Математика пәні бойынша сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Білімділігі:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не, оның қасиеттерін оқып үйрену..  Дамытушылығы:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдық қалыптастыру, математикаға деген қызылушылығын арттыру. Тәрбиелігі:Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға  тәрбиелеу. Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жауап жұмы...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№4 Ю.А.Гагарин мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу



Сыныбы: 7 "A"

Дайындаған: Математика пәні мүғалімі Ахметова К.



2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Білімділігі:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не, оның қасиеттерін оқып үйрену..

Дамытушылығы:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдық қалыптастыру, математикаға деген қызылушылығын арттыру.

Тәрбиелігі:Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жауап жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, тірек кестелер.

Пәнаралық байланыс:Физика, информатика, сурет.

Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру

2."Ойлы болсаң озып көр" сұрақ-жауап үй тапсырмасы.

А) Теңдеу деген не?

Б) Теңдеуді шешу деген не?

В) Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?

Г) Теңдеуде тақырыптық есептер берілген жағдайда

Д) Әріптің қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайды?

Математика пәні бойынша сабақтың тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

2)Теңдеуді шешудің іріктеу әдісі

X(x+3)=10 x(x-1)=42

2*5=10 7*6=42

3)Жаңа сабақ

Кез келген теңдеу түрлендіріліп ax=b түріне келтіріледі. Мұндағы

А- айнымалы коэффиценті, ь-бос мүше.

Ах=b түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Мысалы, 0.3 x=0.9

A=0.3 B=0.9

2x+5=3x-2

2x-3x=-2-5 - мәндес теңдеу

-x=-7

X=7

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.

Мысалы,

4(x-3) = 0 - мәндес теңдеулер

4x-12=0

Кейде теңдеудің түбірлері болмайды. Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер деп аталады.

Теңдеулерді түрлендіріп ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.

1 қасиет

Теңдеудегі қосылғыштардың таңбасы қарама-қарсыға өзгеріп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге айналады.

2 қасиет

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:

1.Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау.

2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.

3.Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру.

4.Теңдеудің екі бөлігін де айнымалы коэффицентіне бөліп, теңдеудің x= Математика пәні бойынша сабақтың тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. түбірін табу керек.

1)а≠0 болса, бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі бар.

2)а=0, b≠0, 0*x=b

3) a=0, b=0 болса, теңдеу ох=0 шексіз көп түбірі болады

4) Бекіту жұмысы (кітаппен жұмыс)

5)Үйге тапсырма

Бағалау

© 2010-2022