Внеклассное мероприятие Математикалық кеш

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Математикалық кеш»

Мақсаты: халық есептерін қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыра отырып, салт дәстүрге үйрету.

Көрнекілігі: Залдың сахнасын безендіру ( нақыл сөз, кеш тақырыбы ), слайд.

Кештің өтілу барысы

Жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Математикалық кешімізге қош келдіңіздер!

Қазақ халқының дәстүрінің бірі - «Қонақ күту» рәсіміне байланысты халық есептерін шешуге аспазшылар мен фермер топтарынан білімділер келіп отыр.

Жүргізуші:

Уа халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ есеп бәрі бар.

Ал, сайыскер балалар,

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылықпен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Математика сырына.

Қадамдарың оң болсын,

Сәт- сапар жол болсын

Жүргізуші: Ал енді білімпаздарымыздың өнерін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (Әділ қазылар таныстырылады) Жүргізуші : Математикалық кешіміздің білімділері өздерін таныстырсын (Әр топтың ұраны, сәлемдесуі)

І топ. «Фермер » тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарысты алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз, Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

ІІ топ. «Аспазшы» тобы. Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Жүргізуші: Бүгінгі математикалық кеште Қазақ халқының дәстүрлерінің бірі қонақ күту рәсімі бойынша халық есептерін шешеді.

  1. Қонақ күту рәсімі сәлемдесуден басталады. Олай болса

Халық есебі №1: (Сәлемдесу )

Тәттібек атайдың үйінде отағасы, баласы, бәйбішесі бар еді. Атайдың үйіне бірінен соң бірі қонақтар келеді. Келген қонақтар салт бойынша есіктен «Ассалаумағалуйкем» дей кіріп барлық отбасы мүшелерімен амандасады.

Бірінші қонақ келді. Сонан кейін қонақ. Үшінші қонақ келді. Сонда барлығы неше рет сәлемдесті?


Жүргізуші: Қазақ қонақжай халық. Келген қонаққа міндетті түрде қой сойылып, ет тартылады. Ендеше

Халық есебі №2: (Табақ тарту)

Қонақтарға табақ тарту кезінде:

Бәйбіше: Отағасы -Екеу ара табақ тартсам, онда бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара табақ тартсам, онда бір табақ ет артылып қалады, енді не істеу керек?

Жүргізуші: Ал оқушылар, сонда қонақтың саны қанша, табақтың саны қанша? (Мұнда бұл есептің отырған қонақтар мен байланысы жоқ)

Жүргізуші: Еттен соң шай дастарханын әзірленеді.

Халық есебі №3: Өрік бөлу

Бәйбіше: Дастарханға өрік пен алма қойсам деп едім. 45 өрікті тоғыз табаққа әр табақтағы өрік саны әр түрлі болатындай етіп, қалай бөліп салуға болады?

Алма бөлу

Бәйбіше: Жеті алманы 12-ге қалай тең етіп бөлуге болады? Бір алманы төрт бөліктен артық бөлуге болмайды.


Жүргізуші: Шай үстінде қонақтар өз ара санамақ ойынын ойнап, логикалық есептер шешіп, жұмбақ жасырады. Қонақтар санамақ ойнау үстінде Отағасы: «Білімдімен бір жүрген, білмегенін біледі» дейді дана халқымыз , қарап отырмай санамақ санасақ қайтеді?

Санамақ

Қонақ-1: Санасақ санайық алдымен мені тыңдаңыздар!

Түйе бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан,

Бие бар құлын емізген,

Қос ешкі туған егізден,

Үш қозымен екі қой

Бәрін бірге ойлап қой.

Қонақ-2: Енді мен айтсам.

Он екі түйе, он жылқы,

Тоғыз сиыр бес ешкі,

Бір жарым қарсақ бір түлкі

Таба алмасаң жұртқа бұл күлкі

Қонақ-3: Онда менің кезегім.

Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бірқазан,

Екі үйрек бір сазан,

Бір көксерек, бір қарға,

Қосылды кеп бұларға

Қанша құс болды аспанда?


Қонақ-2: Ал онда менікін шешіңіздерші!

Талдан ұшты көп торғай,

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы,

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ

Соңында біреу қалып келеді,

Алдында төртеу топ келеді,

Үшеуі қатар жарасқан,

Тізіліп үшеуі калыспан,

Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу есепте!

Қонақ: Кешкедейін санамақ санап отыра бермей логикалық есептер шешсек қайтеді?

Отағасы: Ол да дұрыс екен. Шешсек шешейік.

Логикалық есептер шешу

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды?

  2. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

  3. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?

  4. Кім барлық тілде сөйлейді?

  1. 7 майшам жанып тұр, төртеуін сөндірсек неше майшам қалады?

  2. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі кітабын оқиды. Осы қарқынмен 1 жылда қанша кітап оқиды?

  3. Үстелде үш кесе сүт бар. Алмас бір кесе сүтті ішіп қойды.Үстелде неше кесе бар?

  4. Үш бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек?

  5. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?

  6. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

  7. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?

  8. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?

Жұмбақ шешу


Бала-1 (Асық ойнап отырады) Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар дейді достым, олай болса жұмбақ шешісейік . Мен жасырайын Бала-2

Ұқсайтұғын жылқыға

Қамыс құлақ көлікпін,

«К» орнына «П» қойсам

Ойлантуға берікпін.

«Ө»- ден мені баста онда,

Алапатпын, ірімін,

Алдына «Т» -ны қосқанда

Сан есімнің бірімін.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы қай топ жеңімпаз болғанын анықтағанша назарларыңызға ән жолдаймыз.

Математика - бар ілім басы,
Математика - ғылым патшасы.
Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика- өмір тірегі
Математика - шәкірт жүрегі

Математика- өмір теңдеуі

Математика- білім өрнегі

Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.

Жүргізуші: Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.


© 2010-2022