Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс 5 сыныпқа арналған Көшбасшы 21 ғасыр

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дайындаған: Курманова Кулжамиля Муратбековна

Тақырыбы: 21 - ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып ,логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа,тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интер белсенді тақта,сұрақ жауап, мақал мәтелдер тб.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап
Жаңа технология: топтастыру.
Барысы: І. Ұйымдастыру

Мұғалім: Армысыздар, мұғалімдер әр жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Білімменен сусындатқан біздерді дей отырып ортаға 5, 6,7. сынып оқушыларын шақырамыз.

Кіріспе сөз.
- Құрметті ұстаздар мен ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет»деп Ш. Уалиханов, ал Қ. Сәтбаев «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп айтып кеткеніндей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатпен бүгін 5,6,7- сыныптар арасында «21-ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайыс өткізгелі отырмыз.Оқушыларды шеңбер құрып психалогия ахуал жасап,топқа бөлемін. Ойыншылар екі топқа бөлінген. І - топ оқушылары «Тұлпарлар»тобы, ІІ - топ оқушылары «Сұңқар» тобы.Әр топ 6 сайыскерден құралған. «Тұлпарлар»тобының топ басшысы Асанова Индира, «Сұңқар» тобының топ басшысы :Қабиден Гүлсім.Топ басшылары алдарыңызда бағалау парғына оз топтарынды бағалап отырасыздар,соңында балды қорытындылап щығарасыздар.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер. М: Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.Олай болса сайысымыз 7 турдан тұрады. 1 - жүргізуші: 1-тур Сәлемдесу.
Ендігі кезекті топ басшыларына берейік.
1 топқа кезек береміз. «Тұлпарлар» тобы.Ұраны:Тапқырлық таныту мақсатымыз,Білімменен шықсын тек жақсы атымыз.Салемдесуі.2 топқа кезек береміз.Ұраны;Болашақтың ұрпағымыз білімді,Көрсетпекпіз сабақта алған білімді. Салемдесу.Топ басшылары балдарын шығарып отырасыздар. 2 тур-Бәйге.Ойын шарты.Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып,қолдарыңызды көтересіндер.Бірінші болып көтергендерін жауап бересіндер.Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады.Әр дұрыс жауап 5 ұпай.Топ басшылары балдарын шығарады.Тұлпарлар тобына.

1-Сиырдың пірі.(Зеңгі баба). 2-Жылдан құр қалған жануар.(Түйе). 3-Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі.(Карта).4-Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды -тұлға.(Президент).5-Ұя салмайтын құс(Көкек). 6-Оян,қазақ!өлеңінін авторы(Ахмет Байтұрсынов).7-Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі(сәуле).8-Заттың қимылын білдіретін сөз табы(Етістік).9-Ең үлкен уақыт өлшемі(Ғасыр)

Сұңқар тобына.1-Дененің қызуын өлшейтін құрал?(Градусник).2-Қай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?(нөль). 3-Ең кіші жай сан?(екі).4-Миллионда неше ноль бар( алты). 5-Бұрыш өлшейтін құрал(Транспортир).6-екі ғасырда неше жыл бар?(екі жүз).7-Шеңберді сызатын құрал.(Циркуль).8-Тік бұрыш неше градусқа тең?(тоқсан).9-Тік бұрыштан кіші бұрыш(сүйір).10- Біржанмен айтысқан ақын қыз(Сара).Топ басшылары

Көп жасаған білмейді,көп көрген біледі-демекші сайысымыздың 3-бөлімі Жұмбақ сандық деп аталады.Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер.Сандықшаға назар аударыңыздар.Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе,20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз,30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар.Ал,ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады.Ұпайы аз топ ойыншылар бастасын.Қазақ тілі арнайы сұрақ-40 сол жақ:3 жұрт-өз,нағашы,қайын жұртың.3 арсыз-ұйқы,күлкі,тамақ арсыз.3 қуат-ақыл,жүрек,тіл қуатты ата.Математика-40 оң жақ.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Ұзындығы мен енін табамыз. Қазақстан тарихы-40 ортасы. Қобыланды батыр қай ханның билік құрған тұсында өмір сүрген? Әбілхайыр ханның. Қазақ тілі-30 оң жақ.Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. Қазақ әдебиеті-30 ортасы.Менің атым Қожа повестінің авторы кім? Бердібек Соқпақбаев. География-30 сол жақ.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?Компас. 20-оң жақ.ОЛЖА.Биология-20 ортасы.Дәм сезу мүшесі.Тіл.Қазақ әдебиеті 20сол жақ.Абай Құнанбаевтың әжесі.Зере. Топ басшылар ұпайларын санап айтып отырады. 4-бөлім. «Тапқыр болсаң, тауып көр»Математикалық сайыс.Бұл сайыста оқушылар берілген сұраққа ауызша жауап береді.Әр жауапқа байланысты бір ұпайлар беріледі.Тұлпар тобына сұрақтар

.1. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
2. Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен)
3. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
4. 10 см де неше дм бар? (1 дм)
5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. Аспанда неше күн бар? (1)
7. Адам қолында неше саусақ бар? (10)
8. 2 ондық 8 бірлік? (28)
9. 6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)
10. Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады? (тік төртбұрыш)

«Сұңқар»тобына сұрақтар.
1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
2. Азайту амалын немен тексереді? (қосумен)
3. 1 сағатта неше минут бар? (60)
4. 1 м - де неше см бар? (100)
5. Шаршының неше бұрышы бар? (4)
6. Адамда қанша көз бар? (2)
7. Аспанда неше ай бар? (1)
8. 9 ондық 5 бірлік? (95)
9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)
10. Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының .......... (мәні өзгермейді)
5 бөлім.(«Жеті жұрттың тілін біл» Ана тілім арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп жүрсіңдер. Орыс,ағылшын тілдері ұлтаралық тіл, үйренгеннің артығы жоқ. қазір әр топқа 4 жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтың шешуін тауып, оны орыс тіліне аударуларың керек. Топтағы мүшелер бір - біріңе көмектесіп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
«Тұлпарлар» тобына жұмбақ жасыру
1. Білімнен мол сый асы,балғындардың ұясы. ( мектеп - школа-шкул)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч-бол)
3. Алыстан қарасаң аппақтатып көрсең тәтті - ақ (қант - сахар-шугар)
4. Аузы бейне шалғы - орақ,шөп емес бірақ мал орады. (қасқыр - волк-вулф)
5. Жеті қазынаның бірі (ит - собака-дог)
«Сұңқар» тобына жұмбақ жасыру
1. Қабат - қабат қаптама, ақылың болса аптама (кітап - книга-бук)
2. Бұдан кір қорқады,судан бұл қорқады. (сабын - мыло-соуп )
3. Онсыз астың дәмі жоқ,ассыз оның мәні жоқ. (тұз - соль- салт)
4. Мұртымен туады,мұртын күнде жуады. (мысық - кошка-кэт)
5. Әр адамның шағын отаны (отбасы - семья-фемели). 6-бөлім «Кім жүйрік?»байқауы : Қызықты логикалық сұрақтар:
1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс).2.5 мысық 5 тышқанды 5минут ұстаса,1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
3. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және мысығы бар. Әженің неше немересі бар? (1 немересі бар)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
5. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін бе?(жоқ, өйткені күндердің арасында түн бар) 6. Қай кезде қолды суға кесіп алуға болады? (мұз болғанда) «Сұңқар» тобы
1. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар?(Аққайыңда алма өспейді)
2. 31 - ші ақпан күні не болады? (31 - ші ақпан болмайды)
3. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? (көз)
4. Бір жаққа қарай бір әже кетіп бара жатыр. Оған қарсы үш кісі келе жатыр. Әр кісінің қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір - бір мысықтан. Барлығы неше адам кетіп бара жатыр? ( Бір әже ғана кетіп бара жатыр) 5. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
6. Асқар Алтынайдың ағасы. Алтынай Арманның шешесі. Асқар Арманға кім болады. (нағашысы)
Топ басшылары соңғы бөлімінің балын шығарып,жалпы қортындысын шығарғанша біздін қыз,ұлдарымыздын дайындаған шағын әнге кезек береміз.Топ басшыларына сөз береміз.Жеңіске жеткен топ марапатталады.Оқушылар бүгінгі сабақ қызықты,ұнағандарын стикерге жазып тапсырады.Келесі сөз кезекті қонақтарымызға береміз. - Осымен 6- кезеңнен тұратын сайысымыз да өз мәресіне жетті. Мұғалім: Құрметті оқушылар біздің бүгінгі ақыл-ой зерделі ойымыз аяқталды. «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз»21-ғасыр -білім ғасыры өткенімізді білетін,бүтінімізді түсінетін,ертеңімізге сенетін қарапайым азамат болыңдар! Қош болыңдар! Кездескенше сау болыңдар!



© 2010-2022