Рационал сандарға амалдар қолдану 6 класс

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 класс

Дөң орта мектебі















СТО технологиясы математикада







Абдураимова М.А - математика

пән мұғалімі Дөң орта мектебі













2014-2015 оқу жылы

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Қоғамның өркендеуіне, дамуына, онда болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздегі білім саласының алдында жүйеленіп, білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшелінетін тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Білімді қалыптастыруда «сын тұрғысынан ойлауды дамытудың» түрлі әдіс-тәсілдерін сабақта қолдана отырып, білім алушылардың іздену, уйрену, ұғу сияқты қабілеттерінұштауға болады. Сол себепті сіздерге төмендегі сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: "Рационал сандарға амалдар қолдану"

Сабақтың мақсаты: рационал сандарды амалдар қолдану ережелерін есептеулерде пайдалануға, белгісіз көбейткіші, бөлгіші немесе бөлінгіші бар теңдеулерді шеше білуге үйрету.

Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау;

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: бекіту сабағы.

Сабақтың типі: ойын - сабақ

Оқыту тәсілдері: Сұрақ - жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика.

Сабақтың құрал - жабдықтары: ИТ, тест, слайд.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру (1 мин)

1. Психологиялық тренинг :

Шаттық шеңбер (шын жүректен...) (2 мин)

ІІ. Қызығушылықты ояту.Миға шабуыл (10 мин)

1.«Кім жылдам?» (сұрақ-жауап)

2. Тірек сызбасы

ІІІ. Мағынаны тану.«Білімің - ұшар қанатың» (13 мин)

1. Деңгейлік тапсырмалар (оқулықпен жұмыс).

2. Логикалық сұрақтар, жұмбақтар

3. "Сергіту сәті" (2 мин)

4. Ой қозғау. 1. Сиқырлы әріптер (әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазу керек) (5 мин)

2. «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары) (5 мин)

VI. Рефлексия-бағалау кезең. (7 мин)

1. Төрт таңба

2. Үйге тапсырма

3. Бағалау.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Ең алдымен барлығымыз «Шаттық шеңбер» жасап , бір-бірімізге шын жүректен жылы сөздер айтайық.

І І. 1. «Кім жылдам?» (сұрақ-жауап)

  1. (-) ÷ (+) немесе (+) ÷(-) мәні қандай таңбамен шығады?

  2. (-) ÷ (-) немесе (+) ÷(+) мәні қандай таңбамен шығады?

  3. (-) + (+) немесе (+) + (-) мәнін қалай шығарамыз?

  4. «-» таңбасымен жазылған сандар қалай аталады?

5. Оң санға да, теріс санға да жатпайды (0 саны)

6. Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар? (бүтін сандар)

7. Бір-бірімен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар? (қарама-қарсы сандар)

8. "+" таңбасымен жазылған сандар қалай аталады?

9. Бүтін сандар, бөлшек сандар (оң және теріс сандар)? (рационал сандар)

10. (-) · (+) немесе (+) · (-) мәні қандай таңбамен шығады?

2. Тірек схемасы

Натурал сандар

Қарама-қарсы сандар

Оң сандар

Сандардың түрлері

Бүтін сандар

Теріс сандар

Рационал сандар

ІІІ-кезең. Мағынаны тану.«Білімің - ұшар қанатың»

  1. Деңгейлік тапсырмалар (оқулықпен жұмыс)

А-деңгейі (5 ұпай).

№ 584. Амалдарды орындаңдар:

1. 8·(-3)+(-7)=-31 2. 32÷(-4)+5=-3

(-2)·(-5)-12=-2 64÷(-16)-9=-13


В- деңгейі (10 ұпай).

№ 593. Теңдеуді шешіңдер:

8-5х+х=16 12x-5,9-7,5x+3,2=-4,05

4,8-5,5-x=18,8 9,1x+2-x-6=-52,6

С- деңгейі (20ұпай).

№596

Рационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 класс

№597

  1. Рационал сандарға амалдар қолдану 6 класс2) Рационал сандарға амалдар қолдану 6 класс

  1. Логикалық сұрақтар:

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша? (3кг)

  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  4. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)

Жұмбақтар:

1. Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында

(Рационал сандар)

2. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.

(Натурал сан)

3. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.

(Түзу)

4. Нүктеден 2 сәуледен құралған

Айтшы бұл не екенін?

(Бұрыш)

3. «Сергіту сәті»

4.Ой қозғау. 1) Сиқырлы әріптер

Мына сиқырлы әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазу керек. Және сол сөздердің мағынасын ашу.

Қай топ жылдам?

с

і

р

к

б

ы

и

т

ұ

ш

ү

н

е

2) «Шешуші сәт»

Тест тапсырмалары:

1. Өрнектің мәнін тап: (-0,4)3*(-0,5)2

a) -0,016; b) 0,016; + c) 0,04; d) -4.

2. Мәні 12-ге тең өрнекті таңдап ал:

a) -6:(-5); b) 36:(-3); +c) -0,48*(-25); d) 2,4*(-5).

3. Өрнектің мәнін тап: Рационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 классРационал сандарға амалдар қолдану 6 класс

a)1,65; +b) -1,65; c) 0; d) -1.

4. Теңдеуді шеш: 7(x+17) = 1,4

a)-15; b) 19; c) 17,2; +d) -16,8.

5.-15 мәнін қабылдайтын өрнекті таңдап ал:

a) -0,5*(-30); b) -13,5:(-0,9); c) 0,75*2; +d) 75:(-5).

VI. Рефлексия-бағалау кезең.

  1. ББУ стратегиясы

Не білемін?

Не білмеймін?

Не білгім келеді?

2. Үйге тапсырма

3. Бағалау парағы.

Оқушының аты- жөні:___________________________________ класы: ________

Кім жылдам?

Тірек схемасы

Деңгейлік тапсырма

Логикалық сұрақтар, жұмбақтар.

Ой қозғау.

Сиқырлы әріптер

Шешуші сәт.




© 2010-2022