Конспект урока на тему Сандардың арифметикалық ортасы

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы.Мақсаты: Арифметикалық орта ұғымымен таныстыру, сандардың арифметикалық ортасын табуға дағдыландыру .Күтілетін нәтиже: Арифметикалық орта ұғымын түсінеді, сандардың арифметикалық ортасын таба біледі.Түйінді идея: Екі санның арифметикалық ортасы сол сандардың қосындысының жартысы. Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті РесурсТар 2 мин Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда ыдысқа 21 конфет салып, ортаға қойып, оқушыларға ұсы...
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы.

Мақсаты: Арифметикалық орта ұғымымен таныстыру, сандардың арифметикалық ортасын табуға дағдыландыру .

Күтілетін нәтиже: Арифметикалық орта ұғымын түсінеді, сандардың арифметикалық ортасын таба біледі.

Түйінді идея: Екі санның арифметикалық ортасы сол сандардың қосындысының жартысы.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Тар

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда ыдысқа 21 конфет салып, ортаға қойып, оқушыларға ұсынылады.

Оқушылар конфеттерді ала отырып бір-бірден математикалық термин айтады. Балалар өз қалаулары бойынша таратып алады. Стикерге қолдарындағы алған конфеттің санын жазып, тақтаға жабыстырады.

Конфет салын

ған ыдыс

10 мин






«Проблема қою» арқылы

Әр оқушыдағы конфеттер саны әр-түрлі. Бірдей етіп бөліп алу үшін не істеуіміз керек?

(топқа бөлу)Қызыл кәмпиті көптер бірінші топ, көк кәмпиті көптер екінші топ болып бөлінеді.

Кітаптағы мысал кеспе қағазға жазылып екі топқа беріледі.

Енді балалар мына мәселені шешейік: мектеп медбикесінен сыныптағы оқушылардың бойының ұзындықтарын және дене шынықтыру пәні мұғалімінен оқушылардың ұзындыққа секіру нәтижелерін алдық, олар слайдта көрсетілген, солардың арифметикалық ортасын табамыз.

Топтардың әр мүшесіне конфет беру арқылы бағалау.

Қайтадан қосып санымызға сай бөлеміз. Барлығы конфеттерін қосқанда 21,сол санды 7-ге(кластағы оқушы саны) бөледі.21/7=3.

Топқа бөлінеді.

оқушылар топпен бірігіп талдап,постер қорғайды.

Осыдан ережені шығарады: Сандардың арифметикалық ортасы сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенге тең.

тапсырманы өз топтарында бірігіп отырып орындайды.

Конфеттер

Кеспе қағаздар,

Слайд

12мин

«әткеншек» тәсілімен

1.плакат

Конспект урока на тему Сандардың арифметикалық ортасы

Конспект урока на тему Сандардың арифметикалық ортасы

2 плакат. №1209,№1211 сандардың арифметикалық ортасын табыңдар.

3плакат. сандардың арифметикалық ортасын табуға арналған мәтіндік есеп.

Бағалау критерийлер бойынша жүргізіледі.

оқушылар жұппен жұмыс жасайды,әр жұп қабырғада ілінген плакатардағы есептерді шығарады,келесі жұп оларды тексереді.

Плакат,

Стикер

3 мин

Сергіту сәті

Қолдарымызды көтереміз-бұл «1»,

Бастарымызды бұрамыз-бұл «2»,

Қолдарымызды төменге түсіреміз-бұл «3»,

Қолдарымызды жанға созамыз-бұл «4»,

Күшімізбен иығызды қысамыз-бұл «5»,

Барлығымыз отырамыз-бұл «6».

Соңғы айтылған үш санның арифметикалық ортасын табамыз.

Жаттығулар жасайды.

тапсырманы орындайды.(4+5+6)/3=5

Бейне ролик

10мин

«сатылап орындау»

№1220 есепті топқа 3 есептен бөліп беріледі.

№1230(күрделі есептер тобынан)

Бағалау критерийлер бойынша

Топ ұсынысы бойынша әр топтан бір оқушы 1-амалды бастайды, 2-амалды келесі оқушы жалғастырады. (тақтаға шығарады)

Оқулық,

Тақта

3 мин

«детальдарды қосу» әдісімен кеспе қағаздардағы сөздерден ережені құрастыру.

Конфеттермен бағалау

Ережені құрастырады.

Кеспе қағаздар

3 мин

Үш вазаға түстері бойынша үш түрлі конфеттер салып балаларға ұсыну.

түстері бойынша таңдай отырып , бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

Вазадағы конфеттер

2 мин

Үй тапсырмасы: №1240,өмірден мысалдар келтіріп,жазып келу.



© 2010-2022