Коучинг: Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Коучинг сабақ тақырыбы: Оқытудағы  жаңа  әдіс – тәсілдер Жалпы мақсат: Сын тұрғысынан ойлаудың маңызы туралы түсінік алады. Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын түсінеді; Өзін-өзі және  бірін-бірі бағалауға үйренеді. Өз ойларын сыни тұрғыдан білдіруге үйренеді, берілген тақырып бойынша түрлі идеяларын сыни тұрғыдан дәлелдей біледі. Оқу нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлауға жаңа көзқарастарын қалыптастыру және оны оқытуды пайдалануға қадам жасауы.   Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойлар...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг: Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі

география пәнінің мұғалімі

Який Хайрат

(І деңгей мұғалімі)

Коучинг сабақ тақырыбы: Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер

Жалпы мақсат: Сын тұрғысынан ойлаудың маңызы туралы түсінік алады. Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын түсінеді; Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауға үйренеді. Өз ойларын сыни тұрғыдан білдіруге үйренеді, берілген тақырып бойынша түрлі идеяларын сыни тұрғыдан дәлелдей біледі.

Оқу нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлауға жаңа көзқарастарын қалыптастыру және оны оқытуды пайдалануға қадам жасауы. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, бағдарламаға деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар: Мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау және кері байланысты қамтамасыз ету. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Сабақта қолданылатын материалдар: А-4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.

Оқыту әдістері: ОүБ және оқуды бағалау, АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалог, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар: «Мінсіз оқушы» тапсырмасы, «Автобус аялдамасы», «6 ойлау шляпасы», стикер арқылы формативті бағалау, әр топқа сыни баға беру, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. «Кәмпиттегі тілек» арқылы мұғалімдерді 4-5 топқа бөлу.

ІІ. Сергіту сәті. «Неге» тренингін өткізу.

ІІІ.Сабақтың мақсаты айтылады

ІV. Сабақ барысы:

А) Слайд бойынша түрлі стратегия түрлерімен таныстырып, оларға түсініктеме беру.

Б) практикалық жұмыстар:

  1. Мінсіз оқушының моделін жасау

  • Әр топқа плакат беріліп, соған өз ойларын түсірту.

  • Әр топ «галареяны шарлау» арқылы басқа топтардың жұмыстарымен танысады және оларға «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы баға береді. Әр топтың көшбасшылары, баяндамашылары тағайындалады.

2. Автобус аялдамасы:

- Әр топқа түрлі сұрақ жазылған парақтар таратылады. Әр топ өзіне берілген сұрақтарға жауап беріп болған соң келесі топқа барып, сол топтың сұрағын толықтырады.

1-топ сұрағы: Дарынды оқушы деген кім?

2-топ сұрағы: СТО-ға қандай анықтама берер едіңіз?

3-топ сұрағы: АКТ-ның оқу процесіндегі рөлі қандай?

4-топ сұрағы: Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

3 . «6 ойлау шляпасы»

Слайд бойынша 6 ойлау шляпасы туралы мәлімет беру. Соңынан практикалық жұмыс.

Видеоролик көру. «Мүгедектер биі». Оқиға кейіпкерлерінің іс әрекетін «Ойлаудың алты қалпағы» арқылы бағалау.

Таңдаған түстері бойынша дәлелдету. Әр топтың кейіпкерлерге берген мінездемесін тыңдау, пікірлерін айтқызу.Топтар бірін- бірі бағалау.

4. «Рөлдік ойын»

Әрбір топ белгілі бір тақырыпта сценарий құрастыру және рөлге түсу.

1-топ «Қатал мұғалім»

2-топ «Шығармашыл мұғалім»

3-топ «Енжар мұғалім»

4-топ «Талап қойғыш мұғалім»

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша сценарий құрап, рөлге түседі, ал қалған екі топ ол қандай рөл екенін табу керек.

Рефлексия: Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салуды тапсыру және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазуды тапсыру

© 2010-2022