Ашық сабақ математика 4 санын қосу және азайту (2 сынып)

Раздел Математика
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Санға 4-ті қосу және азайту тәсілдерін ұғындыру; Дамытушылық: Ой - өрісін есептей білу, өз бетімен жұмыстану қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, қоршаған ортаны қорғауға, сыйластыққа тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап Пәнаралық байланыс: Дүниетану Көрнекілігі: слайд, сызба

І. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достар! Бүгінгі күн, міне, Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын !!!

Балалар, мен сіздерге сәттілік тілеймін және сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мына жапырақтармен бағалайтын боламын. Қызыл жапырақ - «5», жасыл жапырақ -«4», сары жапырақ - «3» болады. Сары жапырақ алмауға тырысайық .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - Үйге қандай тапсырма берілді? (61-бет, №6) (2 оқушы оқиды) 19см = 1дм 9см 2дм 4см = 24см 87см = 8дм 7см 6дм 1см = 61см 1м = 100см 2м = 20дм

Үй тапсырмасын оқыған оқушыларға қосымша сұрақтар 2онд. 4бірл. = ?бірл. 4онд. 3бірл. = ?бірл. 41= ?онд. ?бірл. 52 = ?онд. ?бірл.

ІІІ. Өткенді пысықтау - Сонымен өткен сабағымызда санға 3-ті қосу және азайту тәсілдерін үйрендік. 3 санының құрамын қайталап еске түсірдік. Екі таңбалы сандарды ондықтар мен бірліктерге жіктедік, солайма?! - Иә. 3 - тен кейін неше тұрады? (4)

-Ал осы 4 санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз? (4 төрт мезгіл, төрт түлік мал, төрт бағыт, төрт бұрыш, жануарлардың, көліктердің, орындықтың төрт аяғы болады)

  • Өте жақсы

ІV. Жаңа сабақ

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі) - Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? - Бір жылда неше ай бар? (12ай) - Ал енді бір жылда неше мезгіл бар? (4мезгіл) - Өте жақсы, ендеше біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы 4 санын қосу және азайту деп аталады.

  • Кітабымыздың 62-бетін ашып, дәптерімізге бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазамыз. Қазанның 26-сы

4 санын қосу және азайту

4 4 4 4 4 4 (көркем жазу) 4 санын әдемі,көркем жазамыз. «Күз» мезгілінің тапсырмалары: (1 а,ә,б) - Күз мезгілінің айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша) Иа, енді осы күз мезгілінен аман - есен шығу үшін мына тапсырмаларды орындайық.

  1. Санға 4-ті қосу кестесін есіңе түсір. Сол жақ бағандағы мысалдарды шығар. Ауызша 4+4=8 5+4=9 6+4=10

  • Ал енді 7-ге 4-ті қалай қосамыз тыңдайық.






7 + 4 = (7 + 3) + 1 = 11




11 - 4 = (11 - 1) - 3 = 7

  • Түсіндіңдер ме? Олай болса осы жаттығудың «Б» бөлімін өзіміз шығарып көрейік. (тақтаға 2 оқушы шығарады, 2қатарға бөлемін) 8 + 4 = (8 + 2) + 2 = 12 12 - 4 = (12 - 2) - 2 = 8 9 + 4 = (9 + 1) + 3 = 13 13 - 4 = (13 - 3) - 1 = 9

  • Міне, осы тапсырмаларды орындау арқылы біз қай мезгілге жеттік деп ойлайсыңдар? (Қыс) Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)



  • «Қыстың» тапсырмалары: (сергіту сәті, №2,3)

  • Қыс мезгілі қандай болады? Иә, суықта тоңып қалмас үшін сергіп, бойымызды жылытып алайық.

  1. Сергіту сәті

Доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап алу. 4 + 2 =? 5онд. - 3 онд. =? 1дм = ?см 1тәул = ?сағ 1сағ = ?мин.

  • Өте жақсы, балалар, қыстың суықтығы сияқты біздің ендігі орындайтын тапсырмаларымызда күрделі болмақ. Ендеше 2жаттығуды қарайық. 2. Теңдіктер құр. (Өз бетімен жұмыс) 2минут уақыт беріледі 4 + 7 = 11 7 + 4 = 11 11 - 4 = 7 11 - 7 = 4 -- бұл жерде қандай ережені пайдаландық. (1оқушы оқиды қалғандары тексереді) «Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді».

№3 (тақтаға екі оқушы шығады, екі қатар бөліп жазады)

(8 + 2) + 2 = 12 (12 - 2) - 2 = 8

(9 + 1) + 3 = 13 (13 - 3) 1 = 9

-Мінекей, балалар, қыстың тапсырмаларын орындап аман - есен қай мезгілге жеттік? (Көктем) Көктем айларын ата (наурыз,сәуір,мамыр)

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? -Иә, енді көктемнен жазға аман - есен жету үшін мына тапсырмаларды орындайық

- «Көктемнің» тапсырмалары: (№4,5)

№4. Автобуста 26 жолаушы бар еді. Бірінші аялдамада 6 жолаушы түсті, екінші аялдамада 4 жолаушы мінді. Автобуста енді неше жолаушы болды? (мәтінді талдап не белгілі, не белгісіз екенін анықтап аламыз).

-Балалар, біздер Маңғышлақтан қалаға қандай автобуспен барамыз? (105) Автобуста өзімізді қалай ұстауымыз керек? Автобустағы мәдениеттілік туралы айта кету (үлкенге орын беру,көліктің артынан айналып өту)

Бар еді - 26ж.

Түсті - 6ж.

Мінді - 4ж.

Болды - ?ж

(26 - 6) + 4 = 24 (ж)

Жауабы: автобуста енді 24 жолаушы болды.

№5. (ауызша)

Ілулі тұр еді - 50к Киіп кетті - 10к Ілді - 8к Болды - ?к (50 - 10) + 8 = 48 (к) Жауабы: киімілгіште енді 48 кеудеше болды.

Логикалық тапсырма: суретте барлығы неше үшбұрыш бар? (18) Математикалық жұмбақ

Көлден ұшты 7қаз, Ағаштағы төрт алмұрт, Қайтып қонды 3 қаз. Піскен екен тимей құрт. Қонбады оның нешеуі, Самат алып екеуін Қане кім тез шешеді? Қалдырған екен нешеуін? 7 - 3 = 4 (қаз қонбады) 4 - 2 = 2 (алма қалдырған)

VІ. Қорытынды

  • Бүгінгі сабағымызда не үйрендік? Не білдік? Сабақ сіздерге ұнады ма?

VІІ. Бағалау. Жақсы қатысып отырған оқушыларды мақтау, мадақтау

VІІІ. Үйге тапсырма

  • Мінекей балалар, көктемнің де тапсырмаларын орындап қай мезгілге жеттік? (Жаз) жаз айларын атайық.(маусым, шілде, тамыз)Ал, осы жаз мезгілі сіздерге ұнайма? Неліктен? Бұл кезде біз нестейміз?

  • Үш ай демалысқа шыққанымыз сияқты жақсылап демалып, ертеңгі сабаққа 63-беттегі №6 жаттығуды орындап келеміз.

Сабақ аяқталды.





© 2010-2022