Презентация на казахскому языку на тему жай болшек

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация на казахскому языку на тему жай болшекЛуганск жалпы орта білім беру мектебі







Математикадан сыныптан тыс жұмыс

5- сыныптар

Өткізген: Чинпулатов Д.Д

математика пәні мұғалімі.

















2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Жас ғалым!» зияткерлік сайыс

Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың қисын ,есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыту.Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке байқампаздыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта,тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Қатысушылармен оқушылармен амандасып сайыстың шарттарымен таныстыру.Әділқазыларды тағайындау.

  2. 1.Таныстыру.

2.Бәйге./Мақалды толықтыру/

3.Математикалық хоккей.

/ 1 амалдан есептер/

4.Ғажайып алаң.

/Ұйашық таңдау/

5.Кім жылдам?/ Логикалық

есептер/

6.Кім нағыз лидер? /Лидерлер сайысы/

7. Ойлан тап /Сиқырлы сандар/



3. Бәйге бөлімі мақал-мәтелді толықтыру. Кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауап бес ұпай.

  1. Ер 1 рет өледі, Қорқақ 1000 рет өледі

  1. 7 рет өлшеп,1 рет кес.

  2. 2 құзғын таласса, 1 қарғаға жем болар.

  3. . 1 кісі қазған құдықтан,1000 кісі су ішеді.

  4. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар, Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.

  5. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

  6. Білгенің бір 9, білмегенің 99.

  1. Математикалық хоккей бөлімі. Бұл бөлімде оқулардың шапшаң есептеуліктеріне дағдыландырады. Қай топ тез және дұрыс орындаса сол топ ұпай алады. Дұрыс жауап 10 ұпай. (Дұрыс жауап 0)

  2. Ғажайып алаң бөлімі әр топ ұяшықтар таңдап сұрақтарға жауап береді қызыл жазудағы сұрақтар 5-сынып, ал қара жазудағы сұрақтар 4 сыныптың сұрақтары.

  3. Кім жылдам бөлімі. Бұл бөлімде логикалық сұрақтар қойылады қайсы топ тез әрі жылдам жауап берсе сол топ 10 ұпайга қол жеткізеді.

  1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)

  2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (18)

  3. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды.(3)

  1. Топ басшыларының сайысы. Сұрақ - жауаптар. Әр топтың басшысына он сұрақтан сұрақ қойылады әр дұрыс жауап бес ұпаймен санал

5-сыныпқа

1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)

2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)

  1. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)

  1. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар)

  2. 3-ке қандай сандар бөлінеді? (цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе)

  3. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)

  4. 2-ге бөлінетін сандар не деп атлады ? (Жұп сандар)

  5. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар)

  6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)

  7. 9-ға қандай сандар бөлінеді ? ( цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе)

4 -сынып

  1. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

(еніне узындығын көбейтеміз)

2. Бір сағат 24 минут қанша минут ? (84 минут)

3. фигураның периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

4. 5ц үлкенба әлде 500 кг үлкенба? (тең)

5. санды қандай санға көбейткенде сол санның өзі шығады? ( 1)

6. Бір тәулікте неше сағат бар? ( 24)

7.2+3*2қанша болады? (8)

8. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (бір)

9. 9*6? (54)

10. натурал сандарды қандай санға көбейткенде нәтижесі нөл болады

7. Ойлан тап бөлімі. Бұл бөлімде сандар қатары беріледі. Сол қатарлардан нәтижесі 100 болатындай етіп жақша, көбейту, бөлу, қосу, азайту амалдарын жасау керек. Бір немесе бірнеше түрін көсетуге болады. Әр топқа 3мин уақыт беріледі.

4-сыныпқа 5 5 5 5 5= 100 5- сыныпқа 9 9 9 9 9 9 =100

(5+5+5+5)*5=100 (999-99):9=100

(5*5*5)-(5*5)=100 (9*9+9)+( 9 :9) +9=100

  1. Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңген топ марапатталады. Назарларыңызға көп рахмет амандықпен жүздесейік.













© 2010-2022