)-у+6

С) 33у+6 Д) у+2


2

Көпмүше түрінде жаз:

(2-5а)(6а-3)

А) 30а2+27а-6 В)-30а2+27а-6

С) -30а2-27а-6 Д) -30а2+27а+6


3

Ұқсас мүшелерді біріктір:

2у-ху2-4х2у+ху2-ху+7

A) х2у-ху-7 B) х2у-2ху+7

C) х2у+ху+7 Д)х2у-ху+7


4

Теңдеуді шеш:

2+х=0

А)0;8 В)8

С)0;-8 Д)-8


5

Үшмүшені көбейткіштерге жікте: х2-7х+12

А) (х+3)(х-4) В) (х-3)(х+4)

С) (х+3)(х+4) Д)(х-3)(х-4)


6. «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары) «Математикалық дуэль»

р/с

1-оқушыға сұрақтар

2-оқушыға сұрақтар

1

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару: 15х5+30х3-25х

2

Теңдеуін шеш: х2+3х=0

3

Көпмүше түрінде жаз: 2ав(12а2в+6а)

4.

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару: 12ав+24а2в3

7. Қорытынды. Сәйкестікті анықта

1. с43 7(1+7с)

2. 12х-36 у -12c(х+5у)

3. 7+49 с с3(с-1)

4. -12сх-60 су 12(х-3у)

8. Оқушыларды бағалау.

9. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022