«Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік», 7-сынып

1.      Сабақтың тақырыбы:  Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік. Сабақтың мақсаты: Жуық шамалардың шығу себептерімен, сандардың жуық шамасының абсолют қателігі ұғымымен таныстыру, санның жуық шамасының абсолют қателігін табуды үйрету. Түйінді идеялар: Дәл мән, жуық  шама, абсолюттік қателік Күтілетін нәтиже: Жуық сандардың шығу тарихын біледі, жуық шаманың абсолют қателігін табуды үйренеді. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақты ұйымдастыру әдісі: Жекелей, топтық, сыныптық. Сабақты меңгертудің әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, проблема қою, іздендіру Сабақтың көрнекілігі: Парақшалар Техникалық жабдықталуы: Интерактивті тақта Сабақ кезеңдері: І.  Ұйымдастыру.  1.  Қолайлы орта тудыру 2. Сабақтың жүру барысы, топ ережесі, оқушылар білімін бағалау тәртібі слайдпен көрсетіліп, таныстырылады. 3.  Оқушыларды топқа бөлу – оқушылардан үйге берілген есептің парақшаларға жазылған жауаптары бойынша  топқа бөліну сұралады. 4.  Сабақтың тақырыбымен таныстыру 5.  «Ой қозғау» - тақырыптың  мағынасын ашу: «Жуық шама», «қателік», «абсолюттік       қателік» деген сөздерді  қалай түсінесіңдер?       6.  Оқушылармен тақырыптың мақсатын анықтау, проблема қою.       ІІ.  Жаңа білімді меңгерту. Проблемалы іздену – практикалық жұмыс.     ІІІ.  Топтарға 3-тапсырма 1)      Оқулықтан  өздері танысады, топта талқылайды.              1-топ. Санның мәнді цифрлары              2-топ. Дұрыс цифрлар              3-топ. Санның жуық мәні              4-топ. Артығымен, кемімен алынған жуық мәні 1.      Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақырыпшаларды түсіндіреді. 2.      Осы тақырыпшаларға әр топ мысал келтіреді, топта бір-бірін үйретеді 3.      Бекіту. №307, 309 (топта орындайды, нәтижесін тақтада жазады) 4.      Үй жұмысы. № 310 5.      Бағалау – бағалау парағындағы ұпай саны бойынша қорытынды баға шығару. 6.      Қорытындылау. Рефлексия – стикерлермен ͐Үміт ағашына͐ тілектерін жазу
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

математика пәні мұғалімі Мусина Гульназ Викторорвна

алгебра, 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік.

Сабақтың мақсаты: Жуық шамалардың шығу себептерімен, сандардың жуық шамасының абсолют қателігі ұғымымен таныстыру, санның жуық шамасының абсолют қателігін табуды үйрету.

Түйінді идеялар: дәл мән, жуық шама, абсолюттік қателік

Күтілетін нәтиже: жуық сандардың шығу тарихын біледі, жуық шаманың абсолют қателігін табуды үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жекелей, топтық, сыныптық.

Сабақты меңгертудің әдіс-тәсілдері: ой қозғау, проблема қою, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар

Техникалық жабдықталуы: интерактивті тақта

Сабақ кезеңдері:

І. Ұйымдастыру.

1. Қолайлы орта тудыру

2. Сабақтың жүру барысы, топ ережесі, оқушылар білімін бағалау тәртібі слайдпен көрсетіліп, таныстырылады.

3. Оқушыларды топқа бөлу - оқушылардан үйге берілген есептің парақшаларға жазылған жауаптары бойынша топқа бөліну сұралады.

Үйге берілген тапсырма:

632,127; 36,0151; 100,2749; 11,6797 сандарын а) жүздік үлеске, ә) ондық үлеске, б) бірлікке, в) ондыққа дейін дөңгелектеу.

1-топ. Жүздік үлеске дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 632,13; 36,02; 100,27; 11,68

2-топ. Ондық үлеске дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 632,1; 36; 100,3; 11,7.

3-топ. Бірлікке дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 632; 36; 100; 12.

4-топ. Ондыққа дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 630; 40; 100; 10.

Интеративті тақтада жазылған үй тапсырмасының жауаптары бойынша тобын қате тапқан оқушылар өз топтарына барады.

4. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

5. «Ой қозғау» - тақырыптың мағынасын ашу: «Жуық шама», «қателік», «абсолюттік қателік» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

6. Оқушылармен тақырыптың мақсатын анықтау, проблема қою.

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Проблемалы іздену - практикалық жұмыс.

1. Топтарға 1- тапсырма

1) 1-топ. Партаның ұзындығын өлшеп, нәтижесін жазу;

2-топ. Сынып бөлмесінің ұзындығын өлшеу, нәтижесін жазу;

3-топ. Әр қорапта 12 қарындаш бар, осындай 100 қорапта неше қарындаш бар?

4-топ. Кез келген бұрыш салып, бұрыштың шамасын транспортирмен өлшеп, нәтижесін жазу.

2) Орындаған өлшеу жұмыстарының нәтижесін айтады және 1, 2, 4 - топтардың орындаған өлшеу жұмыстарының мәні жуық шама, 3-топтың есептеген 100 қораптағы 1200 қарындаштың нақты мән екенін айтады.

2. Топтарға 2- тапсырма.

1) 1және 3-топтарға:

у=х2 функциясының х=0,8 және х=1,5 болғандағы мәндерін есептеу

2 және 4-топтарға:

у=х2 функциясының х=0,8 және х=1,5 болғандағы мәндерін график арқылы табу.

  1. Әр топтан бір-бір оқушы тапсырма нәтижесін тақтаға жазады.

  2. Осы нәтижелер бойынша топтарға тапсырма:

Анықтау керек:

  1. қай орындауда жуық шама?

  2. қайсысында дәл мән?

  3. жуық шаманың қателігі қанша?

  4. Жуық шаманың қателегін қалай есептейміз?

  5. Қателікті - α, дәл мәнді - А, жуық шаманы - а деп белгілеп, қателікті есептеу формуласын жазыңдар, анықтамасын қорытыңдар.

Топта есептейді, формуласын жазады, талдайды

Бір топтан бір оқушы тақтада қорғайды, қалған топтар өздерінікімен салыстырады, қатесі болса түзетеді.

Сонымен α=│А- а│екені қорытылады. Анықтамасы айтылады.

ІІІ. Топтарға 3-тапсырма

  1. Оқулықтан өздері танысады, топта талқылайды.

1-топ. Санның мәнді цифрлары

2-топ. Дұрыс цифрлар

3-топ. Санның жуық мәні

4-топ. Артығымен, кемімен алынған жуық мәні

  1. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақырыпшаларды түсіндіреді.

  2. Осы тақырыпшаларға әр топ мысал келтіреді, топта бір-бірін үйретеді

  3. Бекіту. №307, 309 (топта орындайды, нәтижесін тақтада жазады)

  4. Үй жұмысы. № 310

  5. Бағалау - бағалау парағындағы ұпай саны бойынша қорытынды баға шығару.

  6. Қорытындылау.

Рефлексия - стикерлермен ͐Үміт ағашына͐ тілектерін жазу

«Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік», 7-сынып«Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік», 7-сынып

© 2010-2022