Математика пәнінен интелектуалдық ойын. Жүйрік болсаң, озып көр

Сабақтың тақырыбы: «Жүйрік болсаң,озып көр» Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Түрі: Топтық сайыс сағаты Типі: Ойын түрінде Жоспары:  1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі 2. Бәйге( Логикалық есептер) 3. Көкпар 4. Аударыспақ(Есептер шығару) 5. Жорға   Мұғалім:Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Жүйрік болсаң,озып көр»  қош келдіңіздер!...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жүйрік болсаң,озып көр»

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сағаты

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге( Логикалық есептер)

3. Көкпар

4. Аударыспақ(Есептер шығару)

5. Жорға

Мұғалім:Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Жүйрік болсаң,озып көр»

қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді.

Ортаға 1 топ-шеңбер,тіктөртбұрыш топтарын шақырамыз

Шеберлікті білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! -дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар білгіштер бар өнерлерін алдарына салады

Кім білімді көп оқыған болса егер бүгінгі күн жеңімпазы болады.

1 тур.Таныстыру (әр команда өздерін таныстырады)

2 тур. «Көкпар» (әр топ 1 мин ішінде 10 сұраққа жауап береді,егер жауап білмесе «келесі» деп жауап береді)

1 топқа:

1.Өздерін оқып отырған математика кітабының авторы (Ақпаева,Лебедева,Буровова)

2.7 майшам жанып тұр,4 сөндірсек неше майшам қалады? (4)

3.Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына ұқсайды)

4.3 сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)

5.5 жарым таяқтың неше ұшы бар? (үшбұрыш)

6.Жарты түзу (сәуле)

7.Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос ыдыс)

8.Тікбұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)

9.225 нешенің квадраты? (15)

10.1 шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз,1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады? (200)

2 топқа:

1.Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2.Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

3.Үстелде 3 стакан сүт бар.Алмас 1 стакан сүтті ішіп қойды.Үстелде неше стакан бар? (3 стакан)

4.Нанды үш бөлікке бөлу үшін ,нанды неше рет кесу керек? (2)

5.Торда 4 қоян бар,4 бала 4 қоянды әкетті,ал бір қоян торда қалды.Неге? (1 қоянды торымен бірге әкетті)

6.Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

7.35-тің квадраты? (1225)

8.Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар ?(негізгі ұғымдар)

9.9 -дың кубы нешеге тең? (729)

10.

3 тур. Аударыспақ

Әр топқа бірдей есеп беріледі,әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928/33)*(16112/53-304) жауабы: 0

4 тур:Жорға

20-20-20

30-30-30

40-40-40

Сол жақтағы 20

№1,№2,№3 пәтерлерде үш мысық бар: ақ, қара және сарғыш. №1 және №2 пәтерлерде қара мысық жоқ, Ақ мысық №1 пәтерде емес. Әр мысық қай пәтерде тұрады?

Ж: 1: сарғыш,2: ақ, 3: қара

Ортадағы 20

Қатира Батимадан үлкен, ал Нағима Қатирадан үлкен, бірақ Сәуледен кіші.Үлкенінен бастап қыздарды бір қатарға қой..

Ж: Сәуле, Нағима, Қатира, Батима

Оң жақтағы 20

Қайықпен екі бала жүзіп жүрді. Оларға үлкен кісі келіп, келесі жағалауға шығаруларын өтінді. Қайыққа 2 бала немесе 1 үлкен кісі міне алады. Балалар ақылды еді, сондықтан олар шешімді тез тапты. Сен таптың ба?

Ж: 1. Екі бала қайыққа отырып, келесі жағалауда біреуі қалады. 2. Екінші бала қайтып келіп, қайықты үлкен кісіге береді де, өзі осы жағада қалады. 3. Үлкен кісі келесі жағаға шығып түседі де, №1 бала қайықты алып қайтып келеді.

Сол жақтағы 30

Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?

Ж: Ең кішісі 2 жаста.

Ортадағы 30

Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген?

Ж: Шешесі 28 сәбіз жеген.

Оң жақтағы 30

Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

Ж: 4 рет

Сол жақтағы 40

Сыйлық

Ортадағы 40

Миллионда неше ноль бар?

Ж: 6

Оң жақтағы 40

Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?

Ж: 2кг

5 тур: Жорға

1.Геометриялық фигуралардың аттарын табу

1.Ешңбре-шеңбер

2.шұбршұы-үшбұрыш

3.трұбышрөт-төртбұрыш

4.рвадкат-квадрат

5 тур. «Жорға»

© 2010-2022