Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№278 орта мектеп



Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу



Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сыныбы: 6 «Б»

Пән мұғалімі: Исаева Гауһар




2015-2016 оқу жылы

Математика 6 сынып

Күні: 22.01.2015
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу (слайдымен)
Сабақтың эпиграфы:

Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ.

(Н.Назарбаев)

Сабақтың мақсаты

Білімділік:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді есептер шығару арқылы бекіту
Дамытушылық: Есептеу әдістерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік:Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Тақта, сызбалар, слайд, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы


1) Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сәлемдесу әдебі
3) Слайдта көрсетілген «тақ сандар», «жұп сандар» және «теріс сандар» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын анықтау;

2)Өткенді қайталау
1. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

2. Мәндес теңдеу деген не?

3. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

4. Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?

3)«Білім - басты мұрат»

Есептер шығару

1. Егер а=-5 болса,онда 2+3а=2+3*___=___

2. Егер b=-1 болса, онда 7-2b= 7-2*___ =___

3. Егер d=-3,6 болса, онда 4+5d=4+5*___=___

4)«Білім-таусылмайтын кен»
Тест есептер.

1. Теңдеуді шешу: 0х=5

а) 0; в) 5; с) түбірі жоқ

2. Теңдеуді шешу: 7х+3 = х+15

а) 2,25; в) 2; с) 3

3. Теңдеуді шешу: 0х = 0

а) 0; в) 1; с) х- кез-келген сан

4. Теңдеуді шешу: 6х-7 = х+3

а) 2; в) -4/7 с) -4

5. Теңдеуді шешу: 3х = 1

а) 3; в) 1/3 с) 1

Жауаптары:

  1. С

  2. В

  3. С

  4. А

  5. В

5) Тапсырмалар орындау Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

6) Шығармашылық жұмыс.

Сөз жұмбақ «Қазақстан»

1. Математикалық 4 амалдың біреуі.

2. 5-сынып. Математика оқулығының авторы.

3. Қосу амалына кері амал.

4. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан.

5. Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар?

6. Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады?

7. Әріпті өрнектердің теңдігін не дейміз?

8. Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз?

9. Санауға қолданатын сандар

Жауаптары

1.Қосу

2. Алдамұратова

3. Азайту

4. Аралас

5. Қарама-қарсы

6. Бұрыс

7. Теңдеу

8. Рационал

9. Натурал сандар

7) Тірек сызба

ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х-айнымалы, а және b-қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

1 қасиет:

теңдеудегі қосылғыштың таңбасы қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2 қасиет:

теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Бір айнамаласы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:

  1. Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;

  2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;

  3. Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;

  4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек.

8) Сабақты қорытындылау, бағалау

9) үйге тапсырма №861,862


© 2010-2022