Таңбалары әртүрлі екі санды қосу

Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әртүрлі екі санды қосу Сабақтың мақсаты: 1.        Таңбалары әртүрлі сандарды қосуды меңгерту, есеп шығару жолдары көрсету. 2.        Логикалық ойлау қабілетін дамыту, іздену – шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. 3.        Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ Ұйымдастырылу түрі: «Математикалық поезд» ашық сабақ, дәріс, есеп шығару. Көрнектілігі: слайдтар, карточкалар. Сабақтың барысы 1.        Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын  аударту. 2.        Үй тапсырмасын жалпы тексеру. 3.        Карточкамен өткен тақырыпқа есеп беру.
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әртүрлі екі санды қосу

Сабақтың мақсаты:

  1. Таңбалары әртүрлі сандарды қосуды меңгерту, есеп шығару жолдары көрсету.

  2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, іздену - шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Ұйымдастырылу түрі: «Математикалық поезд» ашық сабақ, дәріс, есеп шығару.

Көрнектілігі: слайдтар, карточкалар.

Сабақтың барысы

  1. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аударту.

  2. Үй тапсырмасын жалпы тексеру.

  3. Карточкамен өткен тақырыпқа есеп беру.

Есептердің шешімін өсу ретімен орналастырғанда теріс сандарға амалдар қолданған математик есімі шығады.

Р -0,4783 + (-0,8517) =

Д 0 + (-39,47) =

Т -0,687 + 0,687 =

А -2,36 + (-7,84) =

Е -8,4 + (-7,84) =

К -6,9 + (-7,3) =

Жауабы: Декарт

  1. Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табуды үйренейік.

1-есеп. Таңертең ауаның температурасы -5 градус болды. Ал түсте +7 градусқа жоғарылады. Түсте ауаның температурасы неше градус жоғарылады?

(-5) + 7 = 2

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін:

  1. Үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

  2. Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек;

Қарама - қарсы екі санның қосындысы 0-ге тең.

  1. Жаңа білімді тексеру.

Таңбалары әр түрлі сандарды қосу алгоритимін айт. №446 ауызша есептеу

  1. Бекіту. Жаңа тақырыпқа есеп шығару. Жалпылау және жүйелеу.

  1. Купеге билет алу үшін тапсырмадан «5»- тік баға алу керек

  2. Плацкартқа билет алу үшін тапсырмадан «4»- тік баға алу керек

  3. Жапы вагонға билет алу үшін тапсырмадан «3»-тік баға алу керек

1-бекет

Деңгейлік тапсырмалар

2- бекет

Олимпиадалық тапсырмалар

  1. Ерболда 3 тиындық және 5 тиындық монеталар саны 13 еді. Ол ақшасын санағанда 57 тиын болды. Ерболда 3 тиындық монета нешеу, 5 тиындық монета нешеу?

Жауабы: 3 тиындық 4-еу, 5 тиындық 9.

  1. Егер ең үлкен екі орынды саннан екі сегіздікпен жазылған санды алып, оған ең кіші екі орынды санды қосып, үшті азайтсаң біздің сыныпта неше қыз немесе неше ұл немесе неше оқушы бар екенін білесің.

Жауабы: 18 оқушы

  1. Ұлу саңырауқұлақ бетімен 2 минутта жоғары 2см жылжиды. Одан кейін 1 минут демалып, дереу төмен қарай 1см сырғанап түседі. Содан соң қайта өз дағдасымен жоғары жылжиды. 5 минуттан кейін қандай биіктікте болады?

Жауабы: 3см

3- бекет.

Ауызша тапсырмалар.

  • Теріс санның модулі қандай сан?

  • Теріс сандарды қалай қосамыз?

  • Координаталық түзу дегеніміз не?

  1. Үй тапсырмасымен таныстыру. №449, 451, 453, 455, 457, 461, 463, 465, 467, 4697

  2. Қорытындылау, бағалау.

  3. Рефлексия кезеңі.

© 2010-2022