Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білуге, разрядтары бойынша және натурал сандарға дөңгелетіп салыстыра білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға, логикалық, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі ашық сабақ

Көрнекі құралдар: кесте, бейне суреттер, сандардың жуық мәнін анықтаудығы «Алгоритм» реттілігінің ережесі, есептер жазылған кеспе қағаздары, ұпайларын санайтын фишкалар.

Сабақтың жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, тақта, бор, кітап, дәптер

Сабақтың типі: топтасып жарыс түрінде есептер шығару

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, қызығушылығын ояту, әр дұрыс жауап бір фишкамен ұпайландыру.

Байланыс: тарих, экологиялық, қоршаған орта, жаратылыстану

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: оқушылармен амандасып, түгендеу. сабаққа дайындау, оқушылардың

назарын сабаққа аудару және топтастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)


Шешімі: Бірлік кесінді 10 бөлікке тең болғандықтан, А(3,5) < B(5,2) < C(8) < D(9,8) болады.

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)



3. Өткен тақырыпты тексеруге қайталау сұрақтары: "Кім жылдам?"

  • Ондық бөлшек деген не?

Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан

  • Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші ондық бөлшек сол жақта кескінделеді

  • Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ма?

Өзгермейді

  • Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?

Ондық бөлшектің алдымен бүтін бөлігін, егер бүтін бөлігі тең болса, онда ондық немесе жүздік, мыңдық және т.с.с үлестерін салыстырып, қайсысы үлкен болса сол сан үлкен болады

  • Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыруды түсіндір

Ондық бөлшектерді ондық таңбаларының сандарын теңестіріп, сонан соң үтірді алып тастап, натурал сан түрінде салыстыруға болады

4. Тарихқа шолу

Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратудыОндық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Шотландия математигі Джон Непер (1550- 1617) және неміс аспан

әлемін зерттеушісі И. Кеплер (1571 -1670) енгізген.

Ресейде Леонтий Филиппович Магниицкий 1703 жылы басылып

шыққан өзінің "Арифметика" оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндауды жалғастырды.

5. Жай бөлшектері бар жәшіктерге сәйкес ондық бөлшектерді салайық!

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)




6. Сандарды салыстырыңдар:

І топ ІІ топ

235,8 және 235,800 54,36 және 54,089

29,3 және 29,298 236,02 және 236,005

14,739 және 14,74 0,02356 және 0,02395

0.1 және 0.09998 25,164 және 25,160

7. Көптеген аурулардың себепкері жайсыз экологиялық жағдайлар болып табылады ауаның, судың, топырақтың ластануы.

Сандарды өсу ретімен орналастырып, қай жердің экологиялық жағдайы жағымды екенін анықта.Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Мысалы, ауаның ластануы:

Зауыт үстінде - 0,86

Қаланың үстінде - 0,129

Ауылдың үстінде - Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Өзен, көлдердің үстінде - Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Орманның үстінде - 0,0003Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Сергіту

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз.

Сергітуге мың алғыс!

8. Тапқырлар сайысы: әлемдегі ең кішкентай құс?

Бес бүтін оннан екі

5,02

Т

5,2

К

5,002

П

Ноль бүтін мыңнан сегіз

0,008

О

0,08

Е

0,8

У

Үш бүтін мыңнан жиырма бес

3,25

Д

30,25

В

3,025

Л

Он алты бүтін жүзден бес

16,005

А

16,5

Е

16,05

И

Он сегіз бүтін жүзден сегіз

18,8

Ш

18,08

Б

18,008

В

Бес бүтін онмыңнан он бес

5,0015

Р

5,015

У

5,15

И

Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес

34,0105

В

34,105

И

34,15

М

Колибри әлемдегі ең кішкентай құс.

Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 - 2 грамм.

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Раффлезия - әлемдегі ең үлкен гүл. Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

Оның жапырағы да, сабағы да, тамыры да жоқ. Оның салмағы 4-6 кг болады.

Ол орамжапыраққа ұқсас ал ашылған күйінде диаметрі қанша метрге жететінін білгің келсе төмендегі есепті шығар.

0,32 м + 4 дм 8 см + 70 см =

Жауабы: 1,5 м

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

9. Өзіңді тексер:

I топ

Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс); Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс) ; Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

2. Салыстыр:

а) 0,026 және 0,27

б) 2,1 және 1,853.

3. Амалды орында:

а) 2,3+15,4

б) 8,3-5,42

в) 5,7+0,332

I топ

1. 0,3 ; 2,17 ; 1,043

2. а) 0,026 < 0,27

б) 2,1 > 1,853

3. а) 2,3 + 15,4 = 17,7

б) 8,3 - 5,42 = 2,88

в) 5,7 + 0,332 = 6,032

II топ

Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:

Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс); Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс) ; Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)

2. Салыстыр:

а) 0,53 және 0,534

б) 3,2 және 2,753.

3. Амалды орында:

а) 3,5+12,4

б) 5,6-1,73

в) 2,8+0,227

II топ

1. 0,7 ; 5,263 ; 3,06

2. а) 0,53 < 0,534

б) 3,2 > 2,753

3. а) 3,5 + 12,4 = 15,9

б) 5,6 - 1,73 = 3, 87

в) 2,8 + 0,227 = 3,02

10. Қорытынды сұрақтар

Мына сандардың қайсысы шамалардың дәл мәні, қайсысы жуық мәні:

1) Осакаров №1 орта мектебінде 683 оқушы бар

2) Гепард жануары өз жемін аулағанда ол 120 км/сағ жылдамдыққа дейін жүгіре алады.

3) Сыныпта 25-тен кем оқушы, 5-тен артық мұғалім отыр.

4) Бүгін 5 «Б» сыныбында математика пәнінен

«Ашық сабақ» болды.

5) Ертеңгі ауа-райы Ондық бөлшектерді салыстыру (5 класс)-қа жылы болады

Үй тапсырмасы: №928 және №930

Бағалау: Жеңімпаз топты мадақтау.

Назарларыңызға көп рахмет!



© 2010-2022