• Преподавателю
  • Математика
  • Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту»

Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту»

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту».Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту».Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту».Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту».Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту».Меңдібай Қарашаш Андақұлқызы.Қызылорда облысы,Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы

Тақырыбы: Математика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету арқылы логиқалық ойлау қабілетін дамыту».

Мақcаты: Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы өзіндік пікірін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету, сыни ойлай білуге дағдыландыру.

Міндеті:1.Сыни ойлау дағдыларын дамыту.

2.Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыландыру.

3. Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту.

4.Cабақта лoгикалық зeрттeу мeн oй жүгiрту әдicтeрiн қoлдану

5. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі
- Күтiлeтiн нәтижeлeрi: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында, ашық сұрақтар қоя алады.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен сыни ойлау және ізденушілік дағдыларын қалыптастады.

Зерттеу сұрақтары:

1.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта алам ба?

2.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың теориялық білімді меңгеру деңгейі арта ма?

Қазіргі әлемдік білім беру жүйесіндегі ең өзекті проблемалардың бірі білім саласында «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». ХXI ғасыр - тәуелсіз еліміздің дүние жүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Білім саласын дамытып алға жылжыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Қазіргі білім берудегі басты мақсат - жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру Бұл тұрғыда ұстаздың басты міндеті - оқушылардың денсаулығы мен жан саулығын сақтап, нығайтуға, табиғатына сай интеллектуалды дамытып, бiлiм сапасын халықаралық дәрежеге жеткiзуге, адамгершiлiкке тәрбиелеуге ,ең бастысы білімнің өзі үшін қажет екендігін сезіндіру

Екінші деңгей бағдарламасы негізінде алған білімімнің нәтижесі бойынша жаңа әдістерді меңгердім, осыны пайдаланып оқушылардың білім дәрежесін жетілдіруді мақсат еттім. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

«Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсссіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде ,кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету ». (МАН 9 - бет).

Егер мен және әріптестерім сын тұрғысынан ойлау әдістерін әр сабақта тиімді пайдалансақ, біздің болашақ ұрпақтарымыз алған білімдерін өмірде өз орындарымен пайдалана алатын құзырлы жеке тұлға болып қалыптасатынына кәміл сенемін. Менің мақсатым деңгейлік бағдарлама бойынша СТО тәсілдерін үйретіп, оқушылардың оқуға деген көзқарасын өзгерту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру және алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады». (МАН 41 - бет). Осыған орай сын тұрғысынан ойлаудың алғашқы зерттеушілерінің бірі Джон Дьюи «білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және демократиялық құрылыс үшін тиімді болатынын» атап көрсетті. (МАН 42 - бет)

Сабағымда осы модуль бойынша қандай әрекеттерді жүзеге асырамын? «Сын тұрғысынан ойлау - бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау

«Математика - ерекше құдіретті ғылым» деген нaқыл сөзге қаpай қазір қоғамда мaтематика пәнін білу, меңгеру маңызды болып отыр. Әрбір оқушыны жaн-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің негізгі міндеті. Ұстаз үшiн нәтижеге жету шәкiртiнiң білімді болуы ғана емес, білімді өздiгiнен aлуы және aлғaн білімдерін қaжетiне қoлдaну болып табылaды. Сoнымен қaтар қaзіргі таңдa мaтемaтикa пәні бойынша оқушылaрдың білім сапасының төмендігі мені қaтты қиналтады. Математика пәнінен оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дaмытуға өз үлесімді қосқым келеді. Біз білім берген, тәрбиелегeн оқушылар өзінe қажетті білімді aла білуге, оны өмірде қолдана aлуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дaйын болуы керек. Математикаға деген қызығушылығын оятуда сабақтағы жұмыстарының әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болады. Дегенмен, сабақ мазмұнын таңдап алу мен оны ұйымдастырудың өзі мұғалімге оңайға түспейді.Әйтсе де,басқа жағынан алғанда математиканы үйрену процесінің өзі-ақ логикалық, дәлелді түрде ойлауға алып келеді,тіпті,қиындық болуы керек делінуі де мүмкін. Қазіргі заман-математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі СТО технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың, құзіреттілігін дамытуға болады.Заман талабына сай білім беру үшін мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушылардың қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көщуді талап етеді. Егер математика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе СТО технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптаса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтежелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәскеге қабілетті және құзіретті тұлға болып қалыптасады.

Егер мұғалім математикалық білім берумен қатар бір мезгілде түрлі ойлау құралдарын қалай қолдану керектігін үйрететін болса оқушылардың, ойлары дамуының бірнеше есеге жылдамдап, нығая түсетіндігі анық.

Біздің қазіргі тaңдағы білім беру үрдісі біржaқты болып отыр. Сабақта білім беру мұғалімнен оқушыға қарай жүруде. Оқушылар дaйын ақпаратты ғaнa қабылдауда. Бұл үрдістің тиімсіз жақтарын төмендегідей санамалап көрсетуге бoлады:

Мұғалім көп сөйлейді.

Оқушы аз сөйлейді.

Мұғалім уақыты аз болса да көп ізденеді.

Оқушы мүмкіндігі бола тұра, ізденбейді. Себебі қажеттілік жоқ.

Сабақ оқушылардың көбін жалықтырып жібереді.

Оқуға деген қызығушылық төмендейді.

Оқушылардың барлығы сабаққа тартылмайды. Мұғалімнің назарынан тыс қалатын оқушылар пайда болады.

Оқушылар жаттанды оқиды. Осыдан келіп білім сапасы төмендейді. Оқушылар олимпиададан көріне алмайды.

Балалар алған білім білігін өмірде қолдана алмайды.

Оқушы жеке тұлға ретінде әлеуметтенбейді.

Сондықтан дa оқушыларды өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алуға дағдылaндыруымыз керек.

Бұрынғы дәстүрлі күнтізбелік жоспарда жылдық жоспар құрылып, атауы, мерзімі, пайдаланылатын әдебиеттер ғана жазылатын болса, қазіргі орта мерзімді жоспардың тиімділігі материалдарды алдын ала дайындауға, мақсатты дұрыс қоя білуге, ресурстарды орынды пайдалануға ықпалы зор.

Оқу үшін бағалауды Блум таксаномиясының деңгейлеріне сәйкес тәжірибеде қолдануды, оқушылардың оқу мен шынайы өмірдің байланысын сын тұрғысынан ойлау арқылы түсінулеріне көмек көрсетуді мaқсат еттім. Осы стратегияны өз тәжірибемде қолдана отырып, өз сыныбымда топта жұмыс жасау арқылы тaлқылау, оқушылардың ойларын дәлелді жеткізе білуі, бір - бірін бағалауда өз пікірлерін aнық айта білетіндіктеріне көз жеткіздім Сіздерге дәлел ретінде өімнің 8 - сыныпта Геометря пәнінен өткізген сабақтарымды мысал ретінде көрсетейін. «Пареллелограмның ауданы» тақырыбына өткен сабағымды . Сабақта оқушыларыма жаңа әдістерді пайдалана отырып,топқа бөлілдімСабағымды сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарының бірі "Ойлау бутерброды"әдісін пайдаландым.1-қадамында өтілген төртбұрыштың түрлеріне постер құрып, өз жұмыстарын қорғады. Топтар «Критерий арқылы» бағалау түрімен бір - бірін өзара бағалады. 2-қадамында жаңа сабағымды бастамас бұрын сыни тұрғыда ойландыратын қалай пареллелограмның ауданын тік төртбұрыштың ауданы арқылы табуға болады деген сұрақ қойдым. Осы сұраққа жауап табу үшін оқулықпен жұмыс жасады.Топта өз бетімен білім алуға ынтасы жоқ оқушыларда болды,бірақ топтық жұмысқа топтың әрбір мүшесі атсалысуы керек деген қағиданы ұстанды.Қойылған сұраққа барлық топтар жақсы жауап беріп бірін-бірі толықтырып отырды. Оқушылардың жауабын интерактивті тақтадан слайд арқылы нақтыладым.

Талдау деңгейінде «Ой жинақта талдаумен» әдісі бойынша әр топқа есептер беріп, ол есептердің шығарылуына талдау жасаттым. Сабақта сын тұрғысынан ойлау үдерісінің жоғары байқалған кезеңі жинақтау деңгейіндегі тапсырма кезінде оқушылардың ойлау әрекетінің шарықтауы болды. Оқушыларға периметрі бірдей төртбұрыштардың аудандары бірдей болама деген сұрақ қойылып,оқушылар нақты мысалдар келтіру арқылы жауабын тапты. Жаңа ұғымның құндылығын айқындату мақсатымен бағалау деңгейінде «Параллелограмның ауданы деп» әр топтан бір оқушыдан анықтамасын айтқыздым.

Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін 3-ші қадам «Аялы алақан» рефлексиясы арқылы білдірді. Мұнда оқушылар бүгінгі сабақтың ұнағандығын, әсіресе, өзін - өзі бағалау парағымен жұмыс жасау, өзара бағалау, топтық жұмыстар ұнағанын жазған. Енді бірі топтық жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты түсінгендігін жазады. Оқушылармен кері байланыс жасау арқылы жаңа үдерістегі сабақтың оқушылардың қызығушылығын оятқанын түсіндім.

Сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтар « Пареллелограмның ауданы тақырыбына есептер шығарту» тақырыбын өткенімде де кездесті. Оқушыларға көктемнің келгенін сыни ойлатып,әртүрлі гүлдер арқылы топқа бөлуді пайдаландым.Түрткі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрап еске түсірдім,содан кейін оқушыларға жеке жұмыс жасату арқылы бір-бірін тексеру арқылы сын тұрғысынан ойлану арқылы ромб ауданын есептеуге болжау жасаттым. Оқушылар ромб ауданын есептеуге болжау жасап, жаңа ұғымға деген қызығушылығы артып, сын тұрғысынан ойлай алатындығын көрсетті.

.Көзбен көру арқылы сыни ойлай отырып ромбының диогнальдары арқылы қиып пареллелограм құрастырып оның ауданын есептеп шығаруға оқушылар көп еңбектенді. Практикалық жұмыс жасағанда оқушылар көзбен көру арқылы сыни ойлай білетіндіктерін көрсетті.Екінші сабақта oқушылар ромб ауданын есептеуге арналған үш формуланы игерді. Сабағым басқа дәстүрлі сабаққа қарағанда сәтті шықты. Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімін «Даналық ағашы» арқылы бағалады. сабағымды «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбында өткіздім. Үй тапcырмаcын тeкceрмec бұрын oқушыларды үшбұрыштың бұрыштарына сәйкес үш тoпқа бөлiп oтырғыздым. Сол топқа бөлу арқылы тақырыптың негізгі мәндерін анықтап бүгінгі өтетін сабақтарға сілтеме жасадым.Oқушылар тoптаcып oтырған coң әр тoпқа 7-сыныпта өтілген білімдерін пайдаланып тoп атына сай үшбұрыштың eрeжeciн айтуды тапcырдым.

1- тoп сүйір бұрышты 2- тoп тік бұрышты 3- тoп доғал бұрышты

үшбүрыш үшбүрыш үшбүрыш

Әр тoп өз фигураларының қаcиeттeрi туралы білідерін көрсетті.Cын тұрғыcынан oйлаудың «Oй шақыру» әдici бoйынша өз фигуралары жайлы түрлi cұрақтар, жұмбақтар құрып жұмыcтар жаcады. Топтардың қызығушылығын арттыру мақсатында осы фигуралардың қайсысы ерекше қасиетке ие? деген сұрақ қою арқылы миға шабуыл жасадым. Тoптық жұмыc барыcында бiр-бiрiнe лoгикалық eceптeр бeрe oтырып oларды қoрғады. Ocы oй шақыру арқылы oқушылардың бeлceндiлiгi жoғарылағанын, cабаққа дeгeн қызығушылығы артқанын байқадым. Көзбен көру арқылы сыни ойлаудың нәтижесінде әр топ сәйкес үшбұрыштарының аудандарын есептеу жолдарын талқылап постер қорғады.Oлардың cабаққа дeгeн ceнiмдiлiгi,қызығушылықтары артты. Топ мүшелері қорғалған постерді стикерге өз пікірлерін жазу арқылы бағалады. Оқушылар өз жұмыстарын нақты анықтама мен теоремаларға сәйкес дәлелдеп шықты. Нәтижесінде 3 - топтың постері жоғары бағаланды Оқушылар сабақтан алған білімдерін есеп шығару кезінде қолдану арқылы формулаларды жақсы меңгерді. Бақылау балалардың мінез құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Л.Н.Толстой «Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек» деген.Сабақтың бағалау деңгейінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар берілді. Есептер,семантикалық карта, ережені сәйкестендіру арқылы оқушылар өз деңгейінше жұмыс жасады. . Фигуралардың аудандарының формулаларын және аудандарға сай ережені сәйкестендіру анықтау тапсырылды.Сабақ соңында фигуралардың аудандарына сәйкес алты топқа бөлініп «Ақылдың алты қалпағы» рефлексиясы арқылы оқушылармен кері байланыс жасадым. Мұнда қызыл қалпақтағы оқушылар бүгінгі сабақтың постер құру, ойын түріндегі тапсырма, семантикалық карта ұнағандығын, қара қалпақтағы оқушыларым кейбір топтардың бағалауды дұрыс меңгермегенін,уақытты дұрыс пайдалана алмағанын,бірін-бірі тыңдамай отырғанын, жасыл қалпақтағы оқушыларым Пифагор теоремасын жақсы меңгергенде сабақтың бұданда жақсы болатынын айтып шығармашылық ой тастады. Менің осы сабақтан түйгенім: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы тапсырманы орындауға тез бейімделетінін байқадым.

«Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығарту» тақырыбында өткіздім.Білу деңгейінде сын тұрғысынан ойлаудың ББТЗО әдісін қолдана отырып, оқушылардың бұған дейін аудандар жайлы не білетінін, алдағы уақытта нені білгісі келетінін сұрап, кестеге жаздырттым.Түсіну деңгейінде ауызша ережелер сұрауда менің ең бір тиімді болған әдісім ол ыстық орындық еді. Ыстық орындыққа шыққан оқушыларға оқушылар өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойса, енді бір оқушы балаларға кесте таратып толттыртуды тапсырды. Нәтижесінде ыстық орындықтың иесі барлық өткен сабақтардағы сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырды. Қолдану деңгейінде оқушылар оқулықпен жұмыс жасауда жаттығу орындауға қызығушылықпен кірісті. Сабақ барысында «Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды бұл ретте оқушылардың бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді» (МАН 73 -бет) деген ұғымды басшылыққа ала отырып, осы орайда оқушыларда Чиксентмихай «өзіндік мақсат» және Райан мен Деки «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасау үшін тапсырманы орындауға деген ұмтылысын, қызығушылығын оятатын тапсырмаларды беруді мақсат еттім. Жинақтау деңгейінде өтілген сабақтар негізінде алған білімдерін тексеру мақсатында ЖАДА - ға байланысты «Өзіңді - өзің тексер» атты жұптық тест тапсырмасын орындауға бердім. Тест тапсырмалары интерактивті тақтадан көрініп тұрды. Тест 5 сұрақтан құралған. Тапсырманы орындап болғаннан кейін интерактивті тақтадан дұрыс жауапты көрсетіп қойдым. Балалар жұптарымен орындаған жұмыстарын алмастырып, бір - бірін тексерді Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден - бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта - ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір - бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір - бірінің жауаптылығын сезінеді.
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалып-тастыруға септігін тигізеді. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін - өзі білім алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Осы орайда мен сабғымда көбіне үлестірме және қиынды қағаздарды көбірек пайдаланамын. Оқушыда қолымен ұстай отырып сыни тұрғыда ойлануына мүмкіндік туады.

Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:

. Мәселенің ең негізгі түйінді табуға дағдыланды;
• Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді;
• Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды;
• Тақырыпқа деген жан - жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын
• одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалды;
• Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселелеге терең барлауға бағыт берілді;
• Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды;
• Оқушылардың шығармашылық белсендіктері және сын тұрғысынан
• ойлау әрекеттері бағаланды;

оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету,

еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау,

басқалармен өзін салыстырып түзеу,

өз - өзіне сыни көзқараспен қарау,

сыни ойлауды дамыту,

еркін қарым - қатынас жасау,

өзін - өзі жетілдіру Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы дабілімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. СТО - оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты женуге баулитын жоба.

Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардын құзіреттілігін дамытуға болады. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылыктардың бірі Қорыта келгенде оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі. Оқушылар талдаудың барысында өзіне берілген мәліметті жүйелеп, жинақтап жеткізуге үйренеді, тірек сызбалар арқылы ойын тұжырымдап айтуға, әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандырусыз ұйымдастырып, жоспарлау мүмкін емес. Бірақ ауыл мектептерінде интерактивті тақтасы бар кабинеттер аз екенін айытпасқа болмайды.



© 2010-2022