Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында

Раздел Математика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жүзден жүйрік»

10-кластар арасында


Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайдтар.

Жоспары: 1- бөлім . «Бәйге»

2- бөлім. «Ғажайып жетілік»

3- бөлім. «Ұштап ойды тағы бір,

Тереңінен ойлай біл!»

4- бөлім. «Жеңіс таяу, қозғалма баяу»

5- бөлім. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

-Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы-заман талабы. Мектебіміздің болашағынан үлкен үміт арттыратын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылардың қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақырайык. (10-кластар арасынан 10 оқушы қатысады)

«Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды»- деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.

Сонымен, құрметті көрермендер «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайысымызды бастайық.

Сайысымыздың алғашқы туры «Бәйге».

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

(Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларымызға сұрақтар қойылады.

Кім бірінші белгі берсе сол жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.)


1-тур. Бәйге.

1. Екі вектор тең болады егер...

(олар бағыттас және ұзындықтары тең болса)

2. Функция аргументінің барлық қабылдай алатын мәндерінің жиыны...

(анықталу облысы)

3. Бұрыштың биссектрисасының бойында жатқан нүктелер...

(бұрыштың қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатады)

4. cosx=0 теңдеуінің жалпы шешімі. (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

5. Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетка қатынасы...

(сол бұрыштың тангенсі)

6. Егер іштей сызылған бұрыш жарты шеңберге тірелсе, онда...

(ол тік болады)

7. Екі бұрыштың айырмасының косинусы (сол бұрыштардың косинустарының көбейтіндісі мен синустарының көбейтіндісінің қосындысына тең)

8. Кез келген төртбұрышқа шеңбер сызуға болады, егер...

(оның қарама - қарсы қабырғаларының қосындысы өзара тең болса)

9. Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын қандай түзулер?

(перпендикуляр)

10.ІІ ширектің таңбасы?(-;+)

- Сонымен І-бөлімге белгіленген сұрақтар аяқталды.Есеп

комиссиясы сайыскерлердің алған ұпайларын санағанша музыкалық үзіліс

жарияланады. І-бөлімнің қорытындысы бойынша ұпайды ең аз жинаған 2- сайыскер ойыннан шығады.

Ойынымыздың келесі бөлімі «Ғажайып жетілік» деп аталады. Бұл бөлімде тақырып бойынша сұрақтар жасырынған. Қазір сайыскерлер кезекпен өздерінің қалауы бойынша сұрақтар таңдайды. Сұраққа жауабы әзір сайыскер белгі береді. Сол белгі берген сайыскер жауабын айтады, егер ол дұрыс жауап бермесе, басқа сайыскерге жалғастыруға болады. Дұрыс жауап берген сайыскер сұраққа бағаланған ұпайды алады. Және әрі қарай жалғастырады.


Тригонометрия



10


20


30


40



Үшбұрыштар



10


20


30



40


Сыр сандық құпиясы



10


20


30


40


Шеңбер



10


20


30


40


Функциялар



10


20


30



40



Формулалар әлемінде



10


20


30


40



Сандар сыры



10


20


30


40


«ТРИГОНОМЕТРИЯ»

10. Төртінші ширектегі бұрыштың тангенсінің таңбасы? (теріс)

20. 150Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында-тық бұрыштың синусы (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

30. 2sinМатематикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында өрнегінің мәні (2Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

40. cosx-1=0 теңдеуінің жалпы шешімі (х=2Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

«ҮШБҰРЫШТАР»

10. Үшбұрышты шешу деген не және оны шешуде қандай теоремалар жиі қолданылады? (Үшбұрыштың барлық элементтерін табу, косинустар теоремасы мен синустар теоремасы)

20. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгіҢ келсе, іздеп тауып алуға болады. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Екінші сыныпта - күрделі, ал оныншы сыныпта - тригонометриялық деп аталады. Бұл не? (Теңдеу)

30. Тең бүйірлі ұшбұрыштың табанына паралель орта сызығы 3см-ге тең, үшбұрыштың периметрі 16 деп алып қабырғаларын табыңдар? (6,5,5)

40. АВС үшбұрышының ауданы 60смМатематикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында-қа тең. Егер АС қабырғасының ұзындығы 15см, А бұрышының өлшемі 30Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында болса, онда АВ қабырғасының ұзындығы неге тең? (8см)

«СЫР САНДЫҚ ҚҰПИЯСЫ»

10. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (Дәптер)

20. Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ, кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғызады. Ал жоғары сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданады. Бұл не? (Калькулятор)

30. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура. Бұлай санның дәрежесі де аталады. Бұл не? (Квадрат)

40. Бұл зат әр үйде кездеседі. Біреулер оны қабырғаға іледі, енді біреулер үстел үстіндегі шыны астына қояды, ол зат, тіпті, сенің кітап-дәптерлеріңнің арасында да жатуы мүмкін. Ондағы мағлұмат бір жолға немесе бір бағанға тізбек түрінде жазылған. Оны жылдың соңында немесе басында міндетті түрде ауыстырып отыру қажет Бұл не? (Күнтізбелік)

«ШЕҢБЕР»

10. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл - басы да ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, тағы да басқа салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол құтқарушы деп аталады. Бұл не?» (Дөңгелек)

20. Шеңбер хордаларының қасиеті..(Егер шеңбердің екі хордасы қиылысса онда бір хорданың кесінділерінің көбейтіндісі басқа хорданың кесінділерінің көбейтіндісіне тең)

30. Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлері қайда жатады? (Іштей сызылған шеңбердің центрі биссектрисалардың қиылысу нүктесінде, сырттай сызылған шеңберлердің центрі орта перпендикулярдың қиылысу нүктесінде жатады)

40. Ұзындығы 36Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында-ға тең шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын тап. (324Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

«ФУНКЦИЯЛАР»

10. Графигі координаталық жазықтықтың бас нүктесіне қарағанда симметриялы функциялар қандай болады? (Тақ)

20. Қай функцияның графигі бірінші және екінші ширектің биссектрисаларынан тұрады? (у=|х|)

30. Қандай фигураның мәндер жиыны -1 - ден 1 - ге дейінгі аралықта жатады? (у=sinx. y=cosx)

40. у=хМатематикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасындаМатематикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасындаМатематикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасындафункциясының графигін ең алдымен 3 бірлікке оңға қарай, содан соң 6 бірлік жоғары жылжытты. Осы түрлендіру барысында қандай функцияның графигі шықты? (у=(х-3)Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында+6)

«ФОРМУЛАЛАР ӘЛЕМІНДЕ»

10. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табуға арналған формула? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

20. Центрі координаттары (1,-3) нүктесінде орналасқан, радиусы 4-ке тең шеңбердің теңдеуі? ((х-1)Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында+(у+3)Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында=16)

30. Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында (Дұрыс көпбұрыштың бір бұрышын табуға арналған формула)

40. Қос аргументтің тангенсі неге тең? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)


«САНДАР СЫРЫ»

10. Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында нешеге тең? (243)

20. Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында қандай сан? (иррационал)

30. Шеңбер ұзындығын оның диаметріне өрнектейтін сан? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

40. Көрермендер сұрағы: 37 санын 5 үштік арқылы жаз? (33+3+3:3)

Алғашқы екі бөлім бойынша қорытынды шығарылып, ұпайы аз төрт ойыншы ойыннан шығады.

-Ауыздан-ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ.

«Ұштап ойды тағы бір

Тереңінен ойлай біл!»-деп аталатын келесі бөлімде ойдың ұшқырлығын қажет ететін осындай есептердің бірі ұсынылады. Есепті шығаруға 6 минут беріледі, дұрыс жауап 50 ұпаймен бағаланады.

«Ағаш уықты, киіз туырлықты ауыл үйінің бас-аяғы 17 бас малы: жылқысы, сиыры, қойы болыпты. Үйдің ер азаматы боылп қалған баласы дамыл таппай жүріп қыстау басына мая-мая шөп жинап алады. Қыс түсіп мал қораға қараған кезде ол анасынан «Әр түлікке қанша баудан шөп салайын?» деп сұрайды. «Күн сайын әр жылқының алдына 6, әр сиырға 4, қой басына 2 баудан салсаң, мал қыстан қысыла қоймайды»-дейді анасы.

«Жарайды»-деп бала малдарға шешесінің айтқанындай етіп бау-бау шөпті салып келеді. «Барлық малға қанша бау салдың балам?»-дейді оған анасы. «Барлық жылқыға қанша бау шөп салсам, барлық сиырға сонша бау шөп салдым. Ал жылқы мен сиырды қоса есептегенде барлығына кеткен бау саны барлық қойға салынған бау санымен бірдей болды»-дейді. «Дұрыс болған екен, енді күнде шөпті осылай салып тұрғайсың»-дейді анасы.

Бұл үйдің неше жылқысы, неше сиыры, неше қойы болған екен?

(2 жылқы, 3 сиыр, 12 қой. Себебі: 2∙6+3∙4+12∙2=48)

Сайыскерлердің берген жауаптары тексеріліп, қорытынды жасалады. Өткізілген бөлім бойынша ұпайы аз ойыншылар шығып, 2 ойыншы қалады. Нағыз дарынды анықтау үшін олармен ойынның

«Жеңіс таяу,

Қозғалма баяу» деп аталатын соңғы туры өткізіледі. Әрқайсысына жеке сұрақтар қойылады. 1 минутта қанша сұраққа жауап беріп үлгерсе сонша ұпай алады.

1-сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Бағытталған кесінді? (вектор)

2. Ең кіші жай сан? (2)

3. 30Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында бұрыштың тангенсінің мәні? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

4. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? (жанама)

5. 1 радиан неше градусқа тең? (57,3Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

6. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы? (180Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

7. Ромбтың ауданы? (диагональдарының көбейтіндісінің жартысы)

8. Центрі координаталық жазықтықтың бас нүктесінде жатқан шеңбердің теңдеуі? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

9.Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі?(Р. Декарт)

10. 300-дің 25 проценті? (75)

2-сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

2. Ең кіші натурал сан? (1)

3. 60Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында бұрыштың тангенсінің мәні? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

4. Үшбұрыштың пропорционал қабырғаларының атауы? (ұқсас)

5. Қай ширекте косинус пен синустың таңбалары бірдей? (І және ІҮ)

6. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)

7. Сos2α неге тең? (Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында)

8. Үшбұрыштың қабырғасына параллель және оның жартысына тең болатын не? (үшбұрыштың орта сызығы)

9. Квадраттық функцияның графигі? (парабола)

10. Мектепте оқытылатын геометрия пәнінің негізін салушы? (Евклид)

Қорытынды: Өткізілген білім сайысының қорытындысы жасалып, «Жүзден жүйрік» атағына ие болған оқушы марапатталады.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет!


© 2010-2022