Рационал сандарды бөлу (6-класс)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгебра 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Рационал сандарды бөлу ережелерін үйрету, бөлгіші немесе бөлінгіші бар теңдеулерді шеше білуге үйрету.

Дамытушылық: Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей сандарды бөлуді дамыту және есеп шығара білуде ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа , жылдамдыққа , ептіліккке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі , сұрақ -жауап

Сабақтың пән аралық байланыс: информатика,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру №547

«Алғашқы қадам» деп аталады, өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтар .

  1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту ережесін айтып беріңіз?

  2. Таңбалары бірдей сандарды көбейту ережесін айтып беріңіз?

  3. Қарама -қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  4. Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?

  5. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?

ІІ бөлім «Білімің -ұшар қанатың» деп аталады

Жаңа сабақ

І . Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу.

Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, бөліндінің мәні теріс сан болады.

Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:

  1. Бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.

  2. Шыққан бөліндінің алдына «-» таңбасын қою керек.

Мысалдар:

Бөлінгіш пен бөлгіштің мәні бірдей болса , бөлінді оң сан болады.

Таңбалары бірдей сандарды бөлу.

  1. Бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек

  2. Шыққан бөліндінің алдына «+» таңбасын қою керек.

Мысалдар :

Нөлге бөлуге болмайды .

Оқулықпен жұмыс № 555 3 қатарға 1 топтан

№ 556 3) 4)

№557 1) 2)

Деңгейлік тапсырмалар

А тобы № 560 1 ) 2) 3)

Б тобы №566 1)2)3)

С тобы № 567 4) 5) 6)

ІІІ кезең

Логикалық есептер шығару.

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса оның салмаға қанша болады?

Жауабы: 3 кг

2. Наурыз тойы өтіп жатыр. Ат жарысы өтуде, үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?

Жауабы:(60 км)

  1. Төрт қойдың неше аяғы бар? Жауабы: 16 аяғы.

ІҮ кезең

«Кім жылдам?» ойыны

Үлестірмелі қағаздар арқылы ойналады

Ү кезең

Сергіту сәті

8 есеп беріледі жауабын тақтаға жазып тексеремін.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру № 560 (жұп нөмірлері)

Сабақты бекіту: Рационал сандарды бөлу ережелерін тұжырымдап айтып бер?

Қорытындылау.


© 2010-2022