Сыныптан тыс жұмыс Сан сұраққа саяхат

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы









Сыныптан тыс жұмыс Сан сұраққа саяхат

Тақырыбы: Сан сұраққа саяхат


Сыныптар: 8«А»-11 «А»









Өткізген: Аманжол А.



Казанка орта мектебі 2012жыл

Тақырыбы: Сан сұраққа саяхат

Мақсаты:

Әр түрлі ойындар ойнату арқылы математикаға деген қызығушылықтарын арттыру

-Математика ғалымдарымен таныстыру, жалпы ежелгі математикадан аздап мағлұмат беру,ізденімпаздыққа,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Есте сақтау ,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құрал: интерактивті тақта

Тәрбие сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, сыныпты ретке келтіру.

ІІ. Барысы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар

Математикадан басталмақшы

Сан сұраққа саяхат кеші

І тур Топтардың өзін-өзі таныстыруы

ІІ тур Біз алғыр және тапқырмыз

Сұрақтар 1-топ

1.Жай сандар деп қандай сандарды айтамыз?

2.Құрама сандар деп қандай сандарды айтамыз?

3.Қандай санның модулі 0-ге тең?

4.Қандай сандар 0-ден кіші?

5.Жиын деп нені айтамыз?

Сұрақтар 2-топ

  1. Екі теріс санның қосындысы неге тең?

  2. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?

  3. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп айтамыз?

  4. Теңдеу дегеніміз не?

  5. Қандай теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық деп аталады?

Сұрақтар 3-топ

1.Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

2.Функция дегеніміз не?

3. Перпендикуляр тузу дегеніміз не?

4.Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

5.Сызықтық функцияның анықтамасы?

ІІІ тур Қай бағытты қалайсың?

Сыныптан тыс жұмыс Сан сұраққа саяхат

ІҮ тур Ойлан,тап

1-топ:

Үшке бөлгенде 1 қалдық,4-ке бөлгенде 2 қалдық,5-ке бөлгенде 3 қалдық, 6-ға бөлгенде 4 қалдық қалатын қандай сан?

2-топ:

1*2*3*4*5 сандарының арасындағы жұлдызшалардың орындарына амал таңбаларын жазыңдар және жақшаға алыңдар,сонда шығатын өрнектің мәні 100 тең болсын.

3-топ:

Квадраттарының қосындысы 77 тең болтын тетелес үш санды тап.

Ү тур Математикалық ән байқау

ҮІ тур Білдік, ойымызға сақтадық

Кординаталары бойынша нүктелерді тауып және оларды қос.Ненің суреті шықты?

Сыныптан тыс жұмыс Сан сұраққа саяхат

Жанкүйерлермен сайыс.

Оңғар тапқан он жаңғақтан,

Екі-екіден ептеп санап

Әлжан алды, Қалжан алды,

Балжан алды,қанша қалды?

Он бір түйе,бес жылқы

Екі сиыр бір ешкі,

Екі қоян үш түлкі

Таба алмасаң бұл қүлкі

Ү ІІ тур Кім жылдам?

Әр топ фигураларды құрастыру керек. Құрастрылған фигуранның ішінен нақыл сөз шығуы керек.

ҮІІІ тур Көрініс

Әділ қазыларға сөз беру

© 2010-2022