• Преподавателю
  • Математика
  • На казахском языке Авторская программа на тему Геометрия есептерін шығаруда векторлар мен координаталар әдісін қолдану

На казахском языке Авторская программа на тему Геометрия есептерін шығаруда векторлар мен координаталар әдісін қолдану

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Геометрия пәнінен 9 сыныпқа арналған «Геометрия есептерін шығаруда векторлар мен координаталар әдісін қолдану» тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы







Жоғары білімді,

екінші санатты

математика пәнінің мұғалімі

С.Тлегенова



2015 ж

Әдістемелік кеңес Әдістемелік бірлестік

отырысында бекітілді отырысында қаралды

хаттама №...... хаттама №.............

«.....»..................2014ж «.....»..................2014ж

Кеңес төрайымы Бірлестік жетекшісі

.......... Г.Едигенова ..... ....... А.Изахунов


ТҮСІНІК ХАТ


Математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдістемелік зерттеулерді, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана білу керек. Математика пәнін оқытуда қандай ақпараттар беру керек, нені оқыту қажет деген мәселені шешумен қатар, оларды қандай ретпен, жүйемен оқыту, яғни оқу курсын барынша тиімді түрде, жеткізу проблемасының шешуін табу керек. Математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Математиканы оқытуда геометрия курсы үлкен орын алады. Математикаға бөлінген уақыттың 40%-ын геометрия алады. Геометрияны оқытудың басты мақсаттарының бірі - оның теориялық негіздерін білу және оларды практикада қолдану дағдыларын меңгеру. Сонымен қатар оқушының логикалық ойлауын, дәлелдеу қабілетін талқылауларды себептеу, ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады.
Геометрия курсының көкейкесті мәселелері ол - бұл курстың мазмұнының құндылығын, оқу материалдарының түсініктілігін арттыру, мазмұнды геометриялық есептердің рөлін күшейту. Оқулықтағы координаталар, векторлар, геометриялық түрлендірулер -геометрия курсын қазіргі заманға тек мазмұны жағынан ғана икемдейтін жаңа тақырыптар емес, сонымен қатар олар көпшілік жағдайда оқулықтың, логикалық құрылымын анықтайтын оқу курсын мазмұндаудың жаңа математикалық әдістері болып табылады. Қосымша әдіс ретінде координаттық әдісті пайдалануға болады.
Геометрия курсы қандай жолмен құрылмасын онда міндетті түрде теоремаларды дәлелдеудің, есептерді шығарудың әр түрлі әдістері қарастырылады. Олардың ішінде координат әдісі, геометриялық түрлендірулер әдісі, векторлық әдіс ерекше орын алады. Бұл әдістер өзара тығыз байланысты. Координат әдісіне тоқталсақ, қазіргі кезде әр-түрлі саладағы көптеген мамандардың тік бұрышты координаттар жүйесі туралы түсініктері болу керек, себебі ол координаталар графиктердің көмегімен бір шаманың екіншіден байланыстылығын көрнекі геометриялық түрде кескіндеуге мүмкіндік береді. Координат әдісінін қуаттылығы - оның алгоритмділігінде; координат әдісі жеңіл алгоритмделетін алгебралық әдіске келтіреді, яғни есептеулер тізбегіне келтіріледі.

Курстың мақсаты:
Математика курсындағы есептерді шығаруда координат әдісін пайдаланып шешудің әдіс- тәсілдерін үйрету.
Теориялық білімді практикамен байланыстыра отырып, жандандыру арқылы қазіргі талаптарға сай оқушының білім сапасын жақсарту жолдарын қарастыру.


Курстың міндеттері:
•математика курсында оқытылатын векторлар ұғымының шығу тарихына шолу жасау.
•векторлар ұғымы туралы негізгі түсініктердің мәнін ашу,
вектордың түрлеріне тоқталу.
•векторларға қолданылатын негізгі амалдарды көрсету.
•негізгі мектеп математика курсындағы есептерді шығаруда векторларды қолданудың тиімділігін арттыру
• координат әдісі мен векторлық әдісі арасындағы байланысты зерттеу;
• координат әдісін нақтылы теорияға сүйене отырып, есептер шығару барысында дәлелдеу

Курстың практикалық маңыздылығы: Математика курсы бойынша алған теориялық білімін, дағдыларын қалыптастыру және өз бетімен алған білімін практикада тиімді пайдалану.

Тақырыптың өзектілігі:
Координат ұғымы орта мектептің оқулығында оқытылады. Геометрия курсында координат әдісін қолдануға уақыт көп бөлінбейді.
Оқушыларға математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, әдістемелік зерттеулерді, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін, есептер шығаруда қолдана білуді қажет етеді. Есептерді шығаруда координата әдісті қолдану тақырыптың өзекті мәселесі болып отыр.

Күтілетін нәтиже:

•оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларының қалыптасуы;

•оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуы;

•оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерінің, ойлау қабілеттерінің

дамуы;

Қолданылған әдіс- тәсілдер: практикалық, түсіндіру,әңгімелеу, шығармашылық және логикалық тапсырмалар

Аптасына 1сағат. Барлығы 34 сағат Курс жүргізілетін сынып: 9 Күтілетін нәтижені тексеру әдісі :Оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін анықтау; Оқушының коммуникативті құзыреттілігін бағалау тест-сауалнамасы

Курстың мазмұны

Аптасына 1сағат. Барлығы 34 сағат

1.Кіріспе (1 сағат).

Курстың мақсаты мен міндеттері. Курстың құрылымы, ондағы қаралатын мәселелер. Әдебиеттермен, шығармашылық жұмыстардың таұырыптарымен таныстыру.

2.Жазықтықтағы векторлар (20сағат) Вектор ұғымы және оның шығу тарихы. Векторларға амалдар қолдану. Векторларды қосу ережесі. Векторларды азайту ережесі. Векторларды көбейту ережесі. Скалярлық көбейту. Векторларды есеп шығаруда қолдану. Векторлардың перпендикулярлығы және коллинеарлығының координаталық түрі. Векторлар арасындағы бұрышты анықтау. Векторлардың координаталары. Алгебраның кейбір есептерін шығаруда векторларды қолдану. Планиметрияның кейбір есептерін шығаруда векторларды қолдану.

3. Координаталар әдісі бойынша есептерді шешу жолдары (11 сағат) Негізгі мектеп курсында координаттар әдісін қолданудың негізгі әдістемесі. Координаттар әдісінің ұғымы. Координаталық тәсіл. Нүктенің координаталарын табуға мысал есептер. Координаталық әдісінің кейбір қолданулары. Тік бұрышты координат жүйесі. Координаталар әдісі бойынша шығарылатын есептер.

4.Қорытынды (2 сағат). Тест тапсыру.



«Геометрия есептерін шығаруда векторлар мен координаталар әдісін қолдану» таңдау курсының жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін уақыты

1

Кіріспе.

1



Жазықтықтағы векторлар

20


2

Вектор ұғымы және оның шығу тарихы

1


3

Векторларға амалдар қолдану. Векторларды қосу ережесі

2


4

Векторларды азайту ережесі

2


5

Векторларды көбейту ережесі. Скалярлық көбейту

2


6

Векторларды есеп шығаруда қолдану

2


7

Векторлардың перпендикулярлығы және коллинеарлығының координаталық түрі

2


8

Векторлар арасындағы бұрышты анықтау. Өздік жұмыс

2


9

Векторлардың координаталары

2


10

Алгебраның кейбір есептерін шығаруда векторларды қолдану

2


11

Планиметрияның кейбір есептерін шығаруда векторларды қолдану

2



Сынақ жұмысы №1

1


12

Координаталар әдісі бойынша есептерді шешу жолдары

11


13

Негізгі мектеп курсында координаттар әдісін қолданудың негізгі әдістемесі

2


14

Координаттар әдісінің ұғымы

2


15

Координаталық тәсіл. Нүктенің координаталарын табуға мысал есептер

2


16

Координаталық әдісінің кейбір қолданулары. Тік бұрышты координат жүйесі

2


17

Координаталар әдісі бойынша шығарылатын есептер

2


18

Сынақ жұмысы №2

1


19

Қорытынды

2














Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

1.Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. 9 сынып оқулығы «Атамұра» 2005

2. Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. 9 сынып оқулығы «Атамұра» 2013

2. «Физика және математика» ғылыми-әдістемелік журналы

3.Интернет желілері

4. Рустюмова И.П. Пособие для подготовки к единому национальному тестированию по математике Алматы «Ғылым», 2005ж

5. Математика пәнінен тест тапсырмалары (2001-2013 жж.)

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

1. Программы по геометрии к учебнику 7-9. Автор Атанасян Л.С., В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев и др. (Составитель сборника программ: Т. А . Бурмистрова. «Просвещение», 2008)

2. Геометрия, учеб. для 7-9 кл./ [Л.С. Атанасян, В.Ф. Бутузов, С.Б. Кадомцев и др.] - 16-е изд. - М.: Просвещение, 2010

3. Изучение геометрии в 7-9 классах: методические рекомендации: кн. для учителя/ Л. С. Атанасян, В.Ф. Бутузов, Ю.А. Глазков и др.]- М.: Просвещение, 2007

4. И.Қазиев Решение алгебрических задач с помощью скалярного произведения, Математика

5.Алимов Ш.А. Алгебра и начала анализа. Учебник для 9 класса

6.Атанасян Л.С. и другие. Геометрия для 9-10 классов средней школы

7.Қаңлыбаев Қ. Жазықтықты векторларда қолданылатын есептер, математика, Жақсыбекова К.А. Векторлық және тензорлық оқу құрал.



© 2010-2022