Урок по геометрииШеңбер теңдеуі 8 класс

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

К.Терібаев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Мұсағалиев Ермек Жанпейзұлы.

Геометрия 8 сынып
Тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі.
Мақсаты: Шеңбердің теңдеуін жаза білу.Шеңбердің теңдеуі туралы түсінік беру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірме парақтары, тест тапсырмалары.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қалауың білсін?
3. Есте сақтау«Формуланы білесің бе?»
4. Білімді мыңды жығады....
5. Біліміңді тексер!
6. Білгенге маржан!
7. Тест тапсырмасы.
8. Қорытындылау.

І. Үй тапсырмасын тексеру. Дұрыс жауапты тақтаға жазу
ІІ. Қалауың білсің?
Тапсырма: Оқушы интертақтадан өзіне ұнаған цифрды таңдап, сұраққа жауап береді.
1. Центрі А(3; 2), R=2 шеңбер теңдеуін жазыңыз.
2. А(3; 4) нүктесі мен координата басына дейінгі арақашықтықты табыңыз.
3. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 3 см, 4 см. Гипотенузаны табыңыз.
4. А(6; - 8) нүктесі мен координата басына дейінгі арақашықтықты табыңыз.
5. х2 +у2 - 49=0 шеңбердің радиусын, центрін табыңыз.
6. (х - 3) 2 +у2 =64 шеңбердің радиусын, центрін табыңыз.

ІІІ. Есте сақтау. «Формуланы білесің бе?»
Интертақтамен жұмыс.
Тапсырма: Формулаларды дұрыс орналастыру қажет.
1. Шеңбердің теңдеуі
2. Нүктелердің арақашықтығы
3. Кесіндінің ортасын табу формуласы
4. Пифагор теоремасы.
5. Қысқаша көбейту формуласы

4. «Білімді мыңды жығар» Есептер шығару

5.Біліміңді тексер./Оқушылар шығарған есептерін жұппен тексереді/

6. «Білгенге маржан» Есепті шығару тәсілдерімен бөлісу.

7.Қорытынды.

Үйге тапсырма

Бағалау.

© 2010-2022