Логикалық есептер шығару. 5 сынып

Сабақ: № 20 Пәні: Математика Күні: 24.09.2014 ж. Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға логикалық есептер шығару жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға логикалық есептер шығару жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру. Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жа...   Қызыл қара көк көгілдір ақ Нағима + - - - - Роза - - - - + Зәуре - + - - - Айгүл - - + - - Баян - - - + -   2 – логикалық есеп. Үмбет, Болат, Ержан үшеуі дос. Олардың біреуі – наубайханашы, бірі – такси жүргізуші, бірі – өрт сөндіруші. Бірнеше дерек: Үмбет пен Болат әр кешке шахмат ойнайды. Болат пен Ержан бірге волейбол ойнауға бірге барады. Такси жүргізуші – металл ақша, өрт сөндіруші – қалайы солдаттарды, ал наубайханашы – марка жинайды. Ержан ешқашан маркаға қызыққан емес. Такси жүргізуші ешқашан волейболға бармаған. Олардың мамандығын анықтаңдар.            V. Қортындылау. Демалыс сәтін өткізу...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № 20

Пәні: Математика

Күні: 24.09.2014 ж.

Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға логикалық есептер шығару жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға логикалық есептер шығару жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.

Әдебиеттер: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика 5 сынып», Алматы «Атамұра» 2010.

Әдістері: Баяндау, есептер шығару, қадағалау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 1 есеп, 75 бет.

ІІІ. Жаңа материалды игерту.

Логикалық ойлау - өз пайымдауларында қайшылықтарды болдырмайтын нақты, жүйелі ойлау.

Пайымдау айтылымдар тізбегі немесе бекітудің бір-бірімен анықталған түрдегі байланысты.

Ой қорытындылау - берілген бір немесе бірнеше пікірлердің нәтижесінде алынатын жаңа пікір.

IV. Есептер шығару.

1 - логикалық есеп.

Мектеп бітіру кешіне Нағима қызыл көйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес. Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк. Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар. Баянның барлық аталған түсті көйлегі бар. Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.



Қызыл

қара

көк

көгілдір

ақ

Нағима

+

-

-

-

-

Роза

-

-

-

-

+

Зәуре

-

+

-

-

-

Айгүл

-

-

+

-

-

Баян

-

-

-

+

-

2 - логикалық есеп.

Үмбет, Болат, Ержан үшеуі дос. Олардың біреуі - наубайханашы, бірі - такси жүргізуші, бірі - өрт сөндіруші. Бірнеше дерек: Үмбет пен Болат әр кешке шахмат ойнайды. Болат пен Ержан бірге волейбол ойнауға бірге барады. Такси жүргізуші - металл ақша, өрт сөндіруші - қалайы солдаттарды, ал наубайханашы - марка жинайды. Ержан ешқашан маркаға қызыққан емес. Такси жүргізуші ешқашан волейболға бармаған. Олардың мамандығын анықтаңдар.

V. Қортындылау.

Демалыс сәтін өткізу.

VI. Үйге тапсырма беру.

Логикалық есептерді шешу.

VII. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, бағаны талдау.



© 2010-2022