Открытый урок по математике

Сабақтың тақырыбы:         Квадрат теңсіздіктер Сабақтың мақсаты: 1.  Теңсіздіктер ұғымы және оны шешу жолдарын  жинақтап қорытындылау; 2. Cызықтық   және   квадраттық    теңсіздіктер  мен оған  келтірілетін теңсіздіктерді, модуль белгісімен алынған теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесін  шешу  білім,  білік    дағдысын      қалыптастыру; 3.  Оқушы бойында мақсатқа жету үшін қажетті  қасиеттерді    тәрбиелеу, өз білімдерін  бағалауға       көмектесу  Сабақтың түрі:қорытынды сабақ Сабақтың көрн...
Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№26 мектеп-гимнясы


Ө Өткізген: Такирова Н.Т.

01 2015жыл

АШЫҚ САБАҚ Тақырыбы: «Квадрат теңсіздіктер»





Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктер

Сабақтың мақсаты:

1. Теңсіздіктер ұғымы және оны шешу жолдарын жинақтап қорытындылау;
2. Cызықтық және квадраттық теңсіздіктер мен оған келтірілетін теңсіздіктерді, модуль белгісімен алынған теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесін шешу білім, білік дағдысын қалыптастыру;
3. Оқушы бойында мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттерді тәрбиелеу, өз білімдерін бағалауға көмектесу

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, магнит, плакат,маркер

Сабақтың әдісі: жобалау, оқыту технология

Сабақтың кезеңі

І. Ұйымдастыру( Жоқ оқушыларды белгілеу,сабақа дайындығын тексеру,

оқушыларды 4топқа бөлу )

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Бақылау сұрақтары

1. Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады?
2. Квадрат теңсіздікті шешу кезінде қолданылатын ұғымдар қандай?
3.Квадрат тңсіздікті шешудің әдістері?

4. Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шешеудің мағынасы неде?
5. Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешудің мәні неде?
6. Сызықтық теңсіздік деген не?

7.Теңдеу деген не?

Адамзат баласы пайда болғаннан бері үнемі теңсіздік үшін күресте өмір сүріп келеді. Осы күрестің арқасында ғасырлар бойы өмірде өзгерістер,ғылымда алға деген өрлеу пайда болып жатыр. Бір сөзбен "теңсіздік" -өмірді өзгеріске ұшырататын құбылыс деп айтуымызға болады. Осы теңсіздікке қарсы тұру үшін біз дұрыс шешім қабылдауымыз қажет. Яғни математикалық теңсіздіктер шешу қоғам дамуымен үндесіп жатыр. Теңсіздікті шеше отырып, біз өзіміздің мақсаттарымызды анықтап, жоспарларымызды орындаймыз...Теңсіздіктің шешімі белгілі бір аралық болғандықтан, кез келген заңдылық белгілі бір ортада ғана орындалады. Бұл шындық - өмірдің талабы...
Ендеше, теңсіздіктерді шешіп үйренейік!

2. Жобалау, оқыту технология

(пайдаланып парабола әдісін І,ІІ,ІІІ жағдай және интервал әдісі тексеру 4 топқа плакат,маркер таратылады.Оқушылар ойланып, берілген тапсырмаларын тақтаның алдында қорғайды)

3.Сәйкестендір Открытый урок по математике

ІІІ. Есептер шығару

1."Білім биржасы" ойыны

(тақтада 3 конверт ілінеді, оларда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай тапсырма алып,дайындалып, есептерді шығарып,қойылған сұраққа жауап береді)

Открытый урок по математике

ІҮ. Тест жұмысы

Тест тапсырмалары

1. х²-х-6<0 теңсіздігінің графиктік шешімін көрсет.

Открытый урок по математике

2.Толықтыр. -2х²-0,5х-10,5≤0 теңсіздігінің графиктік шешіміндегіпарабола тармақтары ............... қарай бағытталады.

3. Теңсіздіктің шешімін тап:

х(х-1)(х+2)<0

4.Сөйлемді дұрыс құра:

1.тармақтары 2. және 3. D>0 4. егер 5. парабола 6. a>0 7. жоғары 8. онда 9. болса 10.бағытталады

5.Квадраттық функцияның графигі............. деп аталады.

Жауаптары

1:А 2:төмен 3: (-∞;2 )(0;1 ) 4:4-3-2-6-9-8-5-1-7-10 5:парабола

Ү. Бағалау (оқушылардың әр дұрыс жауаптары житонмен бағаланады )

ҮІ. Үйге тапсырма (№ 314 (3) №317(4) )


© 2010-2022