Трапеция және оның қасиеттері

"Описание материала: "Сабақтың тақырыбы: "Трапеция және оның қасиеттері "Сабақтың мақсаты: Білімділік:Трапецияның не екенін білу Дамытушылық: Төртбұрыштардың қасиеттерін жалпылау және оны талдай білу Тәрбиелік:өз еркімен еңбектенуге,жұп болып және көпшілік пен жұмыс жасауға ұқыптылығын өсіру "Сабақтың түрі: аралас сабақ "Сабақтың көрнекілігі:компютер, интерактив тақта,үлестірмелік тапсырмалар "Сабақтың жоспары: "1 этап уйымдастыру кезеңі Төртбұрыштар туралы білімдерін жинақтау Оқушылардың білім және біліктерін тексеру-тест "2 этап "Жаңа білімді қалыптастыру Түсініктердің алғашқы тексерілуі "Сабақтың жүрісі Сәлемдесу, жаңа тақырыпты хабарлау "1 слайд "Ақыл-ойыңды тәртіпке келтіргің келсе математика мен шұғылдануға кеңес беремін " Назиф Хисамиев Назиф Хисамиев-физикаматематика ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетінің жоғары математика кафедрасының жетекшісі. Бүгін біз сабақта төртбұрыштар туралы білімдерімізді тәртіпке кенлтіреміз жәнеазғана тексеру жұмыстарын жүргіземіз, осыдан кейін жаңа тақырыпты үйренеміз. "2слайд Төртбұрышқа анықтама беру.түрлерін атау. Төбелерін, бұрыштарын,қабырғаларын және диагоналдарын белгілеу және көрсету. "3слайд Қандай төртбұрышты параллелограммдеп атайды? Параллелограммның қандай қасиеттері бар? Параллелограммның қасиеттерін атаңдар. "4слайд Қандай төртбұрыш тіктөртбұрыш деп аталады? Тіктөртбұрыштың қасиеттерін атаңдар. "5слайд Қандай төртбұрыш квадрат деп аталады? Квадраттың қандай қасиеттері бар? "6слайд Қандай төртбұрыш ромб деп аталады? Ромбының қасиеттерін атаңдар Енді берілген төртбұрыштар бойынша сенднрдің білімдеріңді тексереміз.
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Трапеция және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Трапецияның не екенін білу

Дамытушылық:Төртбұрыштардың қасиеттерін жалпылау және оны талдай білу

Тәрбиелік:өз еркімен еңбектенуге,жұп болып және көпшілік пен жұмыс жасауға ұқыптылығын өсіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:компютер, интерактив тақта,үлестірмелік тапсырмалар

Сабақтың жоспары:

1 этап уйымдастыру кезеңі

Төртбұрыштар туралы білімдерін жинақтау

Оқушылардың білім және біліктерін тексеру-тест

2 этап

Жаңа білімді қалыптастыру

Түсініктердің алғашқы тексерілуі

Сабақтың жүрісі

Сәлемдесу, жаңа тақырыпты хабарлау

1 слайд Ақыл-ойыңды тәртіпке келтіргің келсе математика мен шұғылдануға кеңес беремін

Назиф Хисамиев

Назиф Хисамиев-физикаматематика ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетінің жоғары математика кафедрасының жетекшісі.

Бүгін біз сабақта төртбұрыштар туралы білімдерімізді тәртіпке кенлтіреміз жәнеазғана тексеру жұмыстарын жүргіземіз, осыдан кейін жаңа тақырыпты үйренеміз.

2слайд

Төртбұрышқа анықтама беру.түрлерін атау. Төбелерін, бұрыштарын,қабырғаларын және диагоналдарын белгілеу және көрсету.

3слайд

Қандай төртбұрышты параллелограммдеп атайды? Параллелограммның қандай қасиеттері бар?Параллелограммның қасиеттерін атаңдар.

4слайд

Қандай төртбұрыш тіктөртбұрыш деп аталады? Тіктөртбұрыштың қасиеттерін атаңдар.

5слайд

Қандай төртбұрыш квадрат деп аталады? Квадраттың қандай қасиеттері бар?

6слайд

Қандай төртбұрыш ромб деп аталады? Ромбының қасиеттерін атаңдар

Енді берілген төртбұрыштар бойынша сенднрдің білімдеріңді тексереміз.

І вариант

  1. Егер төртбұрыштың бұрыштарының катынастары 1:3:5:9.

А) 20 60 100 180

В) 10 30 50 90

С)15 65 105 175

Д)40 10 100 60

2. Параллелограммның диагоналі оның бұрышын 35 және 45 бөледі. Параллелограммның бұрыштарын табыңдар.

А) 35 45 90 100

В) 80 80 100 100

С) 135 135 90 90

Д) 70 70 110 110

3 Ромбының бұрыштары 3:6. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

А) 30 30 60 60

В) 50 60 70 80

С) 60 60 120 120

Д)100 100 80 80

ІІ вариант 1.Егер төртбұоыштың екі бұрышы 32 және 143 болса, қалған екі бұрышының қосындысын табыңдар

А )175 В) 185 С) 190 Д) 195

  1. Егер параллелограмның периметрі 30см. болса,әр түрлі екі қабырғасының қосындысын табыңдар

А) 15см, В) 10см, С) 28см. Д) 5см.

3. Егер ромбының бір бұрышы 65 болса, басқа бұрыштарын табыңдар.

А ) 65, 75, 110, 115

В) 65, 130, 50, 40

С) 65, 65, 105,105

Д) 65, 65, 115, 115

ІІІ вариант

  1. Егер төртбұрыштың қабырғалары 4см. 10см,14см, 22см болса, оның периметрин табыңдар.

А ) 34см. В) 48см. С) 50см. Д) 61см

  1. Егер параллелограмның бір бұрышы 32 болса, оның басқа бұрыштарын табыңдар

А) 32, 44, 98, 32

В)64,64,32,32

С) 100,100,32,32

Д)32 32 148 148


  1. Ромбының периметрі 52 см. Ромбының қабырғалары тең болуы мүмкін бе?

А) Иә, В) Жоқ

1. Жаңа тақырып: Трапеция және оның қасиеттері

2 Тарихи минут:Трапеция (гректің trapezion- «столша» сөзінен келіп шыққан) - төртбұрыш

Евклидтің «Бастсмалар» ында, орта ғасырда трапеция параллелограммнан басқа барлық төртбұрыштарды білдірген. Біздің түсінуімізше трапеция б. з.дейін 18 ғасырда ежелгі грек математикасында бұл сөз қазіргі мағынасына ие болды

3. Практикалық жұмыс.

І тапсырма

1 Квадратта ромбыда, параллелограмда, тіктөртбұрышта, үшбұрышта трапеция пайда болатындай түзу жүргізіңдер. Оны қиып алыңдар.

2 Трапецияны белгілеңдер

3.Трапецияның табандарын көрсетіңдер

4.Трапецияның бүйір қабырғаларын көрсетіңдер

5.Трапецияның диагональдарын жүргізіңдер

6.Диагональдардың қиылысу нүктесін белгілеңдер

7.Трапейияның биіктігін жүргізіңдер

8.Трапецияның түрін анықтаңдар (теңбүйірлі ме? немесе тікбұрышты ма?)

ІІ тапсырма

Жұмысты орындағандағы қауіпсіздік ережесі

Қайшының сыртында қабы болуы керек

Қайшыны ұсынғанда сақиналы жағын беру керек

Қайшы мен жұмыс жасағанда оның ұш жағын төмен қарай бағыттап ұстау керек

Тек ғана партаның үстіне қию керек

Жұмыс кезінде басқа нәрсеге көңіл аударма, айналшықтама, әңгіме айтпа

Қайшыны тек көрсетпе бойынша қолдан

Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама

4.төртбұрыштар ағашының суреті

Сабақты бекіту:Сұрақ-жауап:

1.Сабақта ең қызықтысы не болды?

2.Не қиын болды?

5. Үйге тапсырма

6. Бағалау

Тесттердің жауаптары:

І вариант. 1) А, 2) В, 3) С

ІІ вариант. 1) В, 2) А, 3) Д

ІІІ вариант. 1) С, 2) Д 3) В

© 2010-2022