Тригонометриялық функциялардың туындысы Тригонометрия

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Елтай орта мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі

Аргунбаева Айман Жетписбаевна

Тақырыбы: §17.Тригонометриялық функциялардың туындылары

Мақсаты: Тригонометриялық функциялардың туындыларын табу формулаларымен танысып, оларды есеп шығаруда қолдануды үйрену.Оқушыларды топпен,жеке жұмыс жасауға,ой қорытындылауға машықтандыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекілік: маршруттық карта, «ромб»,деңгейлік кеспе қағаздар,формулалар,оқулық,бағалау парағы

Сабақ барысы

  1. Сабаққа мақсат қою.(2 мин)Сабақтың мақсатымен таныстыру.Істелетін жұмыстарға тоқталу.Топ құру.Рөлдер бөлу.Баяндамашы топ ережесімен таныстырады.

  2. Үй жұмысын тексеру.Дайын есеп шешімдері бойынша (түзету парақтары) оқушылар қателері бар ма,жоқ па тексереді.

  3. Оқу үрдісінің маңыздылығы (5 мин)

Ауызша

Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды. «Ыстық орындық»

Туындының анықтамасын бер.

Туынды табу амалы қалай аталады?

Функцияның нүктедегі туындысы сан бола ма әлде функция бола ма?

Функцияның нүктедегі туындысы болуының қажетті шарты

Функцияның геометриялық мағынасы

Функцияның физикалық мағынасы

«Ромб» стик қолданып туынды формулалары мен ережелерін жазғызу (2 мин)

4.Қайталауға топпен деңгейлік есептер шығару (қосымшада) (8 мин)

5.Жаңа тақырыппен таныстыру (10 мин )

6.Алғашқы түсінік және оқып білгенді қолдану.(15 мин)

Оқулықпен жұмыс.Есеп шығару «А» №№224-228(а,б) «В» №№235,239(а); «С» №240

7.Үй тапсырмасын беру.(1 мин)

8.Сабақты қорытындылау. (2 мин)Оқушылар өздерін бағалайды, қорытынды бағалау, «Insert» толтырту



© 2010-2022